Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Модуль бойынша барлығы. Пән бойынша бағалау рәсімі. Оқу жетістіктерін бақылау түрлері. Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі. Су тазарту техникасы ж|



3.Модуль бойынша барлығы

               

2. Пән бойынша бағалау рәсімі

Оқу жетістіктерін бақылау түрлері

Бақылау түрлері (ағымдық, аралық)

2 рейтингтік бақылау және қорытынды бағалау (емтихан)

Оқытушымен әрбір 7 және 15 аптадан кейін семестр ішінде 100 ұпайлық есеппен рейтингілік бақылау қорытындысы шығарылады. Рейтингтік баға ағымдық, аралық бақылаудың қосындысы болып табылады.

Тапсырмалар түрлері және ағымдағы бақылау мерзімділігі оқытылатын пәннің ерекшелігіне байланысты әзірленеді және мыналарды ескеруі мүмкін: сабаққа қатысу, дәрістер конспектілері, ауызша сұрау, коллоквиум, тестілік сұрау, реферат, эссе, аралық тестілеу және т.б.

Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша аралық бақылау нәтижесі (рейтинг) қалыптасады. Оқытушы ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін өткізеді және білім алушының ағымдағы үлгеріміне сәйкес келетін бағасын (ағымдағы және аралық бақылаулардың орташа арифметикалық бағасын) шығарады. Сонда білім алушының оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырмасы үшін 100 балл санының шкаласы бойыншабағаланады.

 Ағымдық бақылаудың қорытындысын өткізу мерзімі пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленеді. Ағымдық бақылау саны пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген пәннің мазмұнымен және оның көлемімен анықталады.

Кесте

Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі

«Су тазарту техникасы және технологиясы» пәнінен

Апта
Апталық бақылау саны
Бақылау түрлері ПЖ ӨЖ ПЖ ӨЖ ПЖ ӨЖ ПЖ АБ1 ПЖ ӨЖ ПЖ ӨЖ ПЖ ӨЖ АБ2

Бақылау түрлері: ТЖ – тәжірибелік жұмыс; ӨЖ - өзіндік жұмыс; АБ – аралық бақылау.

Курстың саясаты мен рәсімдері

Курс бойынша оң нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты жұмыс жасау қажет. Бұл курс бойынша бағаның семестр ағымында қалыптасатындығын көрсетеді. Ең жоғары балл қойылған сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берілген жағдайда, жазбаша жұмыс уақытында және толық көлемде ұқыпты орындалған жағдайда беріледі.

Пәнді игеру дәріске, практикалық сабақтарға, сонымен қатар БӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өзіндік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған, сонымен қaтар қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы дәріс (дәріс) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент СОӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

ü Студенттің сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс.

ü        Тапсырманы тапсыру мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды.  

ü        Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады.

ü        Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен қасындағы білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс.

}        Студенттің курсқа көзқарасы Студент Ары Кодексіне сәйкес болу керек.

Ауыруына немесе басқа себептерге (туыстарының қаза болуы) байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (анықтаушы құжаттар талап етіледі) жоспарланған тапсырмаларды басқа мезгілде (декан өкімімен) тапсыруға мүмкіндік береді. Сабаққа қатыспау академиялық талаптардан босатпайды. Студент шектен тыс сабақ жіберсе, келесі курсқа қалдырылады немесе академиялық демалыс алуы тиіс.

1-ші аттестацияда балл алу үшін сіздің біліміңізді, пән мазмұнын игергеніңізді дәлелдейтін тапсырмаларды орындау қажет, дәлірек айтқанда сіз шағын сауалнамаларға, кейстерге және бақылау жұмысына, пән бойынша әр түрлі тақырыптағы қысқаша баяндамаларға және т.б. өзіндік жұмыстарға дайын болуыңыз керек. Ең жоғары балл алу үшін мәселені түсіну керек, пән мазмұнына сәйкес сөздік қорын игеру қажет, берілген сұрақтарға логикалық тұрғыдан жауап бере білу қажет.

