Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ



ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Лекция – 5

Тақырыбы: Биосфераның тұрақты жағдайы және эволюциясы

 

Әдебиеттер:

1. Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд.5-е, доп. и переработ. изд. «Феникс, 2003. -576

2. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. -566 с.

3. Воронский В.А. Экология: Словарь-справочник. Феникс. 1996. – 574 с.

4. Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология –Алматы: «Агроуниверситет, 1999.

5. Бейсенова Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық. – Алматы: «Ғылыми баспа орталығы, 2004. -328 б.

6. Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Алматы, 2007.-312б.

 

В.И.Вернадскийдiң Биосфера туралы iлiмi

Биосфера терминiн қолданбай тұрып француз жаратылыстанушысы Ш.Б.Ламарк (1744-1829) ХIХ қасырдың басында биосфера түсiнiгiн ғылымда қолданған. ХIХ ғасырдың аяғында, 1975ж Австралия геологы Э.Зюсс барлық организмдердiң жиынтығы бар атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарын жердiң ерекше биосфералық қабықшасы деп атады. ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера iлiмiн жетiлдiрдi. 1926 ж В.И.Вернадскийдiң «Биосфера» атты кiтабында биосфераға толық түсiнiк берiлдi. Кейiнен Жердегi биосфералық химиялық құрылымы және оның қоршаған ортасы деген монографиясы шықты. Онда биосфера концепциясының негiзгi қағидаларын тұжырымдады. В.И. Вернадский жер қыртысының бүкiл геологиялық тарихы бойында тiрi организмдердiң әсерiне ұшыраған барлық қабаттарды биосфера түсiнiгiне енгiздi. Әдетте биосфера шартты түрде 4 ірі кешенді қарастырылады – атмосфера, литосфера, гидросфера және тірі ағзалар.

Атмосфера – бұл қабатталған құрылысы бар және бірнеше сфералардан тұратын, жердің өзімен бірге айналатын газ қабығы, биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера құрамын азот (78.08%), оттегі (20.95%), көмірқышқыл газы (0.03%) және аз мөлшерде (0.01%) басқа газдар құрайды.

Тропосфера– атмосфераның Жер бетінен 9 (полюсте)-15км (экваторда) қашықтықта орналасқан аумағы. тропосферада атмосфера массасының 80% және бүкіл су булары жинақталған.

Стратосфера – тропосфераның жоғарғы шегінен жоғары қарай 50км арақашықтықта орналасқан атмосфера аймағы. Бұл аймақта озон қабаты бар.Озон қабаты барлық тіршілік иелеріне өте қауіпті күннің ультрафиолетті сәулелерін Жерге қарай өткізбейді. Сондықтан да, бұл қабатты қалқан деп атаймыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.