Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нормативтік және нақты шығындар есебі



2. Нормативтік және нақты шығындар есебі

    Нормативтік басқару есебін өндіріс шығындарын нормативтік жоспарлау және есепке алу жүйесі ретінде қарастырады.

   Осы жүйенің негізгі элементтері: мұқтаждықты мөлшерлі анықтау; материалдық, еңбек, өндіріс құралдары және қаржы ресурстарын жарату және пайдалану; экономикалық тиімділікті мөлшер негізінде жоспарлау, есепке алу және бағалау.

   Нормативтік есеп кезінде өнімнің өзіндік құны кәсіпорындағы есеп беру мерзімінің басында қолданылған материалдар, еңбекақы және басқада шығындар мөлшері негізінде алдын ала есептеледі.

        Нормативтік әдіс бойынша жұмысты ұйымдастыру табыс табумен байланысты материал, еңбекақы және басқа шығындарды анықтау мақсатындағы технологиялық және нормативтік картаны жасаудан басталады.

   Нормативтік картаның негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляция жасалады. Ол қолданыстағы өндіріс технологиясынан, уақыт нормасынан, еңбекақыны бағалаудан, жартылай дайын өнім шығындарының нормасынан, үстеме шығындар сметасынан жасалады.

                         

                       Нормалар, нормалардың өзгеруі

 

     Норма – бұл өнімдердің, шалафабрикаттардың, бөлшектердің бірлігін дайындаудағы материалдық құндылықтар мен еңбек шығындарының ең жоғары мөлшерде жұмсалуы мүмкін көлемі.

   Нормалар өзгеруі мүмкін. Әдетте норманың өзгеруі арнайы құжатпен көрсетіледі. Хабарлама қағаздың негізінде нормативтік калькуляциядағы өзгеріс келесі айдың басынан еңгізіледі. Хабарламаның негізінде шаралардың, себептердің орындаушылар тұрғысында осы өндірістердің жедел есебі ұйымдастырылады.

 

 

Нормадан ауытқулар, өндіріс шығындарының жиынтық есебі

   Нормадан шегеніс болуы мүмкін, оларды ауытқу деп атайды. Нормадан ауытқуды анықтауда және құжаттармен көрсетудің толықтық дәрежесі бойынша құжатталған және құжатталмаған деп бөлінеді.

   Шикізаттар мен материалдар шығындарының ауытқуы бірнеше тәсілдерімен анықталады: құжаттаумен, партия бойынша ашып көрсету есебімен және түгендеу әдісімен.

   Нормативтік әдісте өндіріс шығындарының жиынтық есебі және соған сәйкес есептік регистрлары өнімдердің жеке түрлері немесе біртекті топтары бойынша және нормадан ауытқу, норманың өзгерісі бойынша шығындардың калькуляцияық баптары негізінде жүргізілуі керек

 

Шығындар есебінің нормативтік әдісін ұйымдастырудың үш варианты болады:

1. Нормативтік шығындарды есепке алу:

Нормативтік шығындар + нормативтік шығындардан ауытқу = нақты шығындар

 

2. Нақты және нормативтік шығындардың есебін бір мезгілде жүргізу:

Нақты шығындар - нормативтік шығындар = +  ауытқу

 

3. Есепті аралас өдіспен жүргізу:

Калькуляциялық есептеулердің әдістемесі екі жолдың біреуін пайдалануды меңзейді:

 

- есеп беру мерзім ішінде анықталған нормадан болған ауытқуды толығымен өнімнің өзіндік құнына жатқызу;

- мөлшерден болған ауытқуды дайын өніммен аяқталмаған өрдіріс арасында бөлу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.