Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тірі заттың негізгі қасиеттері



Тірі заттың негізгі қасиеттері

Тірі зат бірқатар өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып, биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады.

Тірі затқа тән қасиеттер:

1) биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады;

2) тірі және өлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді (тірі затта реакциялар мыңдаған, кейде миллион есе жылдам жүреді);

3) тірі затты құрайтын химиялық қосылыстар – болаттар, ферментте және т.б, - тек тірі организмдерде ғана түрақты болады;

4) биосферадағы кез келген тірі затқа тән қасиет ерікті қозғалу;

5) тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялық және химиялық көптүлілікпен сипатталады. Тірі заттың құрамына кіретін 2 млн.-нан астам органикалық қосылыстар белгілі, ал өлі табиғаттың табиғи қосылыстарының саны шамамен 2 мың.

6) Биосферадағы тірі зат мөлшері әр түрлі жеке организм түрінде болады. Ең Ұсақ вирустардың мөлшері 20 нм-ден (1 нм= 10-9м) аспаса, ең ірі жануар – киттердің Ұзындығы 33 м-ге, ең биік ағаш секвойя – 100 м-ге жетеді.

Тірі заттың негізгі биологиялық функциялары:

1) Энергетикалық функциясы. Биосфералық- планеталық құбылыстардың космостық сәулеленумен, негізінен күн радиациясымен байланысын жүзеге асырады. Бұл функцияның негізінде жасыл өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметі жатыр. Фотосинтез процесінде күн энергиясының жинақталуы және оның биосфераның жеке компоненттері арасында таралуы жүзеге асырылады. Күн энергиясының жинақталуы есебінен жердегі барлық тіршілік құбылыстары жүреді;

2) Газдық функциясы. Газдардың миграциясы мен өзгерісін жүзеге асыра отырып, биосфераның газдық құрамын қамтамасыз етеді. Жердегі газдардың басым бөлігінің шығу тегі – биогенді тірі заттың тіршілік процесінде негізгі газдар, азот, оттегі, көмірқышқыл газы, күкіірт- сутек, метан және т.б. түзіледі;

3) Концентрациялық функция. Қоршаған ортаның биогенді элементтерін тірі организмдердің жинауынан көрінеді. Тірі заттың құрамында жеңіл элементердің атомдары: сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний, калий, кальций, кремний, күкірт, хлор, алюминий басым болады. Бұл элементтердің тірі организмдер денесіндегі концентрациясы сыртқы ортамен салыстырғанда жүздегенжәне мыңдаған есе артық. Биосфераның химиялық құрамының әртүрлілігімен оның өлі заттан айырмашылығын осы себеппен түсіндіруге болады;

4) тотықу дәрежесі өзгермелі атомдары бар заттардың химиялық өзгерістері (темір, марганец және т.б.). Жер бетінде тотықу мен тотықсызданудың биогенді процестері басым болады;

5) Деструктивтік функция. өлекселердің ыдырауымен байланысты процесстер. Оның нәтижесінде органикалық заттың минерализациясы жүреді. Нәтижеде биосфераның биогенді және биокостық заттары түзіледі;

6) Орта түзуші функция. Тіршілік процестерінің нәтижесінде ортаның физико- химиялық жағдайы да өзгереді. В.И.Вернадский: организм ортаға тек өзі бейімделіп қана қоймайды, ол ортаға организмге бейімделеді – деді; Бұл қоршаған ортаның биотикалық реттеушісі болып табылады.

7) Тасымалдаушы функциясы. Ауырлық күшіне қарсы, горизонталды бағытта заттардың тасымалдануы жүзеге асырылады. Тірі заттардың кері – төменнен жоғары, мүхиттан континенттерге тасымалдауын қамтамасыз ететін бірден- бір фактор. Осының нәтижесінде олар биохимиялық циклдың жоғарғы бүтағын жүзеге асырады.

Биосфера (грек сөзінен Dcos тірішілк + sphaіra шар) атмосфераның төменгі бөлігі, барлық гидросфера, литосфераның жоғарғы бөлігін тіршілік етеін тірі организмдердің іс- әрекеттерінің жиынтығының нәтижесінде геохимиялық процестер жүретін жердің активті қабығы. Онда тірі заттармен бірге қатты заттар да өзара әсерлерді жүргізеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.