Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





олданылған әдебиеттер



Қолданылған әдебиеттер

1. Леонтьев А.А. Лекция как общение. – М.: (Общество «Знание»), 1974 – 39 с.

2. Горянина В.А. Психология общения: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений/-3 изд., стер. –Москва: Издательский центр Академия, 2005. -415 с.

3. Немов. Основы психологического консультирования: Учеб. для студ. педвузов. –Москва: Гуманист идз. центр ВЛАДОС, 2000. -528 с.

4. Аллан Пиз, Барбара Пиз.  Язык телодвижений. Расширенная версия ; [пер. с англ. Т. Новиковой]. – Москва: Эксмо, 2009. – 464 с.: ил.

5. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. –А.: Рауан. 1996. -64 б.

6. Смирнова Е.Е.. Психология общения: Курс для тарших классов средней школы. – СПБ: КАРО, 2005. -336 с

 

Үйге тапсырма

1. мұғалімнің шешендік сөйлеу мәдениеті

2. мұғалімнің сөйлеу білу мәдениеті

3. Оқушылардың типтері және олармен жұмыс жасау әрекеті (жалпы және дефектолог мамандықтар үшін)

4.

Аудиторияда сөз сөйлеу шеберлігі психологиялық тренинг. «Өз позицияңды ұстан»

§1. Сөз сөйлеуге даярлық – демосфендік дағды.     

                                                                         Небір өнер не даналық шыңына

                                                                     оларды оқып үйретпей жету

                                               әсте мүмкін емес.

Демокрит

       Ұйымдастыра білген қашан да ұтады. Сіздің іс-әрекетіңіздің алдын-ала ұйымдастырылуы - түсінікті де нақты, логикалық тұрғыда ойлануға тиімді қалыпта хабарлама жасауға бастар жол.

   Сөз сөйлеудің қандай формасын (сөйленер сөздің сұлбасы, тірек сөздер не толық конспект) қолдансаңыз да, сөздің бұл орайдағы алғашқы әрбір қадамыңыз бастапқы жоспар ретінде қабылданады. Бұлар әрқилы. Олар сан алуанжаңа дағдыларды талап етеді. Десек те, біз олардың түпкілікті мақсатқа қызмет етерін білеміз. Бұл орайда да баса ескереріміз: сөйленер сөздің көру үшін емес, тыңдар құлақ үшін екендігі. Сөз сөйлеу мәдениетін дамыту үшін, дауыстап сөйлеу бірден-бір маңызды. Бұл ретте өлең, жаңылтпаштар, алдын-ала сөйленер сөздің жобалы нұсқаларын оқудың ешбір артық-кемі жоқ. Керісінше, өте пайдалы. Өз дауыс ырғағыңызбен және көпшілік алдында өзіңізді қалай алып шығарыңызды алдын-ала көріп-біліп болжағанға не жетсін. Барынша аз жазып, көбірек сөйлеуге, өз-өзіңе көбіре сұрақтар бере отырып, динамикалы қалыпты сөз сөйлеудің техникасын дамытуға ұмтылу орынды.

   Сөйленер сөз.Қашандааудиория шешеннен тыңдаушыларды жалықтырмайтын, тақырыпқа сәйкесті ақпарат беретін не сенім ұялатар түйін айтатын және көпшілікке беймәлім сюрприздермен риза қылар мезеттерге толы тұщымды сөз күтеді. Сондай-ақ аудитория кейін дұрыс шешім қабылдау үшін, шешеннен нақтылы ақпарат, сөз мазмұнына сәйкес мағыналы тұрғыда бағыт сілтер, алғы істерге орайлас үлкен сенім туғызар тұжырым күтеді. Көбіне – көп мәжілістер өткізілер залдар үшін, сюрприздер мен түрлі көңіл көтерер сергіту сәттері тән емес. Бірақ бұл осы реттегі сөйленер сөздің бір сарындас не жалықтырар қалыпта болу керек дегенді аңғартпайды. Тіпті де, керісінше. Қайта бұл реттегі сөз жанды да қайталанбас қалпымен ерекшеленсе ұтымды болмақ.

