Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Гарнитура мен шрифт түсі



Гарнитура мен шрифт түсі

<FONT> тэгі гарнитура пішіні мен мәтін түсін өзгерту мүмкіндіктерін береді. Шрифт гарнитурасын өзгерту қарапайым <FONT> тэгіне FACE атрибутын қосу арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді Arial шрифтімен жазу үшін <FONT FACE = “ARIAL”> деп жазу керек.

Шрифт түсін өзгерту үшін <FONT> тэгінде COLOR = “X” атрибутын қолдануға болады. Х-тің орнына түстің атын (тырнақшада) қоямыз немесе 16-лық мәндегі сандар жиынтығын жазамыз. Түсті 16-лық сандармен беру үшін, бұл түсті әрқайсысы О-дан ҒҒ-қа дейінгі мәнге ие болатын, жіктелген үш құрамға бөліп көрстеуге болады: қызыл (R-Red), жасыл (G-Green), көк (B-Blue). Бұл жағдайда біз RGB деп аталатын форматпен жұмыс істейтін боламыз.

Мәтінді туралау

HTML-тэгтарының көмегімен мәтіннін туралауды басқаруға болады. Егер туралау тәсілі қөрсетілмесе, құжаттағы барлық элементтер сол шеттен тураланып, оң жағы ретсіз орналасады.

Қазіргі браузерлер ALIGN = : мәтінді туралау атрибутын қолданады.

ALIGN = CENTER – центрі бойынша туралау

ALIGN = RIGHT- оң шеті бойынша туралау

ALIGN = LEFT – сол шеті бойынша туралау.

Мәтін мен фон түсін беру

Фон мен мәтін түсін бейнелегенде браузерлер үнсіз келісім бойынша қалыптасқан түстерді пайдаланады. Олар браузер күйінің параметрлерімен беріледі. Егер сіз басқа түс бергіңіз келсе, онда оны HTML-файлының басында <BODY> тэгінде беріп кету керек.

BGCOLOR атрибуты=  парақ фонының түсін анықтайды, TEXT= барлық парақтағы мәтін түсін береді, LINK = және VLINK = сәйкесінше қарастырылған және қарастырылмаған сілтемелердің түсін анықтайды (соңғы 2 параметр кейін қарастырылады).

<BODY BGCOLOR =blue>

<FONT FACE = “ARIAL” size=5 color=red >

<P ALIGN = CENTER>



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.