Сабақ үдерісінің алғашқы 7 аптасында жүргізілетін практикалық сабақтарда 5 шағын сауалнамалар, кейстер және т.б. тапсырма ретінде ұсынылады. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін 2% беріледі. Нәтижесінде - 10%.

Бақылау жұмысын қабылдау (ауызша сабақ) 3-5 апта аралығындағы кез-келген мезгілде жүзеге асырылады және ең жоғары баға - 40%.

Алдын ала оқытушымен ұсынылған тақырыптар негізіндегі баяндамалар 6-7 апта аралығында қабылданады. Баяндамаға қойылатын және ең жоғары баға - 50%.

2-ші аттестация бойынша балл алу үшін сіздің біліміңізді көрсететін тапсырмаларды орындауыңыз қажет, алынған білім және игерілген ақпаратты талдап, қорытындылауыңыз қажет. Сіз топтық жұмысқа (топтық жоба, презентация) дайын болуыңыз керек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және т.б. өзіндік жұмыстарды орындауыңыз қажет.

Қалған 8 аптада өткізілетін практикалық сабақтарда 5 шағын сауалнамалар, кейс тапсырмалар және т.б. жүргізіледі. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін 2% беріледі. Нәтижесінде - 10%.

Презентация көмегімен топтық жобаны (топ құрамында 4-5 адам) қорғау 11-12 апта аралығында жүргізіледі. Ең жоғары балл-50 %.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау 14-15 аптада жүзеге асырылады. Ең жоғары балл - 40 %.

 Топтық жобаны және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалағанда оқытушы сіздің материалды түсіндіру барысындағы нақтылығыңызды, сөйлеу мәдениетіңізді, әдебиетерді тиімді қолдана білу жағдайларын және пайдаланылған әдебиеттер тізімін ескереді.

Тапсырма бойынша кеңес беру және тапсырманы қорғау аудиториядан тыс жерде, яғни СӨЖО мерзімінде жүзеге асырылады. 

Барлық тапсырмалар кестеге сәйкес тапсырылуы қажет.

Жоғарыда аталған талаптарды орындау арқылы емтиханға қатысу құқын алады. Ал 50%-дан төмен балл жинаған студент емтиханға жіберілмейді.

Академиялық адалдық

Тапсырманы орындау барысындағы адалдық (шынайылылық) университет миссиясы үшін және студенттің жеке дербес құқықтылығының дамуы үшін өте маңызды. Алдау, плагиат т.б. түрлері орын алмауы тиіс және орын алған жағдайда тапсырманы орындай алмау немесе келесі курсқа көшірілмей қалу секілді сәйкес шаралар жүргізіледі.

 Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіншілігі

Жалпы топта мүмкіндігі шектеулі студенттерге жеке оқу жоспарына бойынша қашықтықтан оқыту технологиясына сәйкес білім алудың инклюзивті әдісі қолданылады.

Пән бойынша бағалау рәсімі

  №   Модуль бойынша тапсырмалар (БӨЖ)  Орындау ұзақтығы Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Бал лдар

Ағымдағы бағалау

1 модуль бойынша

«Ауыз су жайында» заңды қабылдау, жаңа санитарлы нормалар мен ережелерді енгізу, бұл нормаларды ауыз суы сапасына, орталықталған шаруашылық-ауыз су көздеріне, суаттарға ағызылатын сарқын суларлар, зиян заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясына қойылатын гигиеналық талаптар, таз судың жетіспеушілігінен зардап тартып отырған халықты, әсіресе ауыл тұрғындарын таза сумен жабдықтау мәселесі.

1- 4 апта

  Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары

 

Инженерлік жүйенің негізгі классификациясын зерттеу. Инженерлік жүйенің негізгі сипаттамаларын бағалау.

 
Қалалық су құбырының торабынан суды алу.

Өндірістік су тұтынушылар. Өртке қажетті суды алу. Реттеуші сыйымдылықтарға суды алу.

Қалалық су құбырының торабының суды беру және тарату жүйелері.

Мұнарасыз жүйе. Тораптың басында су мұнарасы орналасқан кездегі су тарату жүйесі

Суды тасымалдау кезіндегі нақты қажетті қуаттылықты есептеу.

