Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АКТИВ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕ



      АКТИВ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕ

 

   2. Бухгалтерлік баланстың түрлері

 

   Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына және қолданылу барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.

актив = меншікті капитал

   Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.

 

   Кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс деп аталады.

 

   Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар уақытта жасалады. Жойылу балансын екі түрге бөлуге болады, ұйымның жабылуына байланысты және ұйымның жабылғандығын қорытындысын бағалау үшін құрастырылатын баланс.

 

 

3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

 

   Кәсіпорындағы күнделікті орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады.

 

   Бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт типке бөледі.

1 – типкежатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тен қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы:  Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін кассаға 500 000 теңге алынды.

 

      Актив сома             Пассив сома
Айдың басындағы жиынтық сома   Кассадағы қолма-қол ақша (1010)   Ағымдағы есеп айырысу шоты (1030)     900 000     +500000     -500000 Айдың басындағы жиынтық сома
Айдың соңындағы жиынтық сома 900 000 Айдың соңындағы жиынтық сома 900 000

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.