Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бала бойындағы есеңгіреу



2. Бала бойындағы есеңгіреу

Балаларда стресстің пайда болу себебінің бірі отбасындағы күтпеген жағдай ата-анасының ажырасуы немесе бірін жоғалтып алуынан пайда болатын балалардағы травмалық стресстік жағдай:

· Қыз балалардың ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән – мағынаны көре алу іскерлігінде болып табылады. Дағдарысқа ұшыраған қыз балалар оны түсіну мен басына өткеруде терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

· Бозбалалардың бұл шақтағы ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.

Отбасындағы күтпеген жағдайлардан туындайтын балалардағы стресстік жағдай

· Бірінші бұл – ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыстық жағдайларды тиімді шешу болып табылады.

· Екінші тәсіл бұл – жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен мағыналы нәрсені көре алмағандықтан тиімсіз шешім пайда болады.

· Үшінші – дағдарыстық жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты болып табылады

Дағдарыстан шығудың 3 тәсілі:

· Бірінші нұсқа- негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-де көрініс табады.

· Екінші типте- бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды.

· Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20 %-де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады соңы суицидке әкер соғады.

Выготский дағдарыс кезінде балалардың жағымсыз іс-әрекетінің 3 нұсқасын көрсетті:

Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды:

1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );

2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол апаты,зорлану т.б.)

3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)

Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

Отбасы дағдарыс жағдайы.

Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.

Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы

Отбасы мүшелерінің өзгеруі.

3. Есеңгіреудің алдын-алу жолдары:

- стресстік жағдайды түсіну, ақпарат іздеу.

- жақындарың мен таныстарыңнан,айнала т.б. қолдау іздеу.

- болашаққа сенуді нығайту.

- бір отбасы мүшесінің екінші отбасы мүшесінің ролін уақытша атқаруы.

- стресстік жағдайды шешуге отбасы мүшесінің түгелінің араласуы.

- бағалаусыз ашық қарым-қатынаста болу, сезімдермен, армандармен алмасу, отбасы мүшелерінің позицияларын есепке алу.

 

Үйге тапсырмалар:

1. Отбасында туындайтын есеңгіреудің алдын-алуға арналған бағдарлама жасау.

2. Барлық лекцияны қайталау.

 

Әдебиеттерге сілтемелер:

1. Стресс психологиясы кітаптарына сілтеме: https://vk.com/wall-192938573_323

2. Хрестоматия по этике и семейной жизни https://sheba.spb.ru/shkola/psih-hre-etika-1986.htm

3. https://bookscafe.net/read/posysoev_nikolay-osnovy_psihologii_semi_i_semeynogo_konsultirovaniya_uchebnoe_posobie-253648.html#p1

4. https://vk.com/club192938573 (проблемалық жағдаяттар мен кітаптарға сілтеме).

5. Отбасы психологиясы, психология бойынша кітаптар сілтемесі: https://cloud.mail.ru/public/zZso/4JvTZCU72

6. Психология: Энциклопедиялық сөздік https://adebiportal.kz/kz/books/view/1105https://adebiportal.kz/kz/books/view/1105

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.