Барлық жүйеге тиесілі судың тұрақсыз таратылым коэффициентін анықтау. Сумен жабдықтау жүйесінің қайтару уақытына экономикалық және гидравликалық әсері. 

Су беру құбырының санын анықтау.

Қауіпті жағдайды болдырмау үшін сумен жабдықтау деңгейіне тұтынушылардың талаптары. Жүйенің әр бір элементтерінің сандық көрсеткішінің сенімділігі.

Кесте немесе номограмма бойынша арын жоғалуды есептеу

Ф.А.Шевелева кестесін қолдана білу есептеп үйрену.

2 Модуль бойынша. Сарқынды суларды әкету жүйесі классификациясы

мен негізгі элементтері. Сарқынды суды әкету нормасы. Сарқынды суды әкету жүйесі. Су әкету схемалары мен суды әкету торабының конструкциясы. Су әкету торабының салудағы қолданылатын құбырлар мен коллекторлар. Су әкету тораб ғимараттары, құрылымдарыжәне жабдықтары.

5-9 апта

  Лобачева-Кросса әдісі бойынша айналмалы тораптың шығынын үйлестіру әдісі.

 

Әр бір бөліктің нақты қажетті шығынын аналитикалық әдіспен түзету (үлестіру). Құбырдың барлық бөлігінде гидравликалық кедергінің шамасын пайдалану.

Торапты контррезервуар мен үлестіру.

Тораптың максималды есепті шығынын анықтау. Тораптың пьезометрлік сызығын тұрғызу. Су мұнарасының биіктігін анықтау.

Тораптағы құбыр мен арматуралар. Тораптағы ғимаратттар.

Болат, асбестоцементтік, бетондық және темірбетондық құбырлар. Құбырлар мен арматуралардың жалғануы. Су тарату колонкалар. Өрттік гидранттар.

 Лас судың пайда болуы. Лас судың мөлшері мен сапасы. Есепті шығындар.

Тұрмыстық, өндірістік ластанған сулар. Жаңбыр суы. Ластанған судың физика-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштері. Ластанған судың ластануының дәрежесі.

Ішкі сумен жабдықтау жүйесінің шығынын анықтау.

Ішкі сумен жабдықтау жүйесі мен схемасы. Ішкі сумен жабдықтау жүйесінің классификациясы. Ішкі сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтері.

Жүйенің құралдары.

Су құбырын үйге енгізу.

Су шығынын есептеу құралдары. Ішкі сумен жабдықтау жүйесінің құбырлары мен жаппа реттеу арматуралары. Ішкі сумен жабдықтау жүйесіне қойылатын талаптар.

3 Модуль Суда табиғи көздердің, яғни әртүрлі заттар, сонымен қатар кіші тәндердің болуы, су сапасының нашарлауы, ішуге, пайдалануға карсы келетін жағымсыз, иістер мен дәмдердің пайда болуына әкеледі. Суды хлорлау әдісі. Табиғи судағы дәм мен иістің болуы, кіші тәндер мен балдырлардың өмір сүруі мен жойыл нәтижесіндегі қалдықтардан тазарту жолдары.

10-14 апта

Ішкі ластанған және қоғамдық лас суды әкету.

 

Тұрғылықты елді мекеннің ішкі ластанған суын, өндіріс және қоғамдық лас суды әкетудің негізгі мақсаты.

 

Ішкі ластанған суды әкетудің жүйесі мен схемасы. Санитарлық құралдар. Құбырлар мен арматуралар.

Суды зарарсыздан дыруға арналған хлорлау процесін зерттеу. Лас суды суатқа тастау. Суаттардағы суды пайдаланудың нормативтік көрсеткіштері.

Суды хлорлау әдістері мен тәсілдері мөлшері жұмыстың жүргізілу жолдарымен танысу.

Суат суының сапасын тиісті құжатттарға сай зерттеу.Суды суаттарға тастау тәсілдері.

Суды тазарту ғимараттар мен тазарту механизмі  

Ластанған суды механикалық және биологиялық тазалау ғимараттары.

Биологиялық тоғандар мен сүзу алаңдары.

Өндірістік ластанған суды тазалау әдістері.

Суды әкету сорғы станциялары.

