Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Болат бөлшектерге С1 мен С2 коэффициенттерінің мәні



1. Болат бөлшектерге С1 мен С2 коэффициенттерінің мәні

С1 С2 С1 С2
0,0 (do=0) 0,70 0,5 1,37 1.97
0,1 0,72 1,32 0,6 1,83 2,43
0,2 0.78 1,38 0,7 2,62 3,22
0,3 0,89 1,49 0,8 4,25 4,85
0,4 1,08 1,68 0,9 9,23 9,83

3.2. Жылумен қондырылатын қосылыстар

Жылумен қондырылған жаншып қондырылған қосылыстардан бірқатар артықшылықтары бар. Олардың беріктілігі 2,5—3 есе артық болып келеді. Қыздыру немесе салқындату қуатты пресстеу жабдығын пайдаланбай–ақ орындалады.

Бөлшек құрастырылымына және керіліс шамасына байланысты қыздыру әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін: а) 100° С температурадағы қайнаған суда; б)120° С температураға дейінгі қайнатылған майда; в) газдық горелкамен; г) токтық,газдық немесе мұнайлық пештермен; д) өндірістік токпен немесе жоғары жиілікпен жұмыс істеуші токтық жылытушылармен.

Бөлшектерді жылумен қондыру тек өнімді ғана емес, өзге қондыру тәсілдерімен орындала алмайтын жағдайларда да қолданылады, мысалға үлкен құрсамаларды диаметрі 4000 мм оданда жоғары болатын және т.б. дөңгелектерге қондыруда, ұзын және жіңішке төлкелерді қондыруда пайдаланылады.

4-дәрістің тақырыбы. Такелаждық жұмыстар. Такелаждық жабдықтар классификациясы

Жүктерді тиеу мен түсіру, жөндеу,монтаждау кезінде орындалатын, оларды қармау мен босату, көтеру мен қою,жылжыту және жүкті көтеріп ұстап тұру операцияларын такелаждық жұмыстар деп атаймыз. Монтаждалатын жабдықтың заводтық дайындығы мен блоктылығының деңгейінің көтерілуіне, монтаждың индустриализациялануы мен жөнделуіне байланысты, сонымен бірге көтерілетін және жылжитын жүктердің салмағының өсуіне байланысты такелаждық жұмыстардың да мәні артуда.

Такелаждық жабдықтар үлкен номенклатура мен қолданысқа және жоғары жүккөтергіштілікке ие. Ауыр индустрия жабдықтарын монтаждауда үлкен көлемде жүккөтергіштігі 320 т дейін крандар, монтаждық матчтар, жүккөтергіштігі 100 ден 1000 т дейін гидрокөтергіштер мен порталдар қолданылады.

Такелаждық жабдықтар (тәсімді қараңыз) келесідей болып бөлінеді: такелаждық жұмыстардағы маңызы бойынша, арналуы бойынша (пассивтік – құралдар,құрылғылар; активті – машинлар мен механизмдер), құрастырылым жетегінің жылжуы бойынша, жылжитын ортаның түрі (құрғақ,су, әуе) мен физикалық құбылыстар бойынша.

Крандарды құрастырылымы бойынша (жебелі, көпірлік типті және көтергіш арқанды), жылжуы бойынша (тұрақты, орнатылған, өзікөтергіш, қайта қойылатын, радиальдық, жылжымалы, өздігінен жүретін және тіркемелі) деп классификацияланады.

Монтаж кезінде мұнаралық (ГОСТ 13555–79), жылжымалы және жебелі өздігінен жүретін крандар(ГОСТ 22827–77) кең қолданылады. Жылжымалы крандар жүріс бөлігінің құрастырылымы бойынша рельстік, теміржолдық, адымдаушы және қалықтаушы, ал өздігінен жүретін крандар – автомобильдік, пневмодөңгелектік, шынжыртабанды, тракторлы болып бөлінеді. Мұнаралық крандарды жебелік крандарға жатқызады, жебе шығуының өзгеруіне байланысты жүктік арбашамен жабдықталған крандарды көтерілетін жебелі және көлденең жебеліге бөледі.

Төртағанды крандар көпірлік крандарға жатады.

5-дәрістің тақырыбы. Жабдықтарды жеткізу.       

      Жабдықтарды тасымалдау темір жол құрамымен, әуе-су жолдарымен, жер бетімен автотракторлар тартуы көмегімен орындалады.

Егер тасымалданатын жабдықтың салмағы, жүккөтергіштігі 92 т екі алты өстік платформалы тіркеменің жүккөтергіштігінен асып кетсе, немесе жабдық өлшемдері (сур. 9) көрсетілген тиегіштің габаритіне симаса онда арнайы темір жол құрамы қолданылады. Темір жолмен тік жазықтықты тиеудің габариттік өлшемдерінен асуына байланысты бүйірлік, жоғарғы және төменгі габариттік еместер деп бөлінеді (сур.9).

