Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясының  мақсаты



 

                           

 

                    Тақырып : Нормативтік калькуляция

 

 

Сабақтың мақсаты:  

Студенттерді өндіріс шығындарын есептеп өнімнің өзіндік құнын анықтаудың нормативтік әдісімен таныстыру, артықшылығы мен кемшіліктерін көрсету. Өнімнің өзіндік құнын есептеуді үйрету.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясының мақсаты

2. Нормативтік және нақты шығындар есебі

3. Нормативтік шығын есебіәдісі мен «стандарт-кост» жүйесін салыстыру

 

 

Өткен тақырыптардың сұрақтары:

 

  1. Шығарылған өнімнің өзіндік құнын және алынған кірісті табу үшін шығындар жіктемесін атаңыз.
  2. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не?
  3. Өнімнің өзіндік құнының түрлерін атаңыз
  4. Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын анықтаудың объектілері дегеніміз не?
  5. Калькуляциялық жұмыстың принциптері.

 

                                                                   Бұл не?

 

  1. Бір ұйым шеңберінде басқару персоналының ұйым қызметін жоспарлау, басқару, бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз ететін қызмет түрі.
  2. Қолда бар ресурстарды сатып және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн.
  3. Өнім өндіруге және аяқталмаған өндіріспен байланысты өткізуге дейінгі шығындар.
  4. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және бухгалтерлік есептің әдістерінің бір элементі.
  5. Шығындарын бақылау және басқару мақсатында өндіріс шығындарын жоспарлайтын, мөлшерлейтін және есебін жүргізетін құрылымдық бөлімше

  

Жауабы:

1) Бухгалтерлік басқару есебі

2) Шығындар

3) Өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар

4) Калькуляция

5) Шығынның пайда болу орталығы немесе орны

 

1. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясының  мақсаты

         Шығындарды басқарудың нормативтік жүйесі көп процедуралардың жиынын көрсетеді: олар материалдарды мөлшерлеу, жоспарлау, өндіріске жұмсау, ішкі есеп беру формаларын құрастыру, өнімнің өзіндік құнын табу, шығындардың мөлшері негізінде экономикалық талдау мен тексеруді жүргізу.

   Бұл жүйенің негізгі мақсаты - өндірістік факторларды толық пайдалану және шаруашылықты тиімді жүргізу.

 

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады.

 

Ø шарушылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақтылы ескерту;

Ø өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

 

   Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс кезінде олардың ауытқуын алдын ала анықтауды көздейді.

   Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады.

 

 

Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Кәсіпорын қолданыстағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау;

2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және іс-шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау;

3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі;

4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау;

5. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын нормативтік өзіндік құн мен нормадан ауытқудың және норманың өзгеруінің сомасы ретінде анықтау.

 

 

Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

 

Ø сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

Ø жоспармен үйлеспейтін операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын яғни схемасын жасау.

Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет;

Ø шешім қабылдауға пайдаланатын болашақта болатын шығынды болжау;

Ø тауарлы-материалдық құндылықта қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

Ø қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу

 

 

Нормативтік есеп әдісінің мәні:

Ø кәсіпорынның алдына қойған мақсатын қамтамасыз ететін нормалар (мөлшер) негізінде шығындарды жоспарлау;

Ø нормамен нормативтер арқылы әртүрлі ресурстарды  өндірістік мақсаттарға  пайдалануға рұқсат беру кезінде шығындарды құжаттау;

Ø бухгалтерлік есеп шоттарында шығындарды норма бойынша көрсету;

Ø өнімнің өзіндік құнын мөлшер( нормалар)бойынша табу, ал нормадан ауытқуды олардың пайда болуына қарай бухгалтерлік есепте өндіріс нәтижесінің көбеюі немесе азаюы ретінде көрсету;

Ø басқарудың әрбір деңгейінде өзіндік құнның қалыптасу процесіне шапшаң араласу мақсатында басқарудың төмендегі персоналы аутқуды анықтайды.

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.