     Сөйленер сөздің мазмұны. Ең алдымен, істі бастамастан бұрын, сөйленер сөзге және оның мазмұнына өзіңіздің қатысыңыз, көңіл-күйіңіз, көзқарасыңыз туралы айқындыққа жету, ең бастысы өз-өзіңізді мысқал да алдаусыратпай, адал болғаныңыз дұрыс. Себебі сіздің бұл реттегі мысқал да болса жағымсыз көзқарасыңыз ұйымдастыру ісінің, әзірліктің және сөйлеу сәтінің әрбір аспектісіне жайыла отырып, ақырында аудиторияның сөзіңізді жағымсыз қабылдауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де сіз өз сөзіңізді айтар идеяларыңызға көпшіліктің қарсы болуы мүмкін деген сезімнен бастасаңыз, осы сезімді тыңдаушыларыңызға жұқтыруыңыз мүмкін, нәтижеде олар өзіңізді қорқасоқтап күткендей қатты қарсылық білдіруі әбден мүмкін.

    Мақсаты. Іштей өз-өзіңізден «Мен не үшін сөйлеуге тиіспін?» - деп сурап көріңізші. Егер де бұл сұраққа сөздің жаубыңыз болмаса, іздеп тауып көріңіз. Әрбір сөйленер сөздің айқын мақсаты болуы тиіс. Сөз сөйлеуге келгенде айқын да анық себебіңіз болмаса, сөйлемеген жөн. Өзіңіздің де, тыңдаушыларыңыздың да алтын уақытын құр босқа жоғалтпағанға не жетсін.  

   Аудиторияны білу. Өз-өзіңізден іштей: «Мен кімге (кімдерге) сөйлеймін?» - деп сұрап көріңіз. Қашанда қандай болмасын даярлықты бастамас бұрын, өз аудиторияңызды білгеніңіз жөн.

   Алғашқы ой үздіктері.Кезекті тақырып бойынша өзіңіз айтар мәліметтердің бәрін де қағазға түсіріңіз. Қол астыңыздағы материалдарды салған жерден жүйелей бастау міндетті емес. Басыңызды артық нәрселерден босатып, ойлар тасқынына ерік беріңіз. Бұндай сәт сіздің ойлап шығарушылық қабілетіңіздің еселеп артуына септеседі. Біз бұларды «ой үзіктері» дегенді жөн көреміз. Шаршап не жалығып кетсеңіз, ой узіктерін теруді қоя салып, өзге іспен айналысыңыз. Миыңыз бәрібір жұмыс жасай береді. Ақырында аса қажетті, нақтылы да қызықты ой міндетті түрде жүйеленеді.

   Негізгі ой.Өз сөйлер сөзіңізді басты ой ұшығын жүйелеп жинақтай отырып, жазып шығыңыз. Бұлайша істеу аудиторияны, мақсатты және күтілер нәтижені анықтауға бірден-бір сеп. Бастысы жазғандарың белгілі бір саланы аңғартардай (мәселен, идеяны, консепцияны, өзіңізді, өнімді) болғаны дұрыс. Мысалы, менің сөз сөйлеудегі мақсатым - ұсынылып отырған жобаның жүзеге асыруға оңтайлығы әрі пайдалылығына кеңес мүшелерінің көзін жеткізу.

     Егер де сіздің негізгі ойыңызды басты сөз «тәрбиелеу» болатын болса, мүмкіндігіне қарай бұның орнына басқа сөзді алғаныңыз жөн. Себебі «тәрбиелеу» сөзінің көзге көрінбейтін жасырын психологиялық мағынасы - шешендерге өз тыңдаушыларына шекеден қарап сөйлеуге, натация оқуға, әкелік мәнерде сөйлеуге мәжбүр ететіндей. Ал егер де сіз «хабарлау» сөзін тыңдап алсаңыз, онда міндетті түрде негізгі ойға аудиторияға хабарлаудың қажеттілік себебін айтуды енгізген дурыс/ «Оларға бұл ақпарат не себептен қажетті?»/. Ал көпшілік жағдайда шешн үшін «мәлімет беру» -өзгелердің білуі аса қажеттілік туғызбаса да, өзі білетін тақырып төңірегінде айту секілді эгоистік тұрғыда талқылауға жол ашар алғы шарт іспеттес. Мейлінше тиімді де қомақты нәтижилерге қол жеткізу үшін үнемі бірден бір керектірек сөздерді іріктей білу, қолдана білу жөн. Мәселен, сендіру, көз жеткізу, иландыру, қол жеткізу, дәлелдеу.

   Кім болса да, біреуге өзіңіздің негізгі ойыңызды дауыстап айтып көріңіз. Онда осы орайдағы мақсатыңызды сұрауды өтініңіз. Қорғана бермей, мейлінше шынайы болуға тырысыңыз. Бұл ретте өзіңіздің негізгі айтар ойыңызды қорғауға бекіте түсуге немесе өзгертуге ұмтылыңыз. Сонда ғана сіз оны күштірек, салмақтырақ ете түсесіз, сонда ғана негізгі ойыңыз сіздің миыңызға қомақтала, шегелене түседі. нәтижеде өзіңіздің таңдаған негізгі ойыңызды сөйлер сөзіңізде толық жүзеге асыра аласыз.

