Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кірістер мен шығыстар туралы есеп



Кірістер мен шығыстар туралы есеп

мың теңге

Көрсеткіштердің атауы Бет коды Есептік кезең үшін Өткен кезең үшін
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс    
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны    
Жалпы пайда (бет 010- бет 020)    
Қаржыландырудан түскен кірістер    
Өзге де кірістер    
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар    
Әкімшілік шығыстар    
Қаржыландыруға арналған шығыстар    
Өзге де шығыстар    
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі    
Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)    
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)    
Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)    
Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар    
Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)    
аздық үлесі    
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)    
Акцияға арналған пайда    

 

4. Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құрылады және есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.

Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендациясының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің 14.02.2003 жылғы №61 бұйрығы) түсіндіруі бойынша, операциялық қызмет – табыс алу бойынша заңды тұлғаның қызметі және қаржылық, инвестициялық қызметтерге қатысы жоқ қызметтер.

Бізге белгілі, халықаралық практикада ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама. Құру әдісі ұсынылатын ақпараттың мазмұнынан білінеді. Екі әдістің бірде-біреуі қай елде болмасын жалғыз емес, әрі міндетті емес.

Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады. Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады. Ақша қоғалысы туралы есеп берудің әдісі де пайдаланушыларға қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық және қаржылық қызметтерден қызметтер туралы мәліметтер. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:

- ақшалардың түсімі:

- материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;

- ақшалардың шығыстары:

материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;

Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:

1. ақшалардың түсімі:

акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;

2. ақшалардың шығыстары:

банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;

Есеп айрысулардың, әртүрлі әдістерді қолданумен жұмыс кестелерінің көлемі мен құрылымы Қазақстан Республикасы Қаржы миинстрлігінің бухгалтерлік есеп саласына байланысты қабылдаған шешімдеріне сәйкес әрқашанда ауытқып отырады. Көпшілігінде, қазіргі уақытта қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда талдамалық сипаттағы жұмыс кестелерінің әртүрлі варианттары бар.

5. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:

Осн + По – Ио = Оск ,

Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);

Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);

Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.

Жылдық қаржылық бухгалтерлік есептемеге түсіндірме жазба – бұл негізгі аналитиалық құжат, оны кәсіпорындар жасайды. Ережеге сай, ол шаруашылық жүргізуші субъект жайлы, оның қаржылық жағдайы туралы, берілген мәліметтерінің есеп беру кезең мен алдыңғы кезеңдермен салыстырмалығы туралы ақпараттарды жинақтайды. Бірінші кезекте ол түсіндірме жазбаларда есеп беру кезеңдерінде субъект қызметтеріне оң және теріс әсер еткен негзгі себептерді ашу арқылы бизнес жоспардың барлық бөлімдері бойынша орындалуына қысқаша бағалау жүргізізіледі. Одан басқа, онда жылдық бухгалтерлік есептемеде көрсетілмеген мәліметтер келтірілуі керек, яғни өткізудің географиялық нарықтары және қызмет түрлері бойынша өнімді (жұмысты, қызметті) көлемдері туралы қосымша мәліметтерді қамтиды.

Ұйымның қаржылық есептемесіне тіркелетін түсініктеме жазбалар төмендегілерді орындауы тиіс:

1. Маңызды операциялар және оқиғалар үшін қолданылатын және таңдалған есеп сасатын және қаржы еептемесін даярлау негіздері туралы ақпараттарды ұсыну;

2. Бұрын ешқандай қаржы есептемеде көрсетілмеген, ҚЕХС талап ететін ақпараттарды ашу;

    3. Қаржы есептемеде көрсетілмеген, бірақ шынайы мәліметтер үшін қажетті қосымша ақпараттармен қамтамасыз ету.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.