|
|||
Лабораториялық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері. ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 Лабораториялық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері. 1. Қанның жалпы анализі. Жара ауруында эритроциттер және гемоглабиннің азаюына бейімділік анықталады. 2. Асқазанның секрециялық функциясы. Асқазан жарасында секрециялық функция айтарлықтай өзгермейді, ол қалыпты күйде сақталады немесе сәл биіктейді. Секрецияның төмендеуі сирек кездеседі, төмендесе сәл ғана төмендейді. Әдетінде, он екі елі ішектің жараларында базальдік (ВАО) және максимальді стимуляцияланған секрецияның (МАО) көрсеткіштері 1,5-2 есе жоғары болады. Секрецияның күшеюі, бұдан басқа, антральдік және пилорикалық жараларда байқалады. 3. Рентгенологиялық зерттеу. Рентгендік зерттеуде анықталатын жараның тікелей және жанама белгілерін айырады. Жараның тікелей белгісі – асқазанның немесе ұлтабардың қабырғасында анықталатын ойық.. Ойықтың пішіні сопақша, дөңгелек, саңылау немесе конус тәрізді болады. Жараның жанама белгілері: · барий сульфатының асқазанда бөгелуі немесе одан тез өтуі; · барийдің жараның қуысында тұрып қалуы (тұрақты контрастты дақ түрінде көрінетін); · дуоденогастральдік рефлюкс; · кардийдің шамасыздығы, асқазан- өңештік рефлюкс; · бүрмелердің жара аузына қарай бағытталуы(конвергенциясы); · перигастриттің, перидуодениттің салдарынан асқазанның немесе ұлтабардың деформациясы. 4. ФЭГДС – жараны анықтайтын ең нақты әдіс. Эндоскопиялық көріністердің түрінен жараның бірнеше күйлерін айырады: активті жара, тыртықталып (жазылып) келе жатқан жара және жара орнындағы тыртық.. Өршу кезінде жараның щеті қызарады және жұмырланып сәл төмпектеу болады, түбінде ақшыл –сұр немесе сарғыш некроздық заттар көрінеді. Жараның айналасындағы кілегей қабық ісініп қызарады. Жара жазыла бастаса, оның айналасындағы гиперемия азаяды, жараның шетіндегі қабыну мен ісінудің белгілері басылады, түбі тазарып грануляциялық тінге тола бастайды, соңында жараның аузына қарай бағытталған нәзік, қызғылт түсті тыртықшалар пайда болады 5.Нәжісті жасырын қанға зерттеу. Грегерсен – Вебер сынамасын аз мөлшерде қан кетуден күдіктенгенде жасайды, мәселен анемия болса.
Қорытынды: Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының жоғары жиілігі халықтың әлеуметтік әл-ауқатымен тығыз байланысты практикалық хирургия үшін эпидемиологиялық аспектілердің ерекше маңыздылығын анықтайды. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның егжей-тегжейлі сипаттамасын айналып өтіп, аурудың күрделі түрлеріне баса назар аударылды . Асқазан мен он екі елі ішектің "ойық жаралы" зақымдануының симптоматикалық, стресстік және басқа нұсқалары: гастродуоденальды қан кетуді бақылаудың бұрыннан белгілі. Сонымен қатар, ойық жара ауруының көп қырлы проблемасының жедел жағдайы туралы нақты түсінік оны емдеуде қолданылатын дәрілердің тиімділігіне объективті баға алуға мүмкіндік береді. Осы патологиясы бар науқастарға медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты ұйымдастырушылық жоспардың іс жүзінде жүзеге асырылатын бұйрықтары мен бағдарламаларының орындылығын түсіну маңызды. Ойық жара ауруының алдын алу түрлері:
Ойық жара ауруының алғашқы алдын-алу. Аурудың дамуын болдырмауға және қауіп факторларын жоюға бағытталған. Ойық жараның екіншілік профилактикасы. Ол бұрыннан бар аурудың өршуі мен қайталану қаупін азайтуға бағытталған. Асқазан жарасының үшінші профилактикасы. Аурудың асқыну ықтималдығын азайтуға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Хирургиялық арулар, А.Ф. Чернаусов 2. Асқазан мен 12 елі ішек ойық жара ауруы клиникалық хаттама 2017 жыл 3. Михайлов А.П., Шульгин В.Л. Острые язвы и эрозии пищеварительного тракта: Учебное пособие. - СПб.: изд.-во С.-Петерб. ун-та, 2004. - 96 с.
|
|||
|