|
|||
Зертханалық жұмыс №3Стр 1 из 4Следующая ⇒ Зертханалық жұмыс №3 Тақырыбы:Web-сайт. Web-сайтты “ыңғайлы қолдануды” әзірлеуге қойылатын талаптарды анықтау. Мақсаты:Қарапайым HTML тегтерін меңгеру, Web-парақтар құрастыру.
HTML құжаты негізгі мәтіннен және белгілеу тегтерінен тұрады. HTML құжаты – ол кеңейтілу аты .htm болатын әдеттегі мәтіндік файл. Оны құру үшін кез келген мәтіндік редакторды қолдануға болады. Ал құрылған Web – парақтың нәтижесін көру үшін браузер қолданылады.
HTML- тілінің негізгі түрі 1-жаттығу. Қарапайым HTML файлдарын құрастыру. 1. Құрастырылған Web-парақты сақтау үшін RPAKT8-бумасын ашыңыз. 2. Блокнот (Notepad) стандарт программасын жүктеңіз. 3. Қарапайым HTML-файлының мәтінін редактор терезесінде теріңіз. <HTML > <HEAD> <TITLE> өз тобыңызды жазыңыз </TITLE> </HEAD> <BODY> Аты- жөніңізді жазыңыз </BODY> </HTML > 4. 1.htm атымен файлды сақтаңыз. Құрастырылған Web-парақты көру үшін браузерді жүктеңіз. <BR> - жолды тасымалдаушы тэг жолды келесі мәтіннен немесе графикадан бөліп тұрады. <P> тэгі де жолды бөледі, сонымен қатар абзацты айқындап тұратын бос жол қалдырады. Бұл 2 тэг бірэлементті болып табылады.
Мәтін үзінділерін ерекшелеу Мәтін үзінділерін ерекшелеу тэгтері жеке символдар мен сөздердің бейнелеуін басқаруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта үш түрлі тэгтар қолданылады: <B>…</B> - жартылай қалың қарамен ерекшелеу (полужирный) <I>…</I> - курсивпен ерекшелеу <U>…</U>-астын сызу арқылы ерекшелеу Сақталған құжатты блакнотта ашып, осы тегтарды қолданыңыз, мысалы:
<BODY> <B>Аты- жөніңізді жазыңыз</B> </BODY> Символ өлшемдерінің берілуі Тақырып стилін қолдану. Мұнда6-тақырып тэгі қолданылады (<H1>-ден <H6>-ға дейінгі). Әрбір тэгке браузер параметрлерінің берілген нақты стильі сәйкес келеді. Ағымдағы шрифтінің өлшемін беру.<FONT> шрифтік тэгі 1-ден 7-ге дейінгі диапазонда мәтіннің кез келген жерінде ағымдағы шрифтінің өлшемін беруге мүмкіндік береді.
|
|||
|