|
|||
Жұмыспен қамту 2020 жол картасыЖұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және нысаны мен индикаторлары Бағдарламаның мақсаты Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу Бағдарламаның нысаналы индикаторлары 2016 жылға қарай: 1) кедейлiк деңгейi 6 %-дан аспайтын болады; 2) жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын болады; 3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды; 2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады. Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қамтылғандардың (санаттар бойынша жалпы санындағы) үлес салмағы: 1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2013 жылы – 4,0 %, 2014 жылы – 4,8 % және 2015 жылы – 7,0 %; 2) жұмыссыздар 2013 жылы – 44,0 %, 2014 жылы – 52,5 % және 2015 жылы – 78,8 %; 3) күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi (тартылған) 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % болады. Бағдарламаның мiндеттерi
Бағдарламаның негізгі міндеттері: 1) экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету; 2) жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру; 3) Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету; 4) кәсіпкерлік белсенділікті дамыту; 5) облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру; 6) жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау; 7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен нәтижелі қамтуды арттыру, олардың мәртебесін заңдастыру; 8) әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; 2) кәсіпкерлікті дамыту арқылы: жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау; тірек ауылдарды кешенді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру; 3) жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
|
|||
|