Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Меншік құқығының нысанары мен түрлері



2. Меншік құқығының нысанары мен түрлері

ҚР Конституциясының (6-бабы) бойынша ҚР мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

ҚР Азаматтық кодекске сәйқес - жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) болады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді.

Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйқес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. (республикалық бюджет қаражаты алтын-валюта қоры мен алмаз қоры жер, табиғи ресурстар жатады).

Коммуналдық меншік жергілікті казынадан және заң құжаттарына сәқес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. (жергіліқті бюджет қаражаты).

Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады деп делінген.

Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады.

Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіқтерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң кұжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтың жекелеген мүлік жеке меншікке болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

Меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшіліқ-аумақтық бөліністер, заңды тулғалар мен азаматтар бола алады.

№ 5 ДӘРІС

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс мақсаттары: 

1. Еңбек құқығының негізгі ұғымдармен таныстыру

2. Құқықтық тәрбие

 

ЖОСПАР

1. Еңбек құқығының ұғымы пәні және әдістері

2. Еңбек құқығының қайнар көздері

3. Еңбек құқығының қағидалары

4. Жеке еңбек шарты

 

 

СӨЖ:

1. Еңбек даулары

2. Жұмыс және демалыс уақытының ұғымы, түрлері

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004

2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001

3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001

4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003

 

 

НҚА:

ҚР «Еңбек туралы” заң



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.