Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





дәрістің тақырыбы. Ауырмашиналарды құрастырудың тәсілдері.



2-дәрістің тақырыбы. Ауырмашиналарды құрастырудың тәсілдері.

Ауыр машиналар заводы шығарған машиналардың бәрі заводта құрастырылып, заводта сынақталуы қажет. Бірақта үлкен габариттік өлшемдері мен салмақтарының ауырлығы завод жағдайында барлық машиналарды құрастырып, свнақтау мүмкін емес. Сондықтанда машиналарды құрастырудың қандай тәсілдері болатынын және олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екендігімен танысайық.

Құрастырудың келесідей түрлері бар:

– толық;

– түйіндік (поузловая);

– тізбекті.

Толық құрастырумен машина жасау заводтарынан шығатын машиналардың басым бөлігі орындалады. ТТМ оларға: рольгангтар,үлкен таспалы және қатпарлы конвейерлердің жетектері, қырнауышты және шнекті транспортерлер, вибро-конвейерлер, жүккөтергіштігі 50 т дейін көпірлік крандар жатады.

Толық құрастыру кезінде бөлек түйіндер мен комплекттердің құрастырылуы тексеріледі, технологиялық және конструкторлық жұмыстардан кеткен кемшіліктер орындалады. Машина құрастырылып болған соң жүктемесіз сынақталады. Содан соң машина түйіндерге бөлшектеніп, егерде габариттік өлшемдері тасымалдануға кедергі келтірмесе онда құрастырулы күйінде тұтынушыға жіберіледі.

Түйіндік құрастыру кезінде машинаны толықтай толықтай завод жағдайында құрастыру мүмкін болмаған жағдайда қолданады. Ол көбіне жеке өндірісте кең тараған. Ондай машиналарға: жүк көтергіштігі үлкен крандар, арнайы крандар, адымды жүрісті шөміш сйымдылығы үлкен экскаваторлар, скиптік көтергіштер, ұзын конвейерлер жатады.

Түйіндік құрастыру кезінде көбіне макеттік құрастыруды қолданады. Макет – ол бір-бірімен жанасатын түйіндердің біреуінің негізгі өлшемдерінің қайталанатындай етіп жасалған арнайы құрылғы. Макеттің өлшемі мен салмағы құрастырылған бөлшекпен түйіннен ондаған немесе жүздеген есе кіші болып келеді және түйін сапасын машинаны құрастырмай-ақ анықтауға мүмкіндік береді.

Тізбекті құрастыру бір-бірімен қосылған, бөлек секциялардан тұратын ұзындығы үлкен бөлшектер мен түйіндерді құрастыруда қолданылады. Ондай машиналар мен агрегаттарға: цементтік және иілткіш(вальцы) пештері, конвейерлер тұғыры, дерикрандар және т.б. жатады.

Машиналарды құрастыру технологиясы. Технологиялық процестерді жобалаудың бастапқы негіздеріне:

– пайдаланылуда сенімді және ұзақтұрақтылықтығына кепіл болатын құрастырылатын машинаның жоғарғы сапалығын қамтамасыз ету;

– құрастырылатын ауданның текше метрінен максимальды өнім алу, минимальді құрастыру циклімен;

– құрастырушылар еңбек өнімділігін арттыруға әсер етуші рациональды механизациялауды қолдану;

– слесарлық-құрастыру жұмыстарының ең аз еңбексиымдылығы;

– құрастырудың аяқталғандығы және оның комплектілігі.

Технологиялық процесті жасаудағы мақсат қолданыстағы өндірістік жағдайда машина мен оның құрастырмалы бірліктерінің құрастырылу тәртібін тиімді және үнемді жасау.

Тиімді және үнемдіқұрастырылу тәртібі өңдеуші, құрастырушы-технолог және конструктор еңбектері бірігіп қолданылған жағдайда ғана жүзеге асады.

Машина құрастырылымына қойылатын негізгі технологиялық талаптар:

– бөлек құрастырмалы бірліктердің құрастырылу мүмкіндігі, олардың сынақталуы мен бақылануы және өндіріс циклінің қысқартылуы. Машина рациональды құрастырмалы бірліктерге бөлшектенуі қажет;

– машинаның жоғарғы жылдам құрастырылуы, қиылыстыру жұмыстары көлемінің аздығы;

– құрастырылудың қарапайымдылығы, бөлшектердің бекітілісіне оңай жету, бөлшектердің бір-бірімен құрастырылуының технологиялығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.