Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

                    Философия және саясаттану факультетінің            Ғылыми кеңесінде бекітілді            № 1 хаттама « 29»082014 ж.           Факультет деканы ________А.Р. Масалимова
   

Мамандық: «6М030100-Заң»

СИЛЛАБУС

«№ 3 модуль «Психология

«ТМОР 5207» «Психология»

1 курс, қ/б, семестрі күзгі

2 кредит ,

Пән типі: «кәсіби элективті модуль»»

Дәріскер: Бердібаева С.Қ.- психология ғылымдарының докторы, профессор.Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 377-33-32 (21-31); 304 74 51; 8 777 237 49 77 e-mail: berdybaeva_sveta@ mail.ru ; каб.:415

Оқытушы (семинар сабақтар): Бердібаева С.Қ.- психология ғылымдарының докторы, профессор.Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 377-33-32 (21-31); 304 74 51; 8 777 237 49 77 e-mail: berdybaeva_sveta@ mail.ru ; каб.:415

Курстың мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты.

Негізгі міндетті № 3 модуль бойыншаоқытылатын «Психология курсы магистранттардың өмірлік іс-әрекетте және кәсіби іс-әрекетте психологиялық білімдерді жүйелі теориялық-практикалық аспектіде қолдануда маңызды және өте қажетті болып табылады. Тұлғалық дамуда адамның өзі мен басқаларға қатысты психологиялық білімдер жайлы жүйелі ақпараттар осы курспен тікелей байланысты. Курстың мақсаты магистранттарда психологиялық білімдерді ғылыми педагогикалық іс-әрекетке психологиялық дайындау; психологияны өз бетінше зерттеуге және өзіндік тануға мотивация қалыптастыру, қазіргі психологиядағы адам туралы жүйелік түсініктермен таныстыру.

Міндеттері:

1. Адам психологиясы жайлы психологиялық теориялар мен концепцияларды және базалық түсініктерді және психологиялық заңдылықтарын оқу негізінде магистранттардың білімдерін жүйелендіру;

2. Психология жайлы негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін практикада қолдана алу туралы білімдер беру;

3. Психологиялық білімдерді зерттеуде, кәсіби іс-әрекетте жүйелік ықпалда қолдана алу мотивациясын қалыптастыру,  психологиялық білімдердің өзіндік ерекшеліктері туралы теориялар мен зерттеулер, әдістері негізінде білімдерді магистранттарда практикалық аспектіде қолдана алуды жүйелендіру.

 Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):

Жалпы құзырет: құралдық: классикалық базалық негізгі психологиялық әдебиеттерді талдау ептілігі, өзіндік жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруға қабілеттілік, әртүрлі ғылыми салалар мен психологияның салалары бойынша білімдердің болуы, меңгерген психологияның теориялық- практикалық мәселелері туралы түсініктерін қазақ (орыс) және шетел тілдерінің бірінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби сферада пайдалану, электронды қарым-қатынас технологияларын жетілдіру, ағылшын тіліндегі психологияның білімдермен таныса алуды үйрену;

    тұлға аралық: адамның тұтастық табиғатын психологиялық деңгейде түсіну, жаңа ғылыми теориялар мен бағыттарды сыни қабылдай алуға қабілетті болу, адамның индивидуалды креативті қабілеттері туралы білімдерді ғылыми бағытта пайдалану; психологияның практикалық тенденцияларын түсіну және талдау, топтық ғылыми зерттеулер мен жобаларды жасауд а командада жұмыс жасай алу, кәсіби рефлекцияға қабілетті болу;

жүйелік: адам тұтастай жүйе деп қарастыратын жүйелік түсініктер, психологияның теориялық- практикалық білімдерді практикада қолдану білу қабілеттілігі, тапсырмаларды орындауда зерттеушілік дағдыларының көрінуі, лидерлік сапаның қалыптасуы, таным мен мінез-құлықты регуляциялаудың өзара байланысын түсіну, сәттілікке ұмтылу, жаңа креативті идеяларды жасауға икемділік.

пәндік құзырет: жалпы психология ғылымы бойынша алынған білімдерді өз зерттеулерін өткізуге, жоспарлауға және ұйымдастыруға қолдана білу, әлеуметтік психология, психодиагностика негіздері, даму психологиясы, когнитивті психология және онымен шектес ғылыми білімдердің фундаменталды жағдайларын, психикалық дамудың мәдени тарихи және іс-әрекеттік бағыт шеңберіндегі негізгі ұғымдарын, қазіргі психологияның практикалық-қолданбалы мәселелерінің ғылыми бағыттары мен әлемдік психология ғылымдарының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын меңгеру ептілігін алу;

Пререквизиттер:“Жалпы психология” (бакалвриат курсы). Курсты жақсы меңгеру үшін осы курстың алдында оқылуы тиіс, мына пәндермен танысу қажет: “Философия”, “Жалпы психология”, “Әлеуметтану”.

Постреквизиттер:Оқытылып отырған пәнмен педпрактика (психологиялық компонент) “Психология” курсын оқу мен зерттеу барысында алынған білімдер адамдармен, ұжыммен сәтті өзара қарым-қатынас жасай алуды құру үшін қажет. Адам өзін терең тануға және басқаларды жақсы тануға, өмір мен жұмыстың жаңа шарттарына сәтті бейімделуге, нәтижесінде табысьы өмір мен сәтті кәсіби іс-әрекетті жасай алу үшін аса қажетті курс болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.