Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты



 

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты

құттықтау рәсімі туралы

ЕРЕЖЕ

«АТАМЕКЕН» кіші бағдарламасы

                                                      

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. Осы Ереже «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанаттықұттықтау рәсімі (бұдан әрі – Салтанатты құттықтау рәсімі), ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету, жеңімпаздарды айқындау мен марапаттау шарты мен тәртібінбелгілейді.

2. Салтанатты құттықтау рәсімінің мақсаты халықты, бизнес-құрылымөкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлердіынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пенмейірбандық идеяларын танымал ету болып табылады.

2. НЕГІЗГІ ТҮСІНІК

1. Қайырымдылық– қайырымдылық көмек көрсетуге және мейірбандық, демеушілік және меценаттық қызмет түріндегі өз еркімен, өтеусіз немесе жеңілдік түрінде жүзеге асырылатын ізгілікқажеттілікті қанағаттандыруға негізделген әлеуметтік-пайдалы қызмет.

2. Қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асырушы мейірбан және (немесе) демеуші, және (немесе) меценат.

3. Әлеуметтік жоба – іс-шаралар, іс-қимылдар мен акциялардың жүйелілігі, олардың мақсаты әлеуметтік мәселелердің алдын алу, оларды азайту немесе шешу болып табылады.

4. Ұйымдастыру комитеті –үміткерлердің өтінімдерін қарайтынадамдар тобы. Ұйымдастыру комитетінің аудандық/қалалық/облыстық деңгейдегі жұмысын «Атамекен» кіші бағдарламасының өңірлік жобалық кеңсесімен (бұдан әрі – ӨЖО) бірлесе отырып, жергілікті атқарушы орган ұйымдастырады.

5. Сарапшы кеңес –номинациялар бойынша «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарын анықтайтын мемлекеттік органдар, бизнес-құрылымдар, қоғамдық ұйымдар мен басқа да әлеуметтік саланың өкілдерінен құралған сарапшы топ. 

6. «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаты –«Жомарт жүрек» сыйлығы берілген азамат (жеке тұлға)немесе ұйым(заңды тұлға).

7. Номинант–«Жомарт жүрек» сыйлығын беру үшін Ұйымдастыру комитеті ұсынған адам.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.