Сорғы станцияларының орналасу орнын таңдау. Негізгі құралдарын таңдау және есептеу әдістерін зерттеу.

  Жер асты торабы мен жер үсті коллекторлардың ашық құрылысын жүргізу.

Құрылысқа тиесілі дайындық және қосымша жұмыстарды жүргізу. Траншея қазу жұмысы.

1Аралық бақылау

Тапсырма

Критерийлер

Дескрипторлар

Балл
 

Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған тест сұрақтар.

 

Практикалық сабақтарды тапсыру. Аралық бақылауға арналған тест тапсырмалар.

Әр студентке берілген жеке тапсырмалар.

2 Аралық бақылау

Тапсырма

Критерийлер

Дескрипторлар

Балл
 

Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған тест сұрақтар.

Практикалық сабақтарды тапсыру. Аралық бақылауға арналған тест тапсырмалар орындайды.

Әр студентке берілген жеке тест.

Қорытынды бақылау

Емтихан

Емтихан өткізу түрі

Критерийлер

Дескрипторлар Балл
 

Жазбаша емтихан.

 

Тест сұрақтарына жауап беру.

Тест сұрақтарына жауап беру.

Қорытынды баға

Семестрге қорытынды бақылау

Бағалау (білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесіне сәйкес)

И = RD*0,6+ Е*0,4

                 

Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау жүйесі

Студенттердің білімі, біліктілігі мен дағдылары келесі жүйеде бағаланады:

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық баламасы Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100

өте жақсы

А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89

жақсы

В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74
С 2,0 65-69

Қанағаттанарлық

С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0,5 25-49

Қанағаттанарлықсыз

Fx 0-49

3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

№ р/с

Автор, атауы, шыққан жылы

Ақпарат көзі

Бары (дана)

Кітапхана Кафедра

Негізгі әдебиет

Николадзе Г.И. Технология очистки природных вод. М., Высшая школа, 2007.г (с изменениями и дополнениями по состоянию на 27.04.2015 г.) баспа
Фрог Б.Н. ,Левченко А.П. Водоподготовка: Учебн. пособ. для вузов. – М.: Издательство МГУ, 1996. баспа
Тогабаев Е.Т. Егембердиева Г.А. Сидорова Н. В. Лабораторной практикум по улучшению качества воды. Алматы 1999.г баспа
Копылов А.С. , Лавыгин В.М., Очков В.Ф. Водоподготовка в энергетике: Учебник для вузов. – Издательство МЭИ, 2003. С.В. Яковлев, Ю.В. Воронов, «Водоотведение и очистка сточных вод» М.2002. Изд. Ассосциации строительных вузов 512 стр. баспа  

Қосымша әдебиеттер

Ю.М.Ласков и др. Примеры расчетов канализационных сооружений. М.: Стройиздат, 1987 – 255 стр. баспа
С.В. Яковлев, Ю.В. Воронов, «Водоотведение и очистка сточных вод» М.2002. Изд. Ассосциации строительных вузов 512 стр.  баспа
Кожинов В. Ф. Очистка питьевой и технической воды. Примеры и расчеты М., 1971.   баспа
Методические указания по надзору за водно-химическим режимом паровых и водогрейных котлов. РД 10-165-97. – Изд-во ПИО ОБТ, 2001. баспа
СаНП и Н РК-3.01.067-97 «Питьевая вода. Гигиенические требования к качеству воды централизованных систем водоснабжения». баспа
СНиП РК 4.01.-02-2001(СНиП 2.04.02.-84) Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. Алматы 2002. баспа
Отраслевая программа РК «Питьевые воды» на 2002-2010. баспа

Білім алушының өздік жұмысына арналған тапсырмалар және оларды орындау бойынша әдістемелік жұмыстар ( БӨЖ)

