Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сциентистікке қарсы бағыттар.



сциентистікке қарсы бағыттар.

1. Неопозитивизм және постпозитивизм философиясы.

2. Қазіргі батыс философиясындағы технократиялық концепциялар.

3. Франкфурт мектебінің философиялық идеялары.

4. Постмодернистік философия.

Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі. XX ғасырдың 20 жылдарында қалыптасқан. Алғашында ол «логикалық атомизм», кейіннен логикалық позитивизм, аналитикалық философия деп аталады.

Аты әртүрлі болғанымен, олардың мәні бір – бұнда зерттелетін, талқыланатын мәселенің логикалық – лингвистикалық жағы қарастырылады.

Бұл ағымның көрнекті өкілдері – Р.Карнап, К.Гедель, Ф.Франк, О.Нейрат, тағы басқалар ғылыми философиялық білімді жаңартудың бағдарламасын ұсынды. Оларды ғылымның құрылымы, ғылыми тұжырымдардың эмпириялық және теориялық деңгейлері, бұл тұжырымдардың ғылыми мәнін анықтайтын өлшемдер, ғылыми білімнің құрылымы сияқты сұрақтар қызықтырды.

Ғылыми білімді ғылыми емес білімнен бөлетін негізгі өлшем – тұжырымдарды тәжірибеде сынау, осы мақсатты орындау үшін неопозитивистер верификация принципін ұсынды.

Верификация дегеніміз – ғылыми ақиқат пен деректерді эмпириялық тексеру арқылы айқындауға болады деп есептейтін әдістемелік концепция.

Верификацияның көмегімен тілдің сыни талдауын жасай отырып, логикалық позитивистер тілді тазалау жұмысын жүргізіп, жетілген тілді жасауға тырысты. Осындай тілді құрастыру идеясын австриялық философ Л. Витгенштейн «Логикалық - философиялық» еңбегінде дамытты. Бұл еңбегінде ғалым жетілген таза тілді дамыту концепциясын баяндаған, оның үлгісі математикалық логикалық тіл деп есептелінген.

Философия – тек тілдің талдауы немесе ғылымның тілі түрінде өмір сүреді делінген. Сөйтіп, логика мен тіл алдыңғы қатарға шықты. Мұның бірнеше себептері бар.

Біріншіден, XX ғасырдың басында математиктерге көздескен қиындықтар. Математика туралық пен дәлдіктің образы болып келген. Күтпеген жерден математиктердің өзі қайшылықтар мен парадокстарға жолықты. Бұл қиыншылықтың түпкі себептері математиканың негіздерінде жатыр. Логика мен жасанды тілдер математиканың негізін құрайды, яғни оны талдап құру керек. Б.Рассел мен Г.Фреге осымен айналысты.

Екіншіден, аналитикалық талдау Англия университеттерінде қанат жайып кеткен идеализмге қарсылық ретінде қалыптасты.

Философияның негізінде абстрактілі ойлар мен әсерлер емес, нақты іс - әрекетті бейнелейтін тілдер жатуы керек. Философия адам үшін сыртқы фактілерді бейнелейтін тұжырымдармен байланыстырылады.

Аналитикалық философияның дамуы ғылымнан философиялық сипаттағы сұқартарды алып тастап, оны ғылыми танымның методологиясына айналдырудың жеткіліксіз екендігін көрсетті. Соңғы жылдары онтологиялық, гносеологиялық, жалпы социологиялық мәселелерге қызығушылық күшейе түсті.

Талдау философиясының өз ішіндегі дағдарыс постпозитивистік бағыттың қалыптасуына әкелді.

И.Лакатос, К.Поппер, Т.Кун шығармашылығында ғылым философиясының маңызды мәселелері қойылды.

И.Лакатос ғылыми – зерттеулер бағдарламасының методологиясын ұсынды. Ғылымның дамуы – бір – бірімен байланысқан теориялардың ауысу процесі. Ол зерттеудің нормативті қағидаларын түсіндіреді, оған болашақты болжау мен эвристика кіреді. Бұл бағдарламаның құрылымдық элементтері – мықты өзек және қорғаушы тетік. Мықты өзек дегеніміз – ғылымның салыстырмалы жоққа шығаруға болмайтын іргелі негіздері, қорғаушы тетік дегеніміз - өзекті қорғайтын қосалқы болжамдар жүйесі.

Т.Кун белгілі ғылыми қауымдастықтың ғылыми іс - әрекетінің моделін жасады. Оған жалпы методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдар, теориялық стандарттар кіреді. Бұл модельді Т.Кун парадигма деп атады.

Парадигма дегеніміз – ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар және техникалық дәстүрлердің жиынтығы.

К.Поппер білімнің эмпириялық және теориялық деңгейлері бір – бірі мен тығыз байланысты болады деп есептеді. Ол «фальсификация» ұғымын енгізді. Фальсификация дегеніміз - кез келген тұжырымды теріске шығару. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып, оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі деп есептеді.

