Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зін-өзі тануды оқыту әдістемесі» пәні бойынша



«Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі» пәні бойынша

магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап күшіне енеді)

 

1. Құрастырылу мақсаты:Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.

2. Міндеті:

3. М020 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлаубілім беру бағдарламасыбойынша түсушілердің білім деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны мен жоспары: Тест қазақ тілінде типтік оқу бағдарламасының төмендегідей тақырыптарына сәйкес «Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі» пәні бойынша бойынша оқыту материалы енгізіліп құрастырылған.

 

Тақырыптың мазмұны   Тапсыр малар саны Қиындық деңгейі
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздері. Антикалық философиядағы ғылыми және этикалық білімдерді жинақтау идеясы (Сократ, Платон, Аристотель). Табиғи-ғылым мен рухани-адамгершілік білім берудің ара жігінің бөліну тарихы (И.Ньютон, Г.В.Лейбниц, Б.Паскаль, М.В.Ломоносов, Д,И,Менделеев және т.б.) И. Кант адамның рухани мүдделері туралы.    Өзін-өзі танудың педагогикалық-психологиялық негіздері (К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, И.А.Ильин, А.С.Макаренко, И.Г.Песталоцци, Я.А.Коменский, Я.Корчак, Л.С.Выготский, В.И.Вернадский, Д.Н.Узнадзе, С.Л.Рубинштейн және т.б) Қазақ ғұламалары М.Ж.Көпейұлы, А Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев және т.б. рухани-адамгершілік мұрасы. Қазіргі қазақстандық философтардың зерттеулері: А.Н.Нысанбаев, А.Г.Косиченко, Г.Г. Соловьева және т.б. Орта деңгей (В) - 2.    
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың аксиологиялық негіздері Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы. Заманауи әлемнің жаһандық мәселелері (дағдарыстардың түрлері). Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты. Барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы білім (А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, К.Д.Ушинский, және т.б.). Шындықтың мәні туралы (П.П.Гаряев). Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. Ақиқатты анықтауға тән қасиеттер. Дұрыс әрекет жасаудың тәжірибесі адамгершіліктің алтын ережесі ретінде. Ұлы ойшылдар дұрыс әрекет туралы. Дұрыс әрекетке тән қасиеттер. Адамның жоғарғы рухани табиғаты – ішкі тыныштықтың көзі. Ішкі тыныштыққа жетудің тәжірибелік тәсілдері. Ішкі тыныштыққа тән қасиеттер. Сүйіспеншілік – әлем құрылымының негізі. Сүйіспеншіліктің түрлері. Сүйіспеншілік мәңгілік жалпыадамзаттық құндылық ретінде. Сүйіспеншілік жолындағы кедергілер. Педагогикадағы сүйіспеншілік идеясы (Я.А.Коменский, Л.Н.Толстой, Я.Корчак, В.А.Сухомлинский және т.б.).  Қиянат жасамау – тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі. Қиянат жасамаудың үш аспектісі. Қазіргі әлемдегі қиянат жасаудың себептері. Қиянат жасамауға тән қасиеттер. Орта деңгей (В) - 2.  
Өзін-өзі тану пәнін педагогикалық үдерісте интеграциялау Өзін-өзі тануды оқытудың педагогикалық қағидаттары. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық құрылымы. Психологиялық әдебиеттердегі жағымды ойлаудың күші (А.Г.Маслоу, К.Роджерс, С.Л.Рубенштейн).Мұғалімнің дүниетанымдық ұстанымы – интеграцияның барлық әдістемесінің негізі (И.Стульпинене, В.Ф.Бак, М.Мамардашвили және т.б.). Қазіргі ғылымның аксиологиялық әлеуеті: Е.Уилсон және М.Рьюза зерттеулері, Жапон ғалымы Масару Эмотоның ашқан жаңалығы, Ми физиологиясы саласындағы қазіргі зерттеулер (Дейвид Хубел және Торстен Визел). А.Гончаренко «Сана және физикалық шындық» еңбегінің маңызы. Джон және Беатрисса Лейси жүрек пен ми сигналдары туралы зерттеулері. Дж.Эндрю Армордың функционалдық «жүректің миы» атты тұжырымасы. Ғалым, физик және педагог Арт-онг Джумсайдың және т.б. зерттеулері мен тәжірибелері. «Өзін-өзі тану» пәні мен гуманитарлық цикл пәндерінің интеграциясы. «Өзін-өзі тану» пәні мен жаратылыстану ғылымдары пәндерінің интеграциясы. «Өзін-өзі тану» пәні мен экономикалық пәндердің интеграциясы. Орта деңгей (В) - 2.  