   Даярлау сатысы.Шешендердің басым көпшілігі сөз сөйлерге дейн-ақ өзінің не айтарын және тыңдаушыларға өз ойлары мен идеяларын қалай тиімді жеткізерін нақты біледі. Ал бұған тер төге әзірленудің, бел шеше даярланудың арқасында қол жетпек.

   Сөз сөйлеуге алдын-ала даярлықтың маңыздылығы онда сіздің даяр мәтінді, тірек жазбаларды не мәтін үзінділерін қолдану - қолданбауыңызға байланысты емес.

   Қалай даярлауға болады? Біздіңше, оның кейбір тәжірибелік қағмдалары төмендегінше:

· сөйлер сөзіңізді емес, айтар идеяңызды есте сақтауға жатты5у:

· жаттауға ұмтылмау;

· дауыстап айтып жаттығу;

· әр кез сөйлер сөзіңізге не презентацияңызға ақыр соңына дейін дайындалу;

· көрнекті құралдар қолданар болсаңыз, әзірлікті тұтас бірлікте жүргізе білу;

· мүмкіндік бар жерде әзірлікті тыңдаушылармен бірлесе жүргізу;

· даярлықты сіздің сөйлеген сөзіңізге адал жүрекпен сын айтар аудиоредактор болар адаммен бірлікте жүргізу әбден тиімді.

   Ішкі байланыс.Тыңдаушылармен ішкі байланыс орнатқайсыз.Өз сөзіңіз бағытталар аудиторияның мөлшерін біле отырып, оның әрбір бөлігімен байланыс орнату жөн. Егер де аудитория мейлінше үлкен болса, ондай жағдайда дәрісхананы ойша төрт бөлікке бөле отырып, көз жанарыңызбен бір бөлік орталығынан екіншісіне ауысып отыруға бағыт ұстану дұрыс. Бұндай ретте жекелеген бөлімнің әрбір адамына сіздің үнемі жіті назар аударатындығыңыз хақында көзқарас өздігінен қалыптаспақ.

   Ал адамы аз кішкене топтарда кейде қатысушылардың әрқайсысына назар аударуға ұмтылғайсыз.

   Ым-ишарат. Әрбір ым-ишаратыңыз табиғи болуы тиіс. Егерде олар сөздің сөйлеген сөзіңізден туындап жатса, әбден орынды болғаны. Ешқашанда ым-ишарат қолдануға алдын-ала дайындалмау, басқаша жағдайда олар ойдан шығарылған ебедейсіз әрі жасанды болмақ. Кең көлемді күшті де жағымды ым-ишараттар сіздің баяндауыңыздың мән-мағынасын арттыра түседі. Қашанда өзіңіздің ең үздік көрнекілік екеніңізді есте сақтағайсыз. 

   Қимыл-қозғалыстан қорықпау жөн. Бір орында қақшиып қатқан қазықтай қозғалмай тұруды жөн дей алмаймыз. Сондай-ақ әрлі-берлі тұрыс қалпыңды өзгерту, кідіріс сәтінде бірер қадам ілгері аттау сөзге жандылық қосып, құрыс-тұрыстарды жазуға сеп.

  Кідіріс.Кідірісті орынды қолдана білген дұрыс. Тиімді қолдана білсек, олардың әсері ерекше әрі олардың көбірек болғаны жөн. Сіз үшін кідіріс ойыңызды жинақтап алу үшін де қажет. Кідіріс тыңдаушыларға естігендерін ой елегіне сала отырып, екшей түсу үшін, одан әрі тыңдау үшін де қажет. Жалпы көпшілік аудитория ауызша айтылар хабарларға бейім болып келеді. Сәйкесінше, сіз оларға ойлануға уақыт қалдырып отырғаныңыз жөн. Әсіресе, бұл күнілгері арнайы жазып әзірленген мәтін бойынша сөз сөйлеуде керек-ақ.

  Уақытты ескеру. Әзірлікке кеткен уақытты есептеу отыру, өзіңізге бөлінген уақыт мөлшерінен аспау жөн. Сөйлер сөзіңізді жеделдете айтпағаныңыз дұрыс. Басы артық материалды алып тастау, мазмунды ықшамдап ұсыну тиімді. Қалыпты сөйленер сөзге қарағанда шешендер мейлінше баяу ырғақта сөйлегені жөн.