Тапсырма Әдістемелік ұсыныстар Әдебиет
Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізі Инженерлік жүйенің негізгі классификациясын зерттеу. Негізгі құжаттарды, нұсқауларды және ҚНжәнеҚ инженерлік жүйелерді жобалаған кездерде қолдана білу. Нег. [1-3] Қос.:[1-3]
2. Сумен жабдықтау тораптың арынды шығындық сипаттамасы Сумен жабдықтау жүйесінің жұмысы мен есептеу ерекшеліктері. Су құбыр торабының шығынын үлестіру. Нег. [1-3] Қос.[1-3]                                       
3. Тораптың айналмалы жүйесі Тораптың айналмалы гравитациялық шығынын есептеу жолдары Нег. [3-5] Қос.:[5-8]
4. Есептеудің базалық мәліметтерін жасау Су құбыр торабының шығынын есептеу үлестіру үшін компьютерлік бағдарлама дайындау.Алдын ала бөлік шығынын, құбыр диаметрін және арын жоғалуды анықтау.   Нег. [5-6] Қос.:[7-8]
5. Коллекторлардың көлделең қима пішіні Коллекторлардың қимасын таңдау. Төрт бұрышты қималы коллектор. Дөңгелек қималы коллектор. Нег. [1-3] Қос.:[1-3]
Құбырға түсетін негізгі күштер мен оның қалай түсуін анықтау. Жер астындағы құбырға түсетін негізгі күштер мен оның қалай түсуін анықтау Нег. [1-4] Қос.:[1-5]
7. Жаңбыр мен қар суын әкету тәсілдері Суды әкету тораптың схемасы. Жаңбыр мен қар суын есептеу әдістерін зерттеу. Жаңбыр суын қабылдағыштар. Нег. [1-6] Қос.:[1-3]
8. Суды әкету сорғы станциялары Сорғы станцияларының орналасу орнын таңдау. Негізгі құралдарын таңдау және есептеу әдістерін зерттеу. Нег. [1-7] Қос.[1-8]
9. Лас суларды суатқа тастау.Суаттардағы суды пайдаланудың нормативтік көрсеткіштері. Суат суының сапасын тиісті құжатттарға сай зерттеу.Суды суаттарға тастау тәсілдері. Нег. [1-9] Қос.[1-10]
Жер асты торабы мен жер үсті коллекторлардың ашық құрылысын жүргізу Құрылысқа тиесілі дайындық және қосымша жұмыстарды жүргізу. Траншея қазу жұмысы. Нег. [1-11] Қос.[1-12]
11. Лас суды әкетудің жалпылай және жартылый толық бөлінген жүйесі Жүйелердің максималдық шығындарын анықтау.Жаңбыр су мөлшерін есептеу. Нег. [1-13] Қос.[1-14]
12. Су мұнарасы мен реттеуші сыйымдылықтар. Су құбыр торабындағы мұнара мен реттеуші сыйымдылықтардың түрлері.Олардың негізгі мақсаты.Жер үсті және жер асты сыйымдылықтар Нег. [1-15] Қос.[1-16]
13. Құбырлар мен коллекторларды және ғимараттарды пайдалану кезіндегі металл мен бетонның коррозиясы. Коррозияның пайда болуы мен түрлері. Химиялық коррозияның заңдылықтарын зерттеу.   Нег. [1-17] Қос.[1-18]
14. Металл беттерін коррозиядан сақтау. Құбыр бетін қорғау. Құбыр бетін битуммен, полимерлік материалдармен және эмалмен жабу.Катодтық қорғау. Нег. [1-19] Қос.:[1-20]
15. Бетон және темір бетондық конструкцияны коррозиядан қорғау. Коррозиядан қорғау тәсілдері.Беттік изоляция.Қорғаудың электрлік тәсілі. Нег. [1-21] Қос.:[1-22]

Барлығы

15 сағат

Білім алушылардың оқу бағасының жетістіктерін ағымдық және аралық бақылау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестілеу тасырмалары, өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихандық билеттер)

Модуль бойынша бақылау жүргізуге және аралық аттестацияға арналған сұрақтар.

1 модуль бойынша бақылау сұрақтар.

1. Табиғи суды тазарту проблеманың санитарлы-гигиеналық мағынасы.

2. Табиғи судың сапасын сипаттайтын көрсеткіштері

3. Табиғи суларды тазалау және өңдеу әдістерін атаңыз.

4. Судың қоспаларының коагуляция процесінің мәні.

5. Реагенттер ерітіндісін мөлшерлеуді қалай жүргізеді?

