Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жұмыс орындарын құру мониторингі және жоспарлау



Жұмыс орындарын құру мониторингі және жоспарлау

 

 Қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігіне болжам жасаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңірлер мен жекелеген мамандықтар бөлінісінде 2020 жылға дейін жұмыс орындарын құру бойынша сандық көрсеткіштер болжанатын болады.

Әзірленетін мемлекеттік (салалық) бағдарламалар жұмыс орындарын құру бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі –Бағдарлама операторы) келісіледі.

Орталық мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мәлімделген жобалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарларын Бағдарлама операторымен келіседі.

Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген жобалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарларын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келіседі.

Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарларда мемлекеттік және жеке инвестициялар:

1) мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдаумен коммерциялық жобалар;

2) жеке бастамалар шеңберінде (мемлекеттің қолдауынсыз) жобаларды іске асыру;

3) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жобаларды іске асыру;

4) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен салу және реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру;

5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы құрылатын жұмыс орындары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

 Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде, оның ішінде республикалық меншіктегі объектілерге әлеуметтік-мәдениет объектілерінің құрылысы кезінде кемінде 30 %, әлеуметтік-мәдениет объектілерін реконструкциялау кемінде 40 %, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 % инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.

Аталған инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған жағдайда аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда сырттан қосымша еңбек ресурстарын тартуға жол беріледі.

Қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылына екі рет (есепті жылдың 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жай-күйі бойынша) 5 қаңтарда және 5 шілдеде Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс орындарын құру жоспарларын ұсынады.

Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар қалалардың және аудандардың Жұмыспен қамту карталарында көрініс табатын болады.

Облыстардың жергілікті атқарушы органдары жылына екі рет (есепті жылдың 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жай-күйі бойынша) 10 қаңтарда және 10 шілдеде орталық мемлекеттік органдарға жетекшілік ететін салаларға сәйкес жұмыс орындарын құру жоспарларын ұсынады.

Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар облыстардың Жұмыспен қамту картасында көрініс табатын болады.

Мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыратын орталық мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалары бойынша орталық мемлекеттік органдардың жоспарларын ескере отырып, жұмыс орындарын құру жөніндегі жиынтық деректерді қалыптастырады әрі 25 қаңтарда және 25 шілдеде Бағдарлама операторына ұсынады.

Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар республикалық Жұмыспен қамту картасында көрініс табады.

Өңірлердің Жұмыспен қамту картасын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты Бағдарлама операторы бекітеді.

Жұмыспен қамту карталары еңбек нарығын болжауды, мониторингін жүзеге асыру және еңбек ресурстарына сұраныс пен ұсынысты теңгерімдеуге жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында жасалады және бесжылдық перспективаға жылдар бойынша және әрбір аудан, облыстық бағыныстағы қала, облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша толтырылады.

Орталық мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалары бойынша және жергілікті атқарушы органдар ұсынылған жоспарларға сәйкес жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) отырысында:

1) республика бойынша және өңірлер бөлінісінде жұмыс орындарын құру жоспары қаралады және мақұлданады;

2) жыл қорытындысы бойынша облыстардың әкімдері жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейі және кедейлік жоспарын іске асыру және Бағдарламаны іске асыру бойынша есеп береді;

3) жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының салалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарын іске асыру туралы есептері тыңдалады.

Бағдарлама операторы жұмыс орындарын құру және республика бойынша еңбек нарығындағы ахуалға мониторинг қорытындысы бойынша есеп береді.

Жұмыспен қамту карталарының іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама операторы «Жұмыспен қамту картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлейді.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Бағдарлама операторы, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары мынадай бағыттар бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады:

1) бос орындардың және Бағдарламаға қатысушылардың деректер қорына қолжетімділік беру;

2) Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге консультация беру;

3) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Қойылған міндеттерді шешу мақсатында Бағдарлама операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.