Кассетаға (таспаға) жазу.Бірер әзірлік мезетіңізді кассетаға жазған жөн. Сөйлеген сөзіңізді табиғи қалыпта жазу үшін, микрафонды 60-90 см қашықтықта орналастырған тиімді. Сөзіңізді айқын да жанды шығуын қадағалау. Даярлық сәтіңізді бір-екі көрінісін видиомагнитафонға жазып алу. Кейін көрініс сәттеріне обьективті түрде баға бере көз жүгірту.

  Имидж.Әзірлік кезінде айнаны қолданбау. Байқауымша, өз көзіне қарауды дағдыға айналдырған дұрыс секілді. Бірақ айнаға қарап отырып, обьективті болу қиын. Көбіне біз өзіміздің көргіміз келгенде ғана байқаймыз.

  Өзіңді ыңғайлы да сенімді ұстау үшін әзірлік кезінде шаршы топалды сөз сөйлерде киер киіміңізбен даярланған артық болмайды.

  Біздіңше, видеокассетада өзіңіздің қалай сөйлегеніңізді тексеру мақсатындағы сұрақтар тізімі төмендегіше болмақ:

· Ішкі байланыс тиімді жасалдыма? Көз жанарымен барлық тыңдаушыларды шола қамтыдық па? (Барлық тыңдаушыларды назарда ұстай алдық па?)

· Дауысымыз ортақ проблемаға (күн тәртібіндегі мәселеге орай) қам жеу мақсатында, көпшілікті өзіне тарта, елекзіте жанды қалыпта шыға алды ма?

· Өзіміз табиғи күйде әрі салмақты көріне алдық па?

· Ойларымыз байыпты да байсалды логикалы өріле алды ма?

· Сөйлеген сөзден негізгі бөлімді бөліп алуға болар ма еді?

· Сөйлеген сөзіміз мақсатына жете алды ма?

· Қолданылған ым-ишараттар орынды болды ма?

· Дауысымызбен, қимыл-қозғалысымызбен не өзіндік мәнерімізбен тыңдаушыларымызды ашуландырып алған жоқпыз ба? Тыңдаушылар жүйкесіне жағымсыз әсер етпедік пе?

· Дәлелді тұжырымдарымыздың мән-мағынасын төмендететіндей басы артық сөздер қолданған жоқпыз ба? (мүмкін,секілді,сияқты)

· Тыңдаушыларды асықтырып, сөзімізге ілесе алмай қалатындай тым асығыс ырғақта жеделдетіп сөйлеп кеткен жоқпыз ба?

· Маңызды идеяның мәнін үдету, арттыра түсу мақсатында не бірден-бір мәнді ойларды көпшілікке жеткізу үшін мейлінше баяу қалыпта сөйлеу барысында ырғағымызды өзгерте алдық па?

· Түсінікті сөйлей білдік пе? тыңдаушылар сөзімізді тек естуі ғана емес, не туралы айтып тұрғанымызды түсінуі тиіс.

· Көрнекіліктерді сенімді түрде жеңіл қолдана алдық па?

· Таңдалған имиджге киіміміз сәйкес келе ме?

· Таңғылықты әзірлігіміз сәйкесті имидждің айқын көрінуіне дәлел бола ала ма?

Видиокассетаны қарай отырып, өзіңізді обьективті түрде бағалау жөн. Егерде сөзіңізге көңіліңіз толып,мәселен, жерде жайқалып өсіп тұрған мәуелі ағаштың энергиясын алғандай сезімде болсаңыз, бұл - сөзіңіздің табиғи да ғажап өрілгені. Ал егер де сіз аудиториямен ішкі байланысты орнықтыра алмаған болсаңыз, қайтара әзірленіп көргейсіз. Егер де кассета лабиринтінде өзіңізді жоғалтып алғаныңызды байқасаңыз, онда көрнекі құралдар мөлшерін айтыңыз. Бұл жағдай сізге көбірек еркінді бере отырып, көпшіліктің айтылар сөзге әсерін үстемелемек, бірақта бұл жағдай сізге еш қысылыс туғызбауы тиіс. Сіз алуан приборларды құбылта қолданып тұрған «жұлдызды кеменің» капитаны емессіз. Сіз аудиторияғы белгісізді ашу, проблеманы шешу үшін, жаңалықтармен таныстыру үшін қажет екеніңізді ескергейсіз.

Үйге тапсырма

1. Әрбір студент осы тақырыпта тренинг өткізеді

2. Педагогикалық риторика заңдары мен сөйлеу тілінің үйлесімділігі



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.