Педагогика» (бастауыш сыныптар үшін)
«Педагогика» (бастауыш сыныптар үшін)
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап күшіне енеді)
1. Құрастырылу мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: М003 – «Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша түсушілердің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары: Тестке «Педагогика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
| Тақырыптың мазмұны
| Тапсыр
малар саны
| Қиындық деңгейі
|
| Заманауи мəдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің əлеуметтік мəні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы. Қазіргі білім беру парадигмасы: нəтижеге жəне жеке тұлғаға бағдарлануы. Білім беру – ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық. Дүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары. Білім беру жүйесі туралы түсінік. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты. Білім беру саясатының қағидалары. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы. Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері. Қазақстан. Республикасындағы шағын комплектілі мектептер. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы. Жаңартылған мазмұндағы білім беру үлгісі. Білімдік мақсаттарға жету процесіндегі мұғалімдердің кәсіби дамуы.
|
| 2 (В)
1 (С)
|
| Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы сипаттамасы.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы жəне қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты. Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы. Педагогикалық іс-əрекеттің кəсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі жəне тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде. Педагогикалық іс-əрекет – əлеуметтік іс-əрекеттің ерекше түрі. Кəсіби педагогикалық іс-əрекеттің мəні, құрылымы мен мазмұны. Мұғалім іс-əрекетінің объектісі – педагогикалық үдеріс. Педагог-мұғалім жəне тəрбиеші іс-əрекетінің ерекшеліктері. Педагогикалық іс-əрекеттің функциялары. Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің тұтастығы. Мұғалімнің педагогикалық іс-əрекетінің стилі.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
|
| Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі.
Жеке тұлға ғылыми категория ретінде. Жеке тұлғаның психологиялық педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компоненттері. Жеке тұлға - іс-əрекет объектісі жəне субъектісі. Қазіргі əлеуметтік-мəдени жағдайлар жəне олардың жеке тұлғаға əсері. Тұлғалық бағдарлық білім беру тұжырымдамасы. Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кəсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық негізі. Педагогикалық қабілеттілік пен педагогтың авторитеті. Тұтас педагогикалық үдерістегі тұлғалық қатынас мəселесі. Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі. Педагогтың жалпы жəне кəсіби мəдениеті: мəні, өзгешелігі, өзара байланысы. Педагогикалық білім беруді құзыреттілік негізінде жаңғырту. «Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тəсілі», «мұғалімнің кəсіби педагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мəні. Табысты оқыту және табысты мұғалім. ХХІ ғасырдағы ұстаз моделі. Кəсіби құзыреттілік жəне педагогикалық шеберлік. Кәсіби шеберлік және кәсіби өзін-өзі тану мұғалім әрекетіің табыстылық факторы ретінде.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
|
| Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары
«Үздіксіз білім беру» ұғымының мəні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Педагогтың кəсіби іс-əрекетіндегі үздіксіз білім алудың мəні. Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара əрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі. Педагогтың сөйлеу мəдениеті – кəсіби іс-əрекет жетістігінің шарты. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар. Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тəрбиелеудің негізі. Педагогикалық ұжымның педагог тұлғасының өзін-өзі тəрбиелеуіндегі рөлі. Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің нормасы жəне түрі.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
|
| Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде.
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың объектісі, пəні жəне қызметтері. Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Педагогиканың негізгі категориялары (тəрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы. Педагогикалық ғылымдарда пəнаралық ұғымдардың (тұлға, іс-əрекет, қарым-қатынас, дамыту, əлеуметтену, қалыптастыру) қолданылу ерекшелігі. Педагогика ғылымдарының жүйесі. Педагогиканың философия, психология, əлеуметтану, физиология жəне басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
|
| Педагогикалық зерттеудің əдіснамалық негіздері мен əдістері.
