Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Көбеюі және дамуы. Экологиясы және классификациясы



2.1. Көбеюі және дамуы. Экологиясы және классификациясы

 

Ескектілер тек қана жынысты жолмен көбейетін қос жынысты жануарлар. Жыныс бездері энтодерма клеткаларынан дамып гастроваскулярлы жүйесінің әрбір меридиональды түтікшелерінің бүйірінде орналасқан. Бір жақ бүйірінде аналық бездері, екіншісінде аталық.

Жетілген жыныс клеткалары меридиональды түтікшелерінің эпителий қабатын жарып, одан ауыз тесігі арқылы су ортасына шығып ұрықтанады. Даму циклы қарапайым, біркелкі емес, оның анимальды полюсіндегі клеткаларыжиі бөлініп, ұсақ бластомераларды немесе микромераларды, ал вегетативті полюсіндегі клеткалары баяу бөлініп ірі макромераларды түзейді. Осылай қалыптасқан бластуланың микромерасынан эктодерма ұрық жапырақшалары жетіледі.

Микромералар макромералардың сыртын айнала қаптап, (эпиболия әдісі бойынша) қос қабатты гаструлаға айналады. Гаструла сатысының соңында бластопора (гастропора) жағында орналасқан эктодерма клеткалары жедел бөлініп, гастроцель қуысына қарай бойлай созылада да эктодермальды жұтқыншақты құрайды, эндодерма клеткаларының біразы эктодерма мен энтодерма аралығына кетіп, ерекше крест тәрізді клеткалар тобын құрайды. Олар үшінші ұрық жапырақшасы – мезодерма қабатының бастамасы. Осылардан мезоглея клеткалары және қармалауыштарының бұлшықеттері қалыптасады.  

  Ескектілер барлық теңіздерде кездеседі, бірақ қоңыржай және жылы теңіздерде көп тараған. Денесі нәзік, мезоглеясы жақсы дамыған, медузалардікі сияқты мөлдір түссіз неиесе қызғылт түсті, тек ескек тақталары кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрады. Көбінесе судың үстіңгі қабатында тіршілік етеді, ал теңіз қатты толқынданып, нәзік денесіне қауіп төнген кезде су түбіне шөгіп кетеді.

Дене мөлшері 5 мм- ден ( Pleurobrachia pilens ) 12-20 см-ге дейін Bolinopsis infundbulim̦Beroe cucumis), ал шолпан белдігінің- Cestus venеrus- тің ұзындығы 1,5 метр.

Ескектілер класы екі класс тармағына бөлінеді: қармалауышсыздар – Atentaculata және кармалауыштылар – Tentaculata.

   

 

 

 

 

  2.2. Қармалауышсыздар және қармалауыштылар класс тармақтары

  Қармалауышсыздар класс тармағында бір ғана – Beroidea – отряды бар. Тіршілігінің барлық кезеңінде қармалауыштары болмайды, қорек заттарын кең ашылытын ауызымен ұстап қоректенеді. Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерінде BEROE cucumis түрі кең тараған. Денесі қап тәрізді. Жыртқыштар, басқа ескектілермен қоректенеді.

  Қармауыштылар клас тармағында бес отряд бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде дамуының алғашқы сатысында ғана қармалауыштары болады. Тіршілік жағдайында бейімделуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшыраған.

  SECTIDEA отряды өкілдерінің денесі көлденеңінен созылған ұзын лента тәірізді. Басты өкілі – CESTUS venerus. Жерорта теңізінде мекен етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады.

  СYDAPPEA отряды өкілдерінің денесі шар немесе жұмыртқа тәрізді қармалауыштары жақсы дамып, тармақтанған, денесінен ұзын.

  BOLINOSIDEA отряды өкілдерінің денесі жұмыртқа тәрізді, оральді полюсінде екі жүзгіш қалағы жақсы дамыған. Негізгі туыстары: BELINOPSIS, OSYROPSIS, DEIOPEA.

  TJALFIELLDEA отрядының арктика жағалауында кездесетін жалғыз түрі – TJALFIELLA TRISTOME – бекініп тіршілік етуге бейімделген. Олардың жаңа дамыған формалары кәдімгі ескектілер сияқты ескек тақталары сияқты тартылып, суда еркін жүзіп, кейін ауыз жағымен субстрактқа бекінеді. Аузының екі шеткі бөлігі жоғары қарай созылып, ауыз тесігінен қорек заты ұстауға бейімделген екі қармауышы шығып тұрады.

  PLATYCTENEA отряды мүлде ерекше, өкілдері тек жүзіп қана қоймай, сонымен қатар субстратта жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Бұларға 20-ға жуық түрлері жатады, негізгі туыстары: CTENOPLANA, COELOPLANA.

  Көрнекті ғалым А.О. Ковалевский 1880 жылы Қызыл теңізден жалпақ пішінді жорғалап тіршілік ететін түрді тауып, оны зерттеп COELOPLANA METSCHNIKOWI  деп атайды.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ескектілер жынысты жолмен ғана көбейе алады. Бір жануар жұмыртқаны да сперминді де шығарады. Сонымен қатар ескектілерде мезоглея қатты дамыған яғни олар көрінбейді оларда мөлдірлік қасиет  бар. Әдетте ескектілер түссіз болады, бірақ кейбір түрлері сары түске ие.

Қазіргі уақытта ескектілердің 80 жуық түрі анықталған. Олардың ішіндегі ең кішкентайлары Pleurobrachia pileus ұзындығы 5 мм-дей (ұзынға созылатын қармалауыштарын есепке алмағанда). Неғұрлым үлкен түрлері мысалы,  Cestus veneris ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді.

Ескектілердің ткандарі нәзік болып келетіндіктен олар судың тереңдігінде мекендейді. Ескектілердің кейбір түрлері 3 км тереңдікте кездеседі. Ескектілердің біраз түрі қараңғыда өзінен көкшіл түсті шығарады.

Ескектілердің бәрі де (біреуінен басқасы) – жыртқыш. Қармалауыштың беті желімденетін клеткалардан тұрады. Олар арқылы ескектілер өзінің қорегін ұстап алады. Ал қармалауыштары жоқ ескектілер мысалға, Болинопсис оның аузының екі тұсында тесігі болады оларды сермеу арқылы болинопсис аузына плонктондық организмдерді кіргізе алады.

Ескектілерді зерттеу барысында ескектілердің қорегін ұстау әдістерінің, сонымен қатар қорегінің де түрлі болатыны анықталды.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Оқулық омыртқасыз жануарлар авторы Қ.Ә. Дәуітбаева

2. Ғаламтор жүйесі  Google



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.