Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып 15. Қаржылық есеп беруді дайындау



Тақырып 15.              Қаржылық есеп беруді дайындау

1. Қаржылық есеп берудің нысандары

2. Бухгалтерлік баланс

3. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме

4. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме

5. Меншікті капиталдағы өзгеріс

 

1. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызды ролі бар. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдердегі есептік тізімдерде жинақталған бастапқы құжаттардың деректері бойынша жасалуға тиіс. Есептік тізімдерде талдау деректері болуға тиісті екендігін есте ұстау керек, оларда есеп беру үшін қажетті жыл басындағы және аяғындағы ақпарат жинақталады.

2.Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.

 

3. Бухгалтерлік баланс сияқты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қабылдаған “Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру” қаржылық есеп беруді ұсыну үшін аса маңызды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.