Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОҚУ КАБИНЕТІН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ КӨРКЕМДЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР



«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОҚУ КАБИНЕТІН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ КӨРКЕМДЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

 

Өзін-өзі тану кабинеті – бұл өзін-өзі тану оқу пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес оқушылармен оқу, жеке және сыныптан тыс жұмыс жүргізілетін көрнекі құралдармен, оқу жабдықтарымен, жиһаздармен және техникалық оқу құралдарымен жабдықталған білім беру мекемесінің кабинеті.

Кабинеттегі сабақтар төмендегі қызметтерді жасауы керек:

•   жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген үйлесімді интеллектуалды және рухани-адамгершілік дамуды қамтамасыз ететін білім кеңістігін құруға;

•   білімді функционалды және шығармашылық түрде қолдануға;

•   зерттеу жұмыстарын жүргізуге;

•   ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалануға;

•   әртүрлі коммуникация әдістерін қолдануға;

•   жұмысты топта және жеке түрде ұйымдастыруға.

 

Өзін-өзі тану кабинетіне қойылатын санитарлық-гигиеналық және эстетикалық талаптар

Өзін-өзі тану кабинеті:

· 2-3 функционалды аймақтарға, мұғалімнің жұмыс орнына, оқушының жұмыс орнына (белсенді жұмыс және қарым-қатынас аймағына, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды орындау аймағына) бөлінуі керек;

· қазіргі заманғы санитарлық-гигиеналық стандарттарға сай болуы керек (жарық, жылу, желдету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін жиһаз).

Өзін-өзі тану кабинетін көркемдеу кезінде жылы түстерді, ашық сары, ашық сарғыш және ақшыл түстерді таңдаған жөн.

 

Өзін-өзі тану кабинетін көркемдеуге арналған талаптар

 

1. Рухани-адамгершілік білім беру бойынша «Өзін-өзі тану» стендісінің болуы ұсынылады.

2. Қабырғаларға балалардың фотосуреттерін немесе туған жердің пейзаждарын бейнелейтін суреттерді орналастыруға болады.

3. Сыныптың бұрышы болғаны жөн, мұнда балалардың өзін-өзі тану сабақтарындағы әрекеттерін бейнелейтін акцияларға және ұжымдық игі істерге қатысқан фотосуреттері, туған күндермен құттықтаулары орналасады.

4.  Өзін-өзі тану кабинетінің қабырғалары тақырыптық безендіріліп, оқушылардың жас тобына және оқу-тақырыптық жоспар бөлімдеріне байланысты өзгеруі керек:

•   мектепке дейінгі балалар мен мектепалды балалар үшін суреттерде, паннода, стендтерде «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны көрінуі керек;

•   оқушылар үшін, балалардың шығармашылық жұмыстары қойылған стендтер, паннолар – «Шығармашылық аймағы» ұсынылуы керек;

•   «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік-білім беру жағдайында ата-аналармен жұмысты көрсете алатын жеке стенд болуы керек.

5. Кабинетте  проектор, экран, дыбыс қосқышы бар компьютер.

Кабинет жабдықтауына:

• тақталар, магнитті ұстатқыштар және студенттердің шығармашылық жұмыстарын ұсынуға арналған флип-чарттар;

• топтық, жұптық, белсенді жұмыс түрлері үшін жұмысты ұйымдастыруға арналған жылжымалы-мобильді столдар;

• мектепке дейінгі балаларға жеңіл пластмасс орындықтар;

• студенттермен жоғарғы сынып оқушыларына арналған офиске арналған жұмсақ орындықтар;

• рухани-адамгершілік мазмұндағы кітапхананы, шығармашылық жұмыстарды, дидактикалық және әдістемелік материалдарды, аудио-видео материалдарды, кеңсе құралдарын сақтауға арналған шкафтар немесе сөрелер.

6. Кабинетті жоғары жылдамдықты Интернетке қосу ұсынылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.