Өзін-өзі тану сабағын жоспарлау негіздері Өзін-өзі тану сабағының құрылымы. Өзін-өзі тануды оқыту жағдайлары. Сабақтың мақсаты мен міндеттері, олардың жалпыадамзаттық құндылықтар және қасиеттерімен байланысы. Өзін-өзі тану пәнін оқыту шарттары. Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдістемелік тәсілдерінің жіктемесі. Сабақты жоспарлау бойынша ұстанымдар. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұны. Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін қарапайымнан күрделіге қарай бастауыш, орта және жоғары буындарда  түсіндіру ерекшеліктері (мәселен, Ақиқат құндылығы бастауыш буын: шындықты айту, тек қана жақсы сөйлеу және қажеттіні айту, жақсыны көру, қарапайым, білімге құштарлық. Орта буын: білімді іздену, ойдың, сөздің және істің бірлікте болуы, барлық жағдайда жақсыны көре білу, қарапайымдылық, өз-өзіңе деген адалдық болуы керек, жаманмен жақсыны айыра білу, патриот болу. Жоғарғы буын: ақиқатты өз-өзінен іздеу, уақытша және өмірлік нәрсені ажырата білу, білімді іздену, барлық діни ағымдарға кұрметпен қарау, өз-өзіне сену, жауапкершілік). Орта деңгей (В) - 1.    
Өзін-өзі тану сабағындағы жағымды көңіл-күй Өзін-өзі тану сабағындағы жағымды көңіл-күйдің маңызы. Жағымды көңіл күйдің ерекшеліктері. Жағымды көңіл-күйдің түрлері. Жағымды көңіл-күйге келтіру талаптары (мұғілімнің дауыс ырғағы, жағымды музыка, оқушылардың тәртібі және т.б.). Жағымды көңіл-күйдің сананы тазартудағы рөлі. Жеңіл деңгей (А) – 1.  
Өзін-өзі тану сабақтарында дәйексөзді қолдану    Өзін-өзі тану сабақтарындағы жағымды дәйексөзді қолданудың маңыздылығы. Өзін-өзі тану сабақтары үшін дәйексөздің дерек көздері. Өзін-өзі тану сабағындағы дәйексөзбен жұмыс жасау ережелері және әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану (хормен қайталау, дәптерге жазу және т.б.). Жеңіл деңгей (А) – 1.  
Өзін-өзі тану сабақтарындағы топтық және шығармашылық іс-әрекет Топтық жұмысты ұйымдастырудың пайдасы. Топтық іс-әрекет: сахналау, тестілеу, ойындар, топтық әңгімелеу және т.б. Шығармашылық жұмыс: әңгімені бейнелеу, жағымды көңіл-күйдің көркем көрінісі, суреттер арқылы құндылықтарды бейнелеу, проза мен өлең шығару, жалпы топтық сурет. А.Джумсайдың «Шынайы білім беру жан қабілеттерін дамытуға байланысты» еңбегінің оқушылардың шығармашылығын дамытудағы мәні. Орта деңгей (В) - 1.  
Әңгіме (өсиет-әңгіме) айтудың әдісі Оқиға айту өнері. Әңгімені таңдау. Әңгіменің білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. Әңгіменің дерек көздері. Мұғалім сыйы. Шабыттандыратын әңгімелердің мысалдары. Оқиға айтудың көрнекілік құралдары. Педагог кітапханасы. Фильмнен үзінді көрсету тәсілінің оқушылардың адамгершілік құндылықтарын дамытудағы рөлі. Оқиға айтып беру мен фильмнен үзінді көрсету тәсілдерінің өзара байланысы. Олардың рухани тереңдегіне қол жеткізу үшін сұрақ қою арқылы әңгімені қажетті арнаға бұру. Жеңіл деңгей (А) – 1.   .
Өзін-өзі тану сабақтарындағы ән айту және музыка Адам өміріндегі дыбыстар. Музыканың өсімдіктерге әсері. Үнді ғалымы Джагадас Чандра Боуздың өсімдіктерге жүргізген тәжірибесі. Музыканың жануарларға әсері жайлы түрлі тәжірибелер. Музыканың адамдарға әсері. X.Лингерманның адамдардың ақылы мен эмоциясын калыпты күйге келтіру үшін қолданған тәжірибесі («Музыканың шипагерлік қуаты» атты кітабы). Прентис Малфордтың «Ой алға жылжиды» атты еңбегінің мәні.  Қазіргі медицинада және психологияда қолданылатын музыкалық терапия (арт-терапия) (С.В.Шушарджанның зерттеуі). Доктор Джон Дайамондтың ауыр рок-музыкасының үрей тудыруы жайлы «Сіздің тәніңіз алдамайды» еңбегі. Музыканың пайдалы қасиеттері. Хормен ән айту. Хормен ән айтудың пайдалы қасиеттері. Сабақта әуен арқылы жағымды күйге келудің тиімділігі. Классикалық немесе халық әуендерінің оқушылардың рухани әлемін дамытудағы рөлі. Жеңіл деңгей (А) – 1.
Өзін-өзі тану сабақтарын талдау «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы тұрғысынан сабақты талдау және өзін-өзі талдау ережелері. Жалпыадамзаттық құндылықтың тақырыпқа сәйкес таңдалуы және қасиеттердің құндылыққа бағытталуы. Мұғалім стилі. Пәнді оқытудағы шығармашылық тәсіл. Сабақтың рухани-адамгершілік тереңдігі. Сабақтағы оқушылардың тәртіптері. Жұмыс дәптерлерін жүргізу. Сабақ жоспарының жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны мен талаптарына сәйкестігі (сыни тұрғыдан ойлау, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру). Кері байланыс жасаудың тиімділігі. Жеңіл деңгей (А) – 1.    