6. Гидравликалық араластырғыштарға қай араластырғыштар жатады?

7. Жапалақ пайда болатын камераларды қолдану саласын көрсетіңіз.

8. Тұндырғыштардың түрлері және оларды қолдану саласы.

9. Қалқыма тұнба қабатында суды мөлдірету процесінің мәні.

10. Сүзгілердің жіктелуі.

11. Судың қоспаларын коагуляциялау.

12. Суды дайындауда қолданатын реагенттер.

13. Судың қоспаларын коагуляциялау процесін қарқындату.

14. Реагенттік шаруашылық.

15. реагенттерді ждайындау және мөлшерлеу.

16. Араластырғыштар.

17. Жапалақ пайда болатын камералар.

18. Суды тұндыру.

19. Көлденең және жұқа қабатты тұндырғыштар.

20. Тік және радиалды тұндырғыштар.

2- Модуль бойынша бақылау сұрақтар.

1. Жеке бөлімдердегі және ғимараттардағы суды әкету жүйесі мен схемасы.

2. Ішкі канализациялық тораптың трассирофкасы.

3. Ішкі және сыртқы канализация торабының негізгі есебі.

4. Елді мекендердегі канализация жүйесі.

5. Қаланың канализация торабының схемасы.

6. Сыртқы канализация торабын орнату үшін қолданылатын материалдар мен құбырлар.

7. Лас судың классификациясы.

8. Лас су сапасының көрсеткіштері.

9. Лас суды тазалау әдісі.

10.Лас суды тазалаудың негізгі технологиялық есебі.

11. Бактерцид сәулесімен суды зарарсыздандыру қондырғылары. 

12. Судың иісі мен дәмін кетіру.

13. Суды фторландыру.

14. Судан фторды кетіру. 

15. Жер беті суларын темірсіздендіру.

16. Жер асты суларын темірсіздендіру.

17. Судан марганецті кетіру.

18. Суды жұмсарту.

19. Суды тұщыландыру және тұзсыздандыру.

20. Тұндырғыштардың жұмыс істеу принципі

3- Модуль бойынша бақылау сұрақтар.

1. Ауыз суы сапасына қойылатын талаптар.

2.Табиғи суды тазалау мен өңдеудің негізгі технологиялықсхемаларды көрсетіңіз.

3. Су тазарту станциясының есептік өнімділігін анықтау.

4. Реагенттік шаруашылықтың міндеті және оның құрамын айтыңыз.

5. Коагулянттардың түрлері және коагуляция процечінің өтуі қалай?

6. Реагент ерітінділерін дайындау әдістері қандай?

7. Реагентерді сақтау жолдары қандай?

8. Тұндырғыштардың жұмыс істеу принципі.

9. Сүзгілерде қолданылатын сүзгіш материалдарды атаңыз?

10. Суды хлорлағанда химиялық реакцияның өтуі қалай?

11. Ғимараттың ішкі канализация схемалары 

12. Суды тазалаудың және өңдеудің арнайы жүйелері

14. Тәуліктік минималдық біркелкісіздік коэффициент нешеге тең, Кмак

15. Су құбыр тораптарына қолданылатын болат құбырларының басқа құбырлардан артықшылығы

16. Су құбыр тораптарына қолданылатын шойын құбырларының басқа құбырлардан артықшылығы

17. Сорғыш қондырғысы неден тұрады ?

18. Құрылыс ішкі су құбыр және су әкету жүйесімен ваннасыз жабдықталған. Су әкету нормасын көрсетіңіз, qб , л/тәу.ад.

19. Сорғыштың қандай көрсеткіштері негізгі болып саналады ?

20. Екінші абаттандыру дәрежесінде әр тұрғынға тиесілі су мөлшерін көрсетіңіз, л/тәу.ад ?

 Өздік бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Лайлығы бойынша ауыз суының сапасына қойылатын талап.

А) 2,0 мг/л ;

В) 1,5 мг/л ден кем;

С) 1,0 мг/л ден кем;

D)5 мг/л;

Е) 8-12 мг/л.

2. Су тазартқыш ғимараттардың құрамы қалай таңдап алынады?

