|
|||
Шығыс мәдениетіндегі философия феномені4-лекция Шығыс мәдениетіндегі философия феномені Қытайлық философия қарсаңының («Ши цзин», «Шу цзин», «И цзин» шығармалары) негізгі мазмұны. Конфуцийшылдық философияның практикалық бағыттылығы. Конфуцийшылдықтың әлеуметтік-этикалық максималарының прагматикалық сипаты. Конфуцийшылдық философияның қытайлық мәдениет пен қоғамдағы манызды ролі. Конфуцийшылдық қытайлық қоғамның идеологиясы ретінде. Даостық философпя және дүние-әлемнің суреті. Дүние-әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. Өмірді сактау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы. Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық, доктрина ретінде. Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері. Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.. Қытай - территориясының көлемі жағынан үшінші орында, ал халқының саны жағынан бірінші орында тұрған алып мемлекет. Қытай өркениеті бұдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Ол біздің дәуірімізден бұрынғы 221 жылдан бастап, 1911 жылға дейін бүтін империя болып келді. Олар қағаз шығарған, кітап басқан, оқ, жібек дайындаған. Дүние жүзіндегі ең сапалы ыдыстар Қытайда жасалған. Қытай халқының мәдени болмысының негізін қалайтын бес атақты кітабы бар. «Шу - цзин» - көне императорлардың өкіметтік басқару жүйелері мен ақыл кеңестерін қарастырады. «И - цзин» - Қытай жазуының негізі болып табылатын фигураларды түсіндіреді. Сонымен қатар бұл кітап Қытай пайымдауларының да негізі. Өйткені ол бірлік пен екі жақтылық абстракциясын түсіндіруден басталады. «Шу - цзин» - әртүрлі көне әндердің жиынтығы. «Ли - цзин» - әртүрлі рәсімдер жинағы. «Чунь - цю» - шежірелер жинағы. Қытай мәдениетінің үлгі, эталон бола алатын, саф алтындай өлмес тәлімдері бар. Қытай қоғамына объективті семьялық пиәтет тән, әрбір қытай азаматы өзін тек қана жан ұяның ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де ұлы ретінде сезінген «Шу - цзин» кітабында Қытай қоғамының түп – негізін құрайтын, ерекше құрметтелетін және ұдайы тұрақты деп есептеленетін бес қарым – қатынас немесе міндеттер жүйесі келтірілген: 1) елбасы мен елдің өзара қарым – қатынасы; 2) әкесі мен баласының; 3) кіші мен үлкен бауырының; 4) ері мен жұбайының; 5) достардың өзара қарым – қатынасы. Бұл міндеттердің немесе жауапкершіліктің әрдайым сақталып, орындалып отырылуы қоғамның әлеуметтік, адамгершілік негізінің тұрақты болуын қамтамасыз еткен. «Шу - цзин» кітабының «Ұлы жоспар» деген тарауында бес істің орындалып, үлгілі тәртіп пен келісті ойдың, сөздің бес бұлжымас ережесінің сақталуы туралы айтылады: «Өзін - өзі бір қалыпты ұстай алу, лайықты сөйлей білу. Анық көру, нақты есту, терең ойлау». «И - цзин», яғни «Өзгерістер кітабында» әлем мен адам туралы алғашқы көзқарастар айтылған, философиялық ойлаудың негіздері көрестілген. «Өзгерістер кітабы» әруақытта қалыптасқан. Бастапқы текст XII – XIII ғасырлар арасында пайда болған. Оның негіздері 64 гексаграммадан тұрады. Гексаграмма дегеніміз – 6 сызықтың әртүрлі комбинациялары: 1. ________________ Шығармашылық (цянь) ________________ ________________ ________________ ________________ ________________
2. ______ ________ Орындалуы (куль) ______ ________ ______ ________ ______ ________ ______ ________ ______ ________
64. ________________ Әлі де біткен жоқ (Вай - цзы) ______ _________ ________________ ______ _________ ________________ ______ _________
Грексаграммадағы сызықтардың орнының өзгеруі өте маңызды. Кітаптың атының «Өзгерістер кітабы» деп аталуы да осы сызықтардың өзгеріп отыруына байланысты. Қасиетті сызықтар әлемнің қозғалысына сай, олардың табиғи негізі бар. Кітапты түсіндірушілер гексаграммалардың орнына қарап, әртүрлі жорамалдар жасап отырады, әртүрлі оқиғаларға түсініктеме береді. Қытай философиясының негізін екі маңызды принцип құрайды: инь мен ян. Инь – қараңғы төменгі, затты тануға жол ашатын бастау. Инь мен янь қозғалысы бір тұтастықтағы диалектикалық өзгерістерді білдіреді, инь мен янның ауысып отыруы дао деп аталады. Қытай философиясының даму барысында инь мен ян барған сайын ең шеткі қарама – қарсылықтың: жарық пен қараңғылықтың, күн мен түннің, күн мен айдың, аспан мен жердің, ыстық пен суықтың, жақсы мен жаманның өзара әрекетін бейнелейді. Инь мен ян күштерінің дуализмі туралы ілім – Қытай философиясындағы диалектикалық жүйенің даусыз элементі. Инь мен ян туралы түсініктер Қытай медицинасының, химиясының, музыкасының теориясын әзірлеуде кеңінен қолданылды. Қытай философиясына тұрақтылық және дәстүрге адалдық тән. Тәртіп пен қоғамдағы реттіліктің негізін аға ұрпақ бастаған іс – әрекетке тағзым және сыйлау қалайды. Өткен ұрпақ қол жеткізген рухани құндылықтар негізге алынады. Сондықтан Қытай қоғамы тұрақты және белгілі құрылымда ұзақ уақыт өмір сүреді.
|
|||
|