Арнайы жылжымалықұраммен, аса габариттік емес жүктер тасымалданады. Мұндай жылжымалы жүкті құрамның ауырлық центрі өзгелерден төмен, сондықтан олар қозғалыс тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Арнайы жылжымалы құрам теміржол тасымалдаушыларының үш түрімен орындалады: жүккөтергіштігі 220 т дейін, ең үлкен ұзындығы 10 м, 16 өстік жеңілдетілген тиегішті; біріктірілген типті жүккөтергіштігі 220, 300 және 400 тонналы, 16, 20 және 28 өстік, жүгінің ең үлкен ұзындығы 15 м, диаметрі 4,4 м; тіркемелі типті жүккөтергіштігі 120, 240 және 480 т, 8,16 және 32 өстік, жүгінің ең үлкен ұзындығы 38 м. Дөңгелектік өстен максимальды рельстерге түсетін жүктемесі 223 кН (сурет 10).

Монтаждық арбалармонтаждау аумағында жабдықтарды рельс арқылы тасуға арналған. Жолтабаны 5 м дейін, теміржолдық жүккөтергіштігі 250 т арбалар жасалған және жүккөтергіштігі 500 т, жолтабаны 3,8 м (рельстер КР–120), жүк көтеру биіктігі 30 мм гидродомкраттармен жабдықталған арбаларда құрастырылған.

Монтаждық арбаны жылжытуға тарту әсері F дөңгелектік барлық тасымалдау құралдарына арналған ортақ формуламен анықтайды:

F = kин (Gгр + Gтел ) (sin a +w0cosa)

мұндағы kин – орыннан қозғалардадағы инерциялық салмақты ескеретін коэффициент,1,3-1,4 деп қабылданады. Gгр мен Gтел жүкпен арба салмағы; a – горизонтқа рельстердің еңкіш бұрышы; w0– қозғалысқа қарсылық коэффициенті: w0 (fd+2k)/D, бұндағы f – каток мойынтіректерінің келтірілген сырғанау үйкелістік коэффициенті, шайқалма мойынтіректер үшін 0,002¸0,0025 және сырғыма мойынтіректер үшін 0,005 ¸ 0,01; d – каток цапфасының диаметрі; k – рельспен шайқалма үйкелістік коэффициенті, 0,5 × 10-3 м деп алынатын; D – каток диаметрі.

Сурет 9. Жолтабаны 1524 мм темір жол транспортымен тасымалданатын жабдық габариттері

қисық сызықты аймақ — габариттік емес жүк; сыртқы  контур—асагабариттік емес жүк;

 1 — жоғарғы габариттік емес аймақ; II —бүйірлік габариттік емес аймақ; III— төменгі габариттік емес аймақ; У — рельс басының үстіңгі деңгейі; Г — құрылысқа жақындау габариті

 

Сурет 10. Үлкен габаритті ауырсалмақты жабдықтарды тасымалдайтын тасымалдау қондырғыларының тәсімі:

а – 80 т; б – 600 т; L – жүк ұзындығы; 1 – тіркемелі тартқыш; 2 – жартылай тіркемелі арба; 3 – жүк; 4– қатты іліністі қондырғы; 5 –тіркемелі арба; 6 – консоль; 7 – гидродомкрат; 8 – оператор кабинасы.

Тартқышты таңдау және олардың санын анықтау есептеу арқылы шығарылады. Автопоезд қозғалысына қарсылығының қосындысы W тең:

W= (Gт + Gпр+ Gгр) (wгор+ wn +wин),

мұндағы Gт, Gпр и Gгр – сәйкесінше тартқыштар, трайлерлер және жүктердің салмақтары; wгор– пневмодөңгелекті тасымалдау құралдарының қозғалысына меншікті қарсылық, ауа райы мен жол жағдайына байланысты 0,01…0,21 деп қабылданады; wn– көтерілу қозғалысына қарсылық; wин – орыннан қозғаларда инерцияны бағындыруға қарсылық: wин = J/qtp, бұндағы J– автопоезд белгілі қозғалыс жылдамдығы; tp– сол жылдамдыққа дейін екпін алу уақыты; wин 0,3…0,4 болу мүмкін.

Тартқыштар тару әсері W қарсылығына тең болады да, жетекші дөңгелектер шеңберлі әсерімен орындалады, ал ол шинаның өзге нәрсемен жеткілікті ілінісуі арқылы жүзеге асады: Gсц × fc ³ W, мұнлағы Gсц–тартқыштың жетекші дөңгелектеріне салмақтық жүктеме; fc– жер бетімен шинаның ілінісу коэффициенті. Негізі тартқыштардың барлық дөңгелектері жетекші етіп орындалады және оларға тартқыш салмағы түседі Gсц=Gт. В Жол жағдайына және ауа райына байланысты, сонымен қатар шинаның құрастырылымының сапасы бойынша fc = 0,1…0,85. 0,1 шамасы жол беті қармен тығыздалғанда; 0,85– құрғақ бетон, тозбаған жоғары қысымды шиналар.

Тартқыштардың қозғалысының қажетті қосындылық қуатын N келесі формуламен анықтаймыз

N= kн WJ/h,

мұндағы kн – тартқыштар қуатын қолданудың біркелкісіз коэффициенті, 1,25 (2 тартқыштарға) 1,6 дейін (4 тартқыштарға); h– күштік беріліспен қозғалтқыш п.ә.к (0,8…0,85).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.