Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





осымша 1.. Негізгі білім деңгейін бағалау.



Қосымша 1.

Негізгі білім деңгейін бағалау.

1. Жарық коэффициенті, бұл:

-бөлме ішіндегі табиғи жарықтың сырттағы табиғи жарыққа қатынасы

+терезенің шыныланған бетінің бөлме еденінің ауданына қатынасы

-терезеден жұмыс орнына дейінгі жарықтану бұрышы

-табиғи және жасанды жарықтың коэффициенті

2. Табиғи жарық коэффициенті, бұл:

+бөлме ішіндегі табиғи жарықтың сырттағы табиғи жарыққа қатынасы

-терезенің шыныланған бетінің бөлме еденінің ауданына қатынасы

-терезеден жұмыс орнына дейінгі жарықтану бұрышы

-табиғи және жасанды жарықтың коэффициенті

3. Түсу бұрышы дегеніміз:

-еден ауданының терезенің шыныланған ауданына қатынасы

+жұмыс орнынан терезенің жоғары және төменгі ернеуіне жүргізілетін түзулер арасындағы бұрыш

-терезенің жоғарғы ернеуі биіктігінің бөлме тереңдігіне қатынасы

-жасанды жарықтану көрсеткіші

- жарық коэффициенті

4. Бөлмеге берілетін жарықтың түрлері:

-ағымды

-тікелей

+табиғи

+жасанды

-горизонтальды

5. тұрғын үй бөлмелеріндегі жарық коэффициенті рұқсат етілген шамасы:

-1:2

-1:4

-1:4-1:6

-1:6-1:8

+1:8-1:10

6. Табиғи жарықты бағалау көрсеткіштерін ата:

+табиғи жарық коэффициенті

+жасанды жарық коэффиценті

+саңылау бұрышы

+түсу бұрышы

-жарықтың меншікті қуаты

7. Жұмыс бетінің жарықтануын өлшейтін құралды ата:

-актинометр

-кататермометр

-термоэлектроанемометр

+люксметр

-бутирометр

8.Қыздыру шамдарының кемшіліктері:

+жарық көзге шағылысады

+объектіге көлеңке түсіріледі

-спектрі күн сәулесіне жақын

-қолдануға ыңғайлы

+қызмет көрсету уақыты төмен

9. Желдету түрлері:

+жасанды

-ағымды

-физикалық

+табиғи

-қосымша

10. Желдетудің қажетті көлемін бағалау үшін қажетті көрсеткіштер:

              +бөлменің ауданы

             -терезенің ауданы

             +орталықтандырылған жасанды желдету құбылысының м 2 ауданының қимасы

             -катермометрдің көрсеткіші

             +бөлмедегі ауа ағынының анемометрмен алған өлшемі (м/сек)

             11. Желдету көлемі дегеніміз:

              + 1сағат ішінде желдету жүйелері арқылы берілетін немесе шығарылатын ауа

                  көлемі

              -бөлмедегі ауа мөлшері

              -берілген температурадағы 1 м3 – тағы ауа мөлшері

              -1 сағат ішінде тыныс алуға қажетті ауа мөлшері

              -шығарылатын ауа мөлшері

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.