А) тұтынушылар талабына байланысты;

В) бастапқы суды сапасына, өнімділікке және тұтынушылар талабына байланысты;

С) өнімділікке байланысты;

D) бастапқы суды сапасына байланысты;

Е) барлық жауаптар дұрыс.

3. Түстілі суды өңдеуге қажетті коагулянттың мөлшері қалай табылады, мг/л?

А) Мк= 4√Ц;

В) Мк= √Ц;

С) Мк= 4*Ц;

D) Мк= 0,9Ц;

Е) Мк= 1,5√Ц.

4. Су тазарту схемаларда араластырғыштардың міндеті:

А) коагулянт жаплағын құру;

В) қосылған реагенттерді өңделетін суда біркелкі үлестіру;

С) өңделетін судың ламинарлы қозғалыс режимін құру;

D) қалқымаларды тұндыру;

Е) реагенттерді мөлшерлеу.

5. Көлденең тұндырғыштардың қолданатын жағдайы қайсысы?

А) судың лайлылығы 1500 мг/л-ге, түстілігі 120 град-қа дейін өнімділігі 5000 м3/тәу-ке дейін;

В) судың лайлылығы 50-ден 1500 мг/л-ге, түстілігі 120 град-қа өнімділігі 5000 м3/тәу-тен артық;

С) судың лайлылығы 1500 мг/л-ге, түстілігі 120 град-қа дейін өнімділігі 20000 м3/тәу-ке дейін;

D) судың лайлылығы 1500 мг/л-ге, түстілігі 120 град-қа дейін өнімділігі 30000 м3/тәу-тен артық;

Е) судың лайлылығы 120 мг/л-ге, түстілігі 120 град-қа дейін қай өнімділік болса да.

6. Радиалды түндырғыштың міндеті

А)жоғары лайлы суды алдын ала мөлдірету;

В) аз лайлы суды мөлдірету;

С) аз лайлы және түстілі суды мөлдірету;

D) судан планктонды кетіру;

Е) аз шығынды суды мөлдірету.

7. Жедел сүзгілерде сүзу жылдамдықтың мөлшері қандай, м/сағ.?

А) 0,1-0,3 м/сағ;

В) 5-12 м/сағ;

С) 12-25 м/сағ;

D) 25-36 м/сағ;

Е) 36-100 м/сағ.

8. Баяу сүзгілерде сүзу жылдамдықтың мөлшері қандай, м/сағ.?

А) 0,1-0,3 м/сағ;

В) 5-12 м/сағ;

С) 12-25 м/сағ;

D) 25-36 м/сағ;

Е) 36-100 м/сағ.

9. Ауыз судағы қалдық хлордың концентрациясы неге тең, мг/л?

А) 0,3-05;

В) 0,3-08;

С) 0,8-1,0;

D) 1,0-1,2;

Е) 0,1-0,3.

10. Ауыз суын неге фторландырады?

А) тісті флюороздан сақтау үшін;

В) тісті кариестен сақтау үшін;

С) гепатиттен сақтау үшін;

D) суды зарарсыздандыру үшін;

Е) суды жұмсарту үшін.

11. Су құбыр жүйесі өзінің пландағы түріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді

A) магистралдық және негізгі

B) тұйықталған және айналмалы

C) негізгі және қосымша

D) бөлек және бірлескен

E) құрастырылған және бөлінген

12. Су әкету схемасы қабылданған су әкету жүйесіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді

A) перпендикулярлы

B) кесе көлденең

C) параллелді

D) белдеулік

E) А, В, С, D

13. Ластанған су өзінің пайда болуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді

A) минералды

B)органикалық

C) бактериалық

D) биологиялық

E) А, В, С, D

14. Кmax=1,2 и Qср,сут=345350 л/тәу болған кездегі есептік тәуліктік максималды су шығынын анықтау керек

A) 345 м3/тәу

B) 414,42 м3/тәу

C) 645 м3/тәу

D) 859,23 м3/тәу

E) 931,25 м3/тәу

15. Су құбыр жүйесі өзенмен түйіскен жерінде су астына нені орнатады

A) футлярды

B) каналды

C) траншеяны

D) науаны

E) дюкерді

16. Кирхгофтың 1 заңы бойынша айналмалы желіде су шығынының бөлінуі

A) Sh=0

B) Sd=0

C) Sq=0

D) Si=0

E) SL=0

17. d=20 мм құбырының ауданын анықтау керек

A) 314 *10-6 м2

B) 200*10-6 м2

C) 100*10-6 м2

D) 40*10-6 м2

E) 20*10-6 м2

18. Түйін шығыны q3 =4л/с болған кезінде тұйық желінің 2-3 бөлігіндегі секундтық су шығынын анықтау керек.