3. Техниканың ролі мен маңызын түсіндіретін әр түрлі ағымдар бар. Технократизм техниканы қоғам тағдырын анықтаушы күш деп түсіндіретін әлеуметтік – психологиялық нұсқау және саяси – қоғамдық ой бағыты.

Дартмунд университетінің профессоры Ф.Рапп техника философиясының мынадай бағыттарын атап көрсеті: бірінші – техниканың тарихы, оның мәдениетке қатынасын зерттеу, екінші – қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатын социологиялық тұрғыдан зерттеу, үшінші – еңбекті талдауға, саяси әлеуметтік белсенділікті түсіндіруге экзистенциалдық мәселелер тұрғысынан келу; төртінші – эпистемология тұрғысынан органикалық және техникалық әлемнің дихотомиясын зерттеу; бесінші – болашақ постиндустриялық қоғамда басқару мәселелері және техника мен жалпы адамзаттың құндылықтардың қатынасын анықтау.

XX ғасырда техника философиясы дербес бағытқа айналды. Испан философы Ортега – и Гассет техниканы талдай отырып адамның екі жақтылығына көңіл аударды – ол табиғаттан өзгеше, бірақ техниканың көмегімен онымен бірігеді.

Ортега – и – Гассет пен К.Ясперс техникаға мағынаны адам береді деп есептейді. Техниканың көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуі де немесе өзіне өзі көр қазуы да мүмкін.

Гуссерль адам техникаға негативті мағына береді. Адам өзінің таптырмайтын керемет мағыналы өмірлік әлемін ғылыми ұғымдарға айналдырады, соған сүйеніп техниканы жасайды. Ақыр аяғында, адамның өмірлік әлемі ұмытылады. Бірте – бірте адам, оның ғылымы мен техникасы дағдарысқа ұшырайды. Мұндай жағдайға ұшырамас үшін техниканың өзін мағыналы ету қажет. Хайдеггер техниканың табиғатын жан – жақты терең талдап, оны жетілдіру қажет деп есептейді. Өйткені техника да өнер сияқты, адамды рухани дамытуға, байытуға бағытталуы тиіс.

4. Франктфурт мектебі - XX ғасырдың 30 жылдары Германияда қалыптасқан философия мен социологиядағы бағыттардың бірі. Оның орталығы – Майндағы Франкфрут қаласындағы әлеуметтік зерттеулер институты.

Бұл бағыттың өкілдері қоғамдық өмірді талдауда орын алған позитивистік және тарихи – философиялық көзқарастардың біржақтылығын жеңіп, ерекше әлеуметтік – философиялық теория жасауға тырысты. Әр түрлі сарындағы сыншыл қоғамдық қатынастар теориясында марксизмдегі, негізгі ұстанымдарды Гегель мен Фрейд, М.Вебер ілімдері тұрғысынан қайта қарауға ұмтылады.

Жоғары дамыған индустриалды қоғамды сынай отырып, бұл мектептің өкілдері мемлекеттік монополистік капитализмнің тұлға еркіндігін, мәдениет құндылықтарын тұншықтырып, адамдарды рухани жұтаңдыққа, бейшаралыққа ұшыратататынын атап көрсетеді. Бұдан шығудың жолы – маргиналдарға, яғни қоғамдағы аралық топтарға сүйене отырып, қарсылық білдіру, күресу деген пікірге келеді. Маргиналдар дегеніміз – студенттік қауым, интеллигенцияның жұмысшы табына жақын бөлігі. Мұндай идеялар солшыл радикалдар қозғалысын теориялық негіздейді. Хоркхаймер және Адорно олардың мүмкіндігіне сенімсіздік білдірді.

5. Постмодерн термині XX ғасырдың бас кезінде Европада жаңа дәуірден кейінгі мәдени өзгерістерді айқындау үшін қолданылды. Философияда постмодерн деп философиядағы жаңа концепцияларды айтады. Олардың басты ерекшелігі осы уақытқа дейін көп нәрсені түсіндіріп келген адамның ақыл – ойына сенімсіздігін таныту. Сөйтіп, философияның дәстүрлі мәселелерінен бас тарту. Құдай, Ақиқат, Игілік мәселелеріне көңіл бөлмеуді ұсынды. Өмірдің мағынасын, мәнін діннен, философиядан, ғылымнан емес, өнер мен саясаттан іздестіру қажет деп ойлады.

Адамдар ешнәрсеге табынбауы керек.

Посмодернистер ақиқатты өтірік құндылық деп есептейді. Ақиқат анықталмайды, ашылмайды, ол жасалады. Ол - сөздерден құралатын сөйлемдердің қасиеті. Сондықтан дүниенің мәнін ашып көрсететін әдістерді іздеп әуре болудың қажеті жоқ.

Ж.Деррида, Ж.Делез, Р.Рорти болмыс, оның бір тұтастығы, бірлігі, объект, субъект, ақиқат сияқты мәселелерді жоққа шығарды. Олардың пікірінше, философияның негізгі міндеті жазу мәдениетінің әртүрлі облыстарының мәнін түсіндіру, яғни философия әдеби шығармалардың бір түріне айналады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.