Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖОМАРТ ЖҮРЕК»СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ РӘСІМІНІҢМІНДЕТТЕРІ



3. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК»СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ РӘСІМІНІҢМІНДЕТТЕРІ

1. туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға өңір тумаларын тарту

2. әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірбиесін тарату;

3. ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамалардың оң тәжірибесінжергілікті және республикалық деңгейлерде іске асыру үшін жинақтау және тарату;

4. қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру;

5. білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.

4. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ РӘСІМІНӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ

         

    1. Салтанатты құттықтау рәсімі үш кезеңнен (аудандық (қалалық)/облыстық және республикалық деңгейлерде) тұрады және жыл бойы өтеді.

2. Аудандық (қалалық) деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі жыл сайын 1 наурыздан бастап 15 тамызаралығында өткізіледі. Облыстық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі жыл сайын 1 қыркүйектенбастап 15 қазанаралығында өткізіледі. Республикалық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімі 1 қарашадан бастап 15 желтоқсанаралығында өткізіледі.[1]

       3. Аудандық (қалалық)/облыстық деңгейдегі салтанатты құттықтау рәсімін жергілікті атқарушы орган немесе тиісті деңгейдегі әкім белгілеген ұйым жүргізеді.

4. «Жомарт жүрек» салтанатты құттықтау рәсімін аудандық (қалалық)/облыстықдеңгейде өткізу туралы хабарландыруды жергілікті атқарушы органдар өңір аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына орналастырады.

5. Аудандық (қалалық)/облыстық деңгейдегі қатысушылардың өтінімдері қажетті құжаттар топтамасымен біргеқағаз және электронды түрде осы Ережеге қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жолданады.  

6. Алғашқы өтінімдерді қарауды (қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес, ұсынылатын құжаттардың толық болуы) және іріктеуді «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылған жобалары негізінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

7. «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын іріктеу үшін Ұйымдастыру комитеті номинанттар бойынша ұсынымдарды Сарапшы кеңесіне жолдайды. 

8. Сарапшы кеңесінің мүшелері, номинанттардың өтінімдерін қарап, әрбір өлшемшартқа бес балдық шкала бойынша баға қояды. Үміткер қорытынды бағасын алу үшін Сарапшы кеңесінің барлық мүшелері қойғанүміткердің жалпы бағасы жинақталады. Балдар тепе-тең болған жағдайда шешім Сарапшы кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.  

9. Сарапшы кеңесі мүшелерінің саны тақ сан болуы тиіс. Сарапшы кеңесінің отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісіболған жағдайда заңды болып табылады.

10. Аудандық және қалалық байқаулардың лауреаттары облыстық байқаудың номинанттары болып табылады.

11. Облыстық байқаудың лауреаттары республикалық байқаудың номинанттары болып табылады.  

12. Республикалық деңгейдегі іркітеу онлайн-дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша сыйлықтың 5 номинациясының рейтингі қалыптастырылады. 

13. Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша онлайн-дауыс дауыс беру кезінде ең көп дауыс жинаған «Жомарт жүрек» сыйлығының кемінде 50лауреаты айқындалады.

14. Сыйлықтың лауреаттарын республикалық деңгейде салтанатты құттықтаурәсімін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Атамекен» кіші бағдарламасы басқармасының кеңсесімен және Министрлік белгілеген ұйыммен бірлесіп өткізеді.  

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.