Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I. Зерттеу объектісі туралы жалпы мәліметтер



 

Кіріспе

I. Зерттеу объектісі туралы жалпы мәліметтер

II. Табиғи климаттық жағдайлар

2.1 Климат

2.2 Жер бедері және топырақ түзуші жыныстар

2.3 Беттік және ыза сулар

2.4 Өсімдік жамылғысы

III. Негізгі бөлім

3.1 Топырақ жамылғылары

IV. Жерлерді агроөндірістік және мелиоративтік топтастыру

V.Топырақтардың бонитировкасы

VI. Экономикалық тиімділігі

VII. Қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 

Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді.

 

 

I. Зерттеу объектісі туралы жалпы мәліметтер

 

Мойынқұм – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары жеріндегі құмды алқап. Солтүстігі мен шығысында Шу өзені аңғарымен, оңтүстігінде Қаратау, Қырғыз Алатауы жоталарының бөктерімен шектеледі. Ауданы 37,5 мың км². Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 500 км-ге созылып жатыр. Мойынқұмның Шу өзеніне жалғасқан бөлігінің ені 15–30 км. Жер қыртысы палеозойлық тұғырдың майысқан (Шу синеклизасы) жерінде жатыр, беткі жағы шөгінді қабат. Шығыс бөлігі биіктігі 10–25 м, ұзындығы 1–2 км-дей жеке жалдарға бөлінген, жер бедері бұйратты. Орталық бөлігінде биіктігі 50 – 70 м құмды қырқалар қалыптасқан. Ойыстарда жер асты сулары тым жақын. Оңтүстік-шығысында және батысында жер асты сулары тереңіректе (35 – 50 м) кездеседі. Климаты өте қуаң континенттік. Қаңтардың орташа температурасы батысында –11,2С (Тасты ауданы маңында), шығысында – 2–7,5С (Үмбет ауданы маңында), шілдеде 26,9–25,6С. Ауаның ең төменгі температурасы –40 –44С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150–330 мм. Қардың қалыңдығы 10–15 см-ден аспайды. Сексеуіл, жусан, жүзгін, еркекшөп, теріскен, т.б. өседі. Ақбөкен, қарақұйрық, қоян, кірпі, қосаяқ, саршұнақ, т.б. мекендейді. Мойынқұм – мал жайылымы. Шұратты жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Үмбет мемлекеті аңшылық шаруашылығы және Андасай (Аңдысай) қорықшасы ұйымдастырылған.

Мойынқұмның құмдауыт шөл даласы ашық құмдар мен қыраттардан тұрды. Мойынқұм құмы облыс жер аумағының 20-25 %-ын құрайды. Жазық даланың құмдары Талас өзенінің оң жағалауы және Шу өзенінің сол жағалауымен шектесіп жатады. Шу өзені аңғарының солтүстігінде созылып жатқан үлкен алқабын сұр-қоңыр топырақтар алып жатса, сұр қоңыр топырақтардың арасында кебір топырақтар да таралған. Бұл жерлерде сортаң топырақтардың ірі көлемдері сирек кездеседі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.