Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кіріспе. Ескектілер типі



 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

ВЕТЕРИНАРИЯ және МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ФАКУЛЬТЕТІ

 

                     Реферат

Тақырыбы:Ескектілер типі

 

Орындаған : Алина Н.Ж. 

                                                                               Тексерген : Ибраева А.Б.

 

 

 

                                                                                  

  

Астана , 2013

                                      

                               

                           

                            Жоспары

 

Кіріспе  
I  Негізгі бөлім  
1.1. Ескектілер типі  
II. Ескектілер классы. Құрылысы және физиологиясы  
2.1. Көбеюі және дамуы. Экологиясы және классификациясы  2.2. Қармалауышсыздар және қармалауыштылар класс тармақтары Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер  

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ескектілер жайлы алғаш кездесетін деректерді б.з.д. V—IV ғ өмір сүрген Аристотель еңбектерінен көруге болады. Дегенмен ол заманда зоологиялық ілім аса дамымағаны себепті Аристотель ескектілерді голотуриялармен шатастырып алған. Тек 1671 ж. Мартене өзінің Шпицберг теңізінің маңайында мекендейтін теңіз жануарлары туралы кітабында алғаш рет ескектілерді сипаттай отырып, суретін келтірген болатын. Ескектілер аз зерттелген, бірақ сонғы жылдары оны зерттеуге көп көңіл бөлініп жатыр.

Ескектілер тек теңізде мекендегендіктен олар суда жақсы жүзуге бейімделген организмдер. Ескектілердің денесі дөңгелектеу болып келеді. Олардың бір ұшында ауыздары бар. Ескектілер денесінің бойында меридиональдік бағытта сегіз қабат құрайтын ескектер орналасқан.  

Ескектілердің біраз түрлері қармалауышты.  Әрдайым қармалауыштардың саны екеу және олар ескектілердің бүйір жағында орналасып, арнайы қармалауыштық қалталарға тартыла алады.

Қармалауыштар ұзынға созыла алады, әдетте олардың ұзындығы жануарлардың ұзындығынан бірнеше есеге артады. Қармалауыштың беті желімденетін клеткалардан тұрады. Олр арқылы ескектілер өзінің қорегін ұстап алады. Ескектілердің  90- жуық түрлері кездеседі.Олардың бір класс ескектілер жатады. Ескектілердің нерв жүйесі жақсы дамыған. Олар тек қана жынысты жолмен көбейеді.Олар барлық теңіздерде кездеседі, сонымен қатар жылы теңіздерде көп тараған. Ескектілер класының аборальды мүшесінде мөлдір қабықшасы, кірпікші түктер, статолит және кірпікшелі жіпше орналасады. Әрине, бұл ескектілер туралы шағын ғана ақпарат, сондықтан оның кызметіне, дамуына тоқталу дұрыс болады. Қандай ағза болмасын біз мінтетті түрде оның құрылысын, қызметі, дамуы мен көбеюіне және экологиясына тоқталамыз.

 

 

 

   I Негізгі бөлім  

1.1.Ескектілер типі

Ескектілер – тек теңіздерде еркін жүзіп, кейбіреулері жорғалап немесе тіркеліп тіршілік ететін, сәулелі симметриялы жануарлар. Денесі ішекқуыстылардікі сияқты эктодерма, энтодерма қабаттарынан және екеуінің арасындағы қалың мезоглея қуысынан тұрады. 

Типтің өзіне тән ерекше белгілерінің бірі – атқыш клеткаларының дамуы, мезоглея қуысында алғашқы мезодерма клеткалар жиынтығының байқалуы, түрі өзгерген кірпікшелерінің көмегімен қозғалуы. Ескектілер (Ctenophoda) – омыртқасыз жануарлардың тек теңізде тіршілік ететін бір типі. Өзімен аттас 1 класы, 6 отряды бар, 120-дай түрі белгілі. Барлық теңіздерде таралған, әр түрлі тереңдікте жүзіп, су түбінде жылжып тіршілік ететіндері де бар. Олардың дене мөлш. 2 – 3 мм-ден (Тіnerfe cyanea) 2,5 м-ге (Сestus venerіs) дейін жетеді. Денесі іркілдек, мөлдір, пішіні шар не қапшық тәрізді, ал Шолпан белдігі (Сestus venerіs) лента тәрізді болады және эктодерма (сыртқы), энтодерма (ішкі) қабаттарынан, сондай-ақ екеуінің арасындағы қалың мезоглея қуысынан тұрады. Денесінің бір жағында аузы, екінші жағында тепе-теңдікті сақтайтын сезім мүшесі (статоцист) орналасқан. Ескектілер дің басқа ішекқуыстылардан айырмашылығы – бұлар тақташа тәрізді 8 ескегінің көмегімен ауыз жағымен алға қарай қозғалады. Бұлардың атпа клеткалары болмайды, көпшілігі қорегін екі бүйіріндегі жабысқақ клеткалы (коллобласт) қармалауыштарымен, кейбіреуі аузымен ұстайды. Ауыз тесігі жұтқыншаққа, одан қарынға жалғасады. Қарыннан гастроваскуляр жүйесінің тұйық түтікшелері тарайды. Ескектілер гермофродиттер, жетілген жыныс клеткалары ауыз тесігінен сыртқа шығып ұрықтанады. Ескектілер – ұсақ зоопланктонмен, кейде балық шабақтарымен қоректенетін жыртқыштар, ал өздері треска балықтарының қорегі. Бұлардың көпшілігі қараңғыда жарық шығарады.

 Ескектілердің 90- ға жуық түрі белгілі. Бұл типке бір ғана класс – ескектілер – Ctenophora жатады.

