Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу



Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу

 

100 мл 0,1 М сірке қышқылын 0,1 М КОН ерітіндісімен титрлеудің стандартты жағдайын қарастырайық:

    Титрлеу басталарда ерітіндіде тек сірке қышқылы болады, оның рН ы мына формуламен анықталады:

    Эквиваленттік нүктеге дейін ерітіндінің рН ы басқа формуламен есептеледі:

    Егер 90мл 0,1 М KOH қосылса, қышқылдың 90% і титрленеді, соған сәйкес 10% мөлшері титрленбей қалады. Ерітіндінің жалпы көлемі 190 мл шамасына жетеді. Қышқыл мен тұздың концентрациясы мынаған тең болады:

 

    Ерітіндідегі эквиваленттік нүктеде тұз ғана болады, ал рН ты мына формуламен есептеуге болады.

 

    Әлсіз қышқылды негізбен титрлеудің қисық сызығының пішіні рКНА ға және қолданатын ерітінділердің концентрациясына байланысты. рН секіру шамасы эквиваленттік нүктеде қышқылдың ионизациялану константасының төмендеуіне қарай кемиді.

    Өте әлсіздеу қышқылдарды индикатор қосып, көз мөлшерімен титрлеу іс жүзінде мүмкін емес, алайда рН метрдің көмегімен оны жасауға болады. Титрлеу қисық сызығының пішіні титрленетін негіз ионизациясының константа шамасына тәуелді. рН секірудің шамасы ақырғы нүктеде негіз ионизациясы константасының төмендеуінен кеми түседі. Егер рКв 6-дан артпаса, индикатормен көз мөлшерлеп титрлеуге болады, ал егер Кв қатары 7 немесе 8 болса, потенциометриялық титрлеу өткізіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.