Өзін-өзі танудағы мұғалімнің рөлі Өзін-өзі тану пәнін оқытуда мұғалімнің адамгершілік үлгісінің маңыздылығы. Мұғалімнің негізгі қасиеттері. Мұғалім үшін ең қажетті сапа. Мұғалімнің үш типі (шағымданушы, түсіндіруші, шабыттанушы). Мұғалімдерге арналған ережелер. Білім алушыларға ақпаратты жеткізу тиімділігі. Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер. Ғұламалардың мұғалімдер жайлы ұшқыр ойлары. Жеңіл деңгей (А) – 1.  
Бастауыш мектеп үшін тараулардың әдістемелік сипаттамасы Білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, бастауыш мектепте өтілетін пәннің негізгі базалық мазмұнын жүзеге асыру, тарауларды білуі. «Ғасырлар даналығы» тарауындағы әдістемелік ерекшеліктердің сипаттамасы. «Ынтымақты отбасы» тарауының негізгі идеясы болып коммуникативтік біліктер мен дағдылардың тек отбасында ғана емес, сонымен қатар сыныпта да, мектепте де дамуына ықпал жасау. «Адам болам десеңіз» тарауының негізгі міндеті – балалардың адамгершіліктік құндылықтық бағдарларды қабылдау дағдыларына дамыту. «Әсемдік әлемінде» тарауында кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа қатысты қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру. Күрделі деңгей (С) - 1.    
Орта сыныптар үшін тараулардың әдістемелік сипаттамасы Білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, пәннің негізгі базалық мазмұнын негізгі орта білім беруде жүзеге асыру, тарауларды білуі. «Рухани ұстаздардың өмірінен шабыттандырушы мысалдар» тарауының негізгі идеясы ой, сөз және істің бірлігі ретінде. «Мектеп - менің отбасым» тарауының әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы. «Адам болам десеңіз» тарауының негізгі мақсаты – өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін дамыту. «Адамзат әлемі» тарауының негізгі мазмұны – бүкіл планетада болып жатқан құбылыстар мен адамзат үшін өзінің жауапкершілігін жете түсіну. 5-9 сыныптар үшін «Өзін-өзі тану» пәнінің күнтізбелік жоспарларын құру дағдылары. Сынып бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Оқушылардың білімін бағалау. Күрделі деңгей (С) - 2.    
Жоғары сыныптар үшін тараулардың әдістемелік сипаттамасы Білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, пәннің негізгі базалық мазмұнын жалпы орта білім беруде жүзеге асыру, тарауларды білуі. Өзін-өзі тану мазмұнының сабақтастық қағидасы. «Адамзаттың рухани мұрасы» тарауының бастапқы мақсаты – өмір жолын таңдауына ықпал ету. «Отбасындағы парыз» тарауының негізгі идеясы бұл адамдардың арасында туындаған және әртүрлі өмірдің жағдайында пайда болған қайшылықтарға жоғары ақыл-парасаттылығымен қарым-қатынас жасауға үйрету мен жағымды ойлау дағдыларын дамыту ретінде. «Адам болам десеңіз» тарауының әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасы. «Адамзат әлемі» тарауының негізгі мазмұны – адамзаттың алдында тұрған, шешуді қажет ететін, міндеттерін орындауда өзінің маңыздылығын жете түсіну. Жалпы орта білім берудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің күнтізбелік жоспарын құрастыру дағдылары. Сынып бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Оқушылардың білімін бағалау. Күрделі деңгей (С) - 2.  
Оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын бағалау мен сабақтардың мониторингі Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбие деңгейіне қойылатын диагностикалау талаптары. Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің базалық критерийлері. Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбие деңгейлері, критерийлері және көрсеткіштері. Орта сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбие деңгейлері, критерийлері және көрсеткіштері. Жоғары сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбие деңгейлері, критерийлері және көрсеткіштері. Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін өлшеу әдістемелері. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аспектісінде мониторинг материалдарын өңдеудің ерекшеліктері. Күрделі деңгей (С) - 1.  


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.