 

 

  

 

 II  Ескектілер классы. Құрылысы және физиологиясы  Көпшілігінің денесі сопақша немесе қап, алмұрт тәрізді, ал « шолпан белдігі» - CESTUS VENERIS – лента тәрізді. Денесінің аузы орналасқан жағын – оральды полюс, оған қарама-карсысын- аборальды деп атайды. Осы екі полюстері арқылы өтетін басты осьтен өзара перпендикулярлы екі симетриялы жазықтық жүргізуге болады, осыған орай ескектілердің денесі де екі сәулелі симметриялы болып келеді. Сонымен қатар біраз мүшелері басты осьтің айналасында, саны сегізге дейін радиальды бағытта орналасып ( ескекті тақталары, радиальды түтікшелері, жыныс бездері), сегіз сәулелі симметрияны құрайды.

Оральды полюсінде орналасқан ауыз тесігі бір бағытта қабыстырылған эктодермальды жұтқыншаққа, ол жоғары жағында кеңейіп эндодермальды қарынға ұласады. Қабыстырылған қарын жұтқыншақтың жазықтығына перпендикулярлы орналасқан.

Қарыннан гастроваскулярлы жүйесінің бес каналы басталады. Біреуі тік төбеге қарай созылып, аборальды полюстің астында төрт қысқа түтікшелерге бөлінеді: екеуі тұйық, екеуі жіңішке тесікпен аяқталады. Басқа екі түтігі жұтқыншақ бойымен оральды полюске қарай созылып тұйықталады. 

Қарынның түбінен дененің басты осіне перпендикулярлы бағытта екі бүйірлі түтіктер басталып, олардың әрқайсысы тағы да екі рет дихотомиялы тарамдалып көлденеңінен орналасқан сегіз түтікті түзейді. Олар тұйық бітетін дененің аборальды полюсінен оральды полюсіне қарай созылған сегіз меридиональды түтікшелерімен жалғасады. 

Меридиональды түтікшелерге сай келетіндей дененің сыртқы жағында сегіз қатар қыры немесе белдеуі бар. Әрбір қырда көлденеңінен қатарласып келген төрт бұрышты шағын тақталар орналасқан. Бұлардың әрқайсысы жұқа, мөлдір, ұшы айдарша тарамдалған, бір-бірімен бірігіп кеткен ірі кірпікшелерден тұрады. Тақталар көптеген ескекшелер тәрізді суды бір бағытта айдап, жануарды ауыз полюсімен алға қарай жылжытады. Осыларға қосымша – ескек тақталар қатарынан кірпікшелі жіпшелер дамып, олар екі- екіден бірігіп , төртеу болып абораьды полюсіне қарай бағытталып жатады. Осылайша ескектілер өмір бойы өзгерген кірпікшелермен қозғалады. Ішекқуыстыларда бұл әдіс тек личинкаларға тән.  

 

2..ауыз тесігі; 2- жұтқыншақ; 3- қарын; 4- меридиональды түтікшелер; 5- ескекті тақталар қатары; 6- қармалауыш; 7- аборальды мүше; 8- қармалауыш шұңқырмасы; 9- оральды полюсіне бағытталған түтікшесі. 

 

Ескектілердің көпшілігінде қорегін ұстайтын екі ұзын қармалауыштары денесінің бүйір жағында бір- біріне қарама-қарсы орналасқан. Олар ерекше қармауыш ойығына жиырыла алады.Қорек затты ұстауға қармалауыш  эпителиясының жабысқақ немесе коллобласт клеткалары қатысады. Олардың сыртқы беті жарты шар пішінді және жабысқақ тамшылармен қапталған. Жарты шардың түбінен қармалауыштың ішіне қарай, спираль тәрізді оралған жіпше өтеді, ол екінші ұшымен қармалауыштың ұзына бойы орналасқан бұлшықетіне жабысады. Ұсталынған ұсақ организмдер клеткаларға жабысады да құтылуға тырысқан шақта жабысқақ клетканы орнына қайтарады. Ұсталынған қоректі кең ауызы арқылы жұтады.  

 Ескектілердің нерв жүйесі жақсы дамыған. Диффузиялық нерв жүйесімен қатар ескек тақталарының бойында және кірпікшелі жіпшелерінің астында нерв клеткалары шоғырланып , тығыз тәждерді, сонымен қатар ауызының айнала жиегінде нерв сақинасы түзейді. Аборальды полюсінің ортасында арнаулы тепе- тендікті сезгіш « аборальды мүшесі » орналасқан. Оның негізі – статолит, ол бір- бірімен жабысқан фосфор қышқылды кальций дәндерінен құралған. Статолитті, рецепторлы клеткаларынан таралған, иілген ұзын төрт кірпікше түктері ұстап тұрады. Олар кірпікшелі жіпшлер арқылы ескек тақталар қатарымен өзара байланысады. Статолит жастықша тәрізді эктодерма клеткаларынан тұратын қалың жиынтықтың үстінде орналасқан, оны сыртынан ұзын кірпікше түктерден құрылған түссіз қалпақша жауып тұрады. Статолитті ұстап тұратын кірпікше түктерінің иіліп жазылуынан ол үнемі тербеліс, қозғалыс үстінде болады. Бұл тербелу кірпікшелі жіпшелер арқылы ескек тақталарына ұласып, олардың да қозғалысын реттейді. Аборальды мүшесінен айырылған ескектілердің есу қызметі де бұзылады. Осыған байланысты тепе- тендікті сақтау және жылжуын реттеу жұмысын «аборальды мүше» атқарады.

 

  

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.