Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі



С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі

№9 сабақ

Пән: «Отбасында өзін-өзі ұстау психологиясы мен этикасы»

 

Топ:НО2Б (9)      Күні:08.04.2020 жыл        

Пән оқытушысы:Белгибаева Алтынай Елемесовна

Сабақ тақырыбы:6.2 тақырып. Отбасында туындайтын есеңгіреу және оның алдын-алу жолдары.

Жоспары:

1. Отбасындағы есеңгіреу түсінігі мен себептері

2. Бала бойындағы есеңгіреу

3. Есеңгіреумен күресу әдістері.

 

1. Отбасындағы есеңгіреу түсінігі мен себептері

Отбасы өз өмірінің барлық кезеңінде әр-түрлі жағдайларға тап болады, солардың кейбіреулері отбасыға қиындық тудыруы мүмкін. Олардың шығу себептері әр-түрлі болады. Отбасылық өмірдегі болатын түрлі жағдаяттарды стресстік (есеңгурей) күйлер деп атап жатады, мысалы: жағымсыз телефондық әңгіме, ауырулар, ақшаның жетіспеуі, махаббатқа деген қажеттілік, жақын адамды жоғалту т.б.

Есеңгіреудің шектен тыс болуы (дистресс) адамның денсаулығына зардабын тигізіп, өмірін құртады.

Отбасылық есеңгіреу (стресс) – бұл отбасындағы нақты бар және де бар деп қабылданатын талаптар арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы ретінде туындайтын бұзылыстағы отбасы жағдайы.

Отбасылық есеңгіреуді тұдытушы стрессорлардың түрі болады:

- жарақат алу (стресс) (апат, оқыс жағдай) – бұлар ұзақтығы бойынша қысқа болып келеді, алайда әсер етуі бойынша өте күшті болады (мысалы, жағдай, құбылыстар: соғыс, өлім, аяқ астынан ажырасу).

- өмірлік жағдаяттар, оқиғалар - ұзақтығы жағынан біршама жалғаспалы және де отбасылық, адам өміріне үлкен әсер ететін жағдайлар (отбасынан кету немесе жаңа мүшенің қосылуы, көшу).

- Созылмалы рөлдік стрессорлар (қысымдылық) - бұл әр-түрлі әлеуметтік рольдерді орындауда туындайтын немесе орындау барсында шешілмейтін, жиналып қалатын қақтығыстар жатады (ақша табушы, әйелі, күйеуі, енесі т.б.).

- өмірлік қиындықтар, тұлғаның күнделікті ортамен немесе микростресстермен қатынасқа түсу барысында туындайды. Бұлар күші жағынан әлсіз әсер етуші стрессорлар болып табылады, алайда олардың күші жинақталып, күшейуі мүмкін, сондықтан отбасыға басқа өмірлік жағдайларға қарағанда отбасыға үлкен ауырлық түсіруі мүмкін (ақшаның әрқашанда жетпеуі, үйдің нашарлығы, тұрақты түру орнының болмауы).

Жиі, отбасындағы есеңгіреу себепшісі болып әсер ету жиілігі әр түрлі белгілердің себепшісі ретінде стрессордың бір түрі, бір симптомдары орын алуы мүмкін. Оларға жиі, ішімдік, нашарқорлыққа берілу, дәрілер қабылдау, ұйқының бұзылуы, бас аурулары, тұмаулар мен психосоматикалық аурулар, отбасының өзарақатынасы мен эмоционалдық климатындағы өзгерістер, сенімсіздік, сенбеушілік, қарым-қатынастан қашу, психологиялық жалаң болу т.б.

Отбасылық есеңгіреу белгілері:

1. Физикалық (биохимиялық реакциялар, жүрек-қан тамыр аурулары, гипертония, стресс аурулары – астма, гипертония, язва, отбасы ортасында ғана туындайтын аурулар).

2. Мінез-құлықтық көріністер (адамның жұмысқа қабілеттілігінің өзгеріп, төмендеуі, қақатығыс, сауғыласу, тәбетке деген өзгерістер, темекі тарту, ішімдікке берілу т.б.).

3. Психикалық келеңсіздік (депрессия, үрейде болу, ашушаңдылық, ұйқысызыдық т.б.)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.