Педагогика ғылымының əдіснамасы мен педагогтың əдіснамалық мəдениеті туралы түсінік. Педагогика əдіснамасының деңгейлері. Педагогиканың заңдары мен заңдылықтары. Жүйелік тəсіл (тұғыр) - құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі. Оқытудың ынталандырушы және аффекттік теориялары. Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы. Іс-əрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Əлеуметтендіру теориясы. Педагогоикалық теория мен практиканың өзара əрекеттестік диалектикасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мəні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Педагогика ғылымының əдістері. Ғылыми педагогикалық зерттеудің технологиясы. Мұғалімнің зерттеушілік іс-əрекетінің əдістері. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру жəне өткізу əдістемесі.
|
| 2 (В)
1 (С)
|
| Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы мен қалыптасуының факторы
Адамды педагогикалық тұрғыда түсінудің əдіснамалық негізі және оны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторлары. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары жəне олардың арақатынасы. Тұлға - іс-əрекеттің жəне өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тəрбиелеу», «қалыптастыру», «əлеуметтендіру» ұғымдарына жəне олардың арақатынасына сипаттама. Адамның дамуындағы жəне оның тұлға ретінде қалыптасуындағы (биологиялық, əлеуметтік жəне биоəлеуметтік) биологиялық жəне əлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы. Тұлғаны қалыптастыруға жəне дамытуға əсер ететін факторлар (сыртқы жəне ішкі, биологиялық жəне əлеуметтік). Тұлға - тəрбиенің, өзіндік дамудың объектісі жəне субъектісі. Тұлғаны дамытудың жəне қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи əлеуеті. Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Білімалушылардың жас ерекшеліктері мәнмәтініндегі ақыл-ой теориясы. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тəрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
|
| Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мəні мен құрылымы.
«Мұғалімнің іс-əрекет объектісі» жəне «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин жəне т.б.). Педагогикалық үдеріс əлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-əрекетінің объектісі. Педагогикалық үдерістің белгілері мен қасиеттері. Мұғалім мен оқушылардың өзара əрекеттестігі іс-əрекет субъектісі ретінде (субъект-субъектілі қатынас). Педагогикалық үдерістің мәндік сипаттамасы. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы. Тұтас педагогикалық үдеріс компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері (білімділік, тəрбиелік, дамытушылық). Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, əдістер мен тəсілдер). Педагогикалық үдерістің тəрбиелік механизмдері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі. Тұтас педагогкалық үдеріс теориясы туралы білім – мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің негізі.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
|
| Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбиенің мəні мен мазмұны
Тәрбие ұғымының мәні.Тəрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Адамзат тарихындағы тəрбие жүйелері. Заманауи тəрбие концепциялар мен моделдері. Демократиялық қоғамының тəрбиелеу идеологиясы. Тəрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тəрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тəуелділігі. Тəрбиенің түрлері жəне оларға сипаттама. Тəрбиенің дəстүрлі түрлері. Тəрбие мазмұнының əлеуметтік-экономикалық негізделуі. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидалары. ТПҮ-тегі тəрбие түрлерінің өзара байланысы. Әлеуметтендіру мән мәтініндегі (контексіндегі) тәрбие. Білім алушының әлеуметтену (Дж. Брунер) баспалдақтары: бірегейлік, даралық, жекелік. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы және басты құндылықтар. Тәрбиенің қозғалыс тетіктері (құралдары, формалары, әдістері) туралы түсінік. Тәрбие әдістерінің жіктелуі және оларды жасау критерийлері. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Отбасы баланың жеке басын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі ретінде. Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
|
| Дидактика - оқыту жəне білім беру теориясы. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Дидактиканың негізгі категориялары. Оқыту үрдісінің мəні. Оқытудағы бихеовиористикалық, танымдық, әлеуметтік-жағдаяттық құзырлылық амалдар. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту ерекшеліктері. Оқытудағы менеджмент және көшбасшылық. Бағдарлы оқытудың мəні жəне оны ұйымдастырудың ерекшеліктері. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Блум таксономиясы. Диалогтік оқыту. Оқытудың интерактивті әдістері. Әдіс туралы жалпы түсінік. Оқытудың әдістері мен тәсілдері. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Кері байланыс. Рефлексия. Білім алушы портфолиосы. Оқушылардың бағалау процесіне қатысуы және өзара әрекеттесуі: өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, құндылықты бағалау. Мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары. Білім беру технологиясының негізгі сипаттамалары. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы. Педагогикалық үлгілердің технологиялығының өлшемдері. Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
|
| 1 (А)
1 (В)
1 (С)
| | |