A) 2 л/с

B) 4 л/с

C) 8 л/с

D) 12 л/с

E) 16 л/с

19. Елді мекеннің ластанған суын тазалау әдістерін атаңыз

A) механикалық

B) биологиялық

C) химиялық

D) физика-химиялық

E) А, В, С, D

20. Түйін шығындары q3 =4л/с және q4 =10л/с болған кездегі желінің бөлік шығындарының есепті секундтық су мөлшерін анықтау керек

A) q2-3 =4 л/с

B) q2-3 =6 л/с

C) q2-3 =8 л/с

D) q2-3 =9 л/с

E) q2-3 =10 л/с

21. Айналмалы желіде су мөлшерінің бөлінуі Кирхгофтың 2 заңы бойынша қалай анықталады

A) Sh=0

B) Sd=0

C) Sq=0

D) Si=0

E) SL=0

22. Сумен жабдықтау су көздері

A) өзендік

B) жер бетінің

C) жер астының

D) суқоймасының

E) В және С

23. Тұрғындар тығыздығы Р=175 ад/га , елді мекеннің ауданы F=1925500 м2 болған кездегі елді мекеннің тұрғындар санын анықтау керек.

A) 24562 адам

B) 28536 адам

C) 31250 адам

D)33696 адам

E) 35694 адам

24. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің негізгі бөлігін атаңыз

A) сумен жабдықтау жүйесінің су көздері

B) су қабылдау ғимараттары

C) тазарту ғимараттары

D) сорғыш станциясы

E) А,В,С,D

25. Кчас=1,5 және Qмак,сут=45 м3/тәу болған кездегі жолаушылар ғимаратына қажетті есепті секундтық су мөлшерін анықтау керек

A) 0,2 л/с

B) 0,3л/с

C) 0,78 л/с

D) 1,5 л/с

E) 4,5 л/с

26. Q=0,2 м3/с және dвс= 0,35 м  болған кездегі сорғыштың сору құбырындағы сұйық жылдамдығын анықтау керек

A) 0,73 м/с

B) 1,03 м/с

C) 1,53 м/с

D) 1,83 м/с

E) 2,08 м/с

27. Ластанған суды механикалық тазалау ғимараттары

A) реагенттік шаруашылық, тұндырғыш

B) құм ұстағыш, тұндырғыш, сүзгілер

C) тұнба алаңы, ұнтақтағыш

D) сүзу алаңы, суландыру алаңы, биосүзгілер, аэротенктер

E) құмұстағыштар, аэротенктер, тұндырғыштар, метантенктер

28. Q=0,15 м3/с және dнап= 0,3 м болған кездегі сорғыштың арынды құбырындағы сұйық жылдамдығын анықтау керек

A) 1,73 м/с

B) 2,12 м/с

C) 1,53 м/с

D) 1,83 м/с

E) 2,1 м/с

29. Суды мөлдірлету және түссіздендірудің технологиялық схемасы (ғимараттардың орналасу тәртібі)

A) араластырғыш, аэротенктер, тұндырғыштар, сүзгілер

B) араластырғыш, жапалақ пайда болатын камера, метантенктер, сүзгілер

C) араластырғыш, жапалақ пайда болатын камера, тұндырғыштар, сүзгілер

D) жапалақ пайда болатын камера, тұндырғыштар, сүзгілер, құм алаңы

E) араластырғыш, тұндырғыштар, сүзгілер, биосүзгі

30. Кчас=1,2 и Qмак,сут=845 м3/тәу болған кездегі локомотивтік де



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.