Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лекция-3. Бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы.. Бухгалтерлік баланстың түрлері.. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұш



Лекция-3

                                    Бухгалтерлік баланс

1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы.

2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

                   

1.  Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы.

   Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып – бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен аударғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді.

 

   Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның мүлкін ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге екі топпен: түрлері мен орналасуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

   Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс екі жақты кесте, оның сол жағында мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады. Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс.

   Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік баланстың активбөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві – деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. 

 

   Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталады, екінші және үшінші бөлімдері ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады.

 

        «ӨТЕГЕН» фирмасының 2011 жылдың 1 қаңтарына

           БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ (өлшем бірлігі мың тг)

   Активтері сомасы         Пассивтері сомасы
                1 2                 3 4
Қысқа мерзімді  активтер:   Қысқа мерзімді міндеттемелер:  
Материалдық қор Бюджетпен есеп айырысу
Дайын өнімдер Бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу
Тауарлар Жабдықтаушылармен есеп айырысу
Аяқталмаған өндіріс Жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу  
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар Жиыны
Қысқа мерзімді қаржы салымы Ұзақ мерзімді міндеттемелер:  
Алдағы уақыт шығындары Ұзақ мерзімді несие
Берілген аванс Ұзақ мерзімді қарыз
Ақша қаражаттары Жиыны
Жиыны Меншікті капитал:  
Ұзақ мерзімді активтер:   Жарғылық қор
Материалдық емес активтер  20000 Резервтік қор
Негізгі құралдар Бөлінбеген пайда немесе зиян
Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция) Жиыны
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш    
Жиыны    
БАЛАНС ВАЛЮТАСЫ БАЛАНС ВАЛЮТАСЫ

 

   Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жолы( бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады.

 

   Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады.

                           БАЛАНСТЫҚ ТЕҢДЕУ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.