|
|||
Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап жазыңыз20. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырыпжазыңыз Еріктің бар есіл-дерті – ақша табу, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызға ғашық болу. Айна – табиғаты момын, адамгершілігі, мейірім-шапағаты мол адам. Таған – аспирант, ғылым жолына түскенімен, жолы болмай, өмірден баз кешкен маскүнем. Ал Нүрке (Нюра) кемпір осы үш адамға қосалқы әсер ететін төртінші кейіпкер ретінде сюжет желісін бір-бірімен байланыстырып, дамытып отырады.Романның «Атау-кере» аталуында да үлкен мағына бар, өйткені «атаукере»адамның өлер алдындағы ең соңғы асы, дәмі деген мағынаны білдіреді. Қазақ арасында қатты ашуланып, ұрсысып қалған жағдайда «Атау-кереңді ішкір» деген сөз қарғыс түрінде тұрақты тіркеске айналған. Еріктің ара шаруашылығынан басқа оннан аса сиыры, бес-алты жылқысы, елу шақты қойы бар. Әкесі Қандауыр Еріктің ес білмеген шағында қайтыс болып кетеді. Ол әділетті, шыншыл адам ретінде суреттеледі. Шешесі Нюра Фадеевна (ауылдастары Нүрке деп атайды) – мыңдап марал өсіріп, пантысын (дәрі жасау үшін қолданылатын жас мүйіз) Қытайға сатқан сан жетпес омартасы бар кержақ-орыстың ең шонжары болған Фадейдің қызы. Нюраның шешесі Анна Филимоновнаның жадылайтын сұңғыла өнері болғандықтан, жұрт одан қорыққан. «Дұғаны оқыған кезде қара суды теріс ағызатын адам еді» деп суреттеледі.Басынан небір азапты күндерді өткізген Нюра Еріктің қолында, сал ауруына ұшырағандықтан, орнынан тұра алмайды. Оған Еріктің әйелі Айна қарайды. Ерік пен Айна Алматыда танысқан. Қолаң шашы тізесіне түскен өте өңді Айна қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетіне түскенімен, белгілі бір себептермен оқуын аяқтай алмай, Алматы мақта-мата комбинатына орналасады.Осы кезде сұңғақ бойлы, көгілдір көзді, бұйра шашты денешынықтыру мамандығында оқитын ересек жігіт Ерікпен танысады. Екеуі қатар жүргенде жұрттың бәрі тамашалап қарайтын әдемі жұп болады. Ерік спорт мектебінде, Айна интернат тәрбиешісі болып, аудан орталығында он жыл жұмыс істейді.Шығарма экспозициясы бас кейіпкердің қазақтар Бек-алқа, орыстар Фадиха деп атап кеткен, ол жылына бір рет міндетті түрде қатынайтын ауылға сапарынан басталады. Бұл – Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма мен Катонқарағай өзендерінің жағасында орналасқан шұрайлы жерлерінің бірі.Жазушы Ерік туған өлкені «Атақты «Мұзтау» деп аталатын шың Алтайдыңмәңгі жығылмас, шаңырағы шайқалмас ақ отауы сынды еді. Осынау шілденіңмиқайнатар ыстығында пұшпағы шетінемей жататын, мұз құрсаулы шыңның алқымынан бұлақ болып басталып, арыны қатты арқыраған өзенге айналатын суды жергілікті қазақтар «Қатын суы» деп атағалы қа-а-а-ша-ан, одан бері де мың жыл өткеншығар-ау.Сол, әсіресе, бас жағы ақ айран болып басталып, Таулы Алтай өлкесіне жақындағанда, тау-таудың омырауынан сандаған бұлақ саулап қосылып, мөлдірленіп барып Обьқа құятын ағынды өзеннің солтүстігін алтайлықтар, оңтүстігін қазақтар жайлайтын. Катонқарағай ауданы мен оған іргелес Үлкен Нарын ауданының үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы, табын-табын сиыры жаз бойы емін-еркін шүйгіндеп, тау басына алғашқы қар түскенде ғана, етекке мамырлай көшуші еді. 21. Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе? О.Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі Ерік пен Таған бейнелерін салыстыра талдау жасап, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз. Таған – қандай қоғамның болмасын ажырамас бөлшегін құрайтын зиялы қауым өкілі, соның ішінде жеке бастық пасық мүддеден мүлде биік тұрған, елін, ұлтын алға бастырсам дейтін адал, таза, озық ойдың адамы, біз айтып отырған романдағы үш арнаның прогрестік, дамушылық, қазіргі тілмен айтқанда демократиялық мазмұнын білдіреді. Бірақ «әркімге еңбегіне қарай, әркімге қабілетіне қарай» дейтін әдемі ұранды жариялағанымен, ең алдымен саналы, қабілетті деген мүшелерінің көзін құртуға тырысқан тоталитарлық жүйеде Тағандар азшылық, Тағандар әлсіз, ең бастысы қауіпті санатқа жатады. Оларды құртудың, қудалаудың сан-түрлі амал-тәсілі ойлап табылғаны мәлім, соның бірі «атау кере» аталып, талай жақсы мен жайсаңның түбіне жеткен арақ болатын. Әйтпесе, бір партияның диктатындағы барған сайын құлдырап бара жатқан тоталитарлық қоғамда ең алдымен ұлттық қасиеттердің, адамгершілік болмыстың жоғалып бара жатқанына қарсы дауыс көтерген Тағандардың: «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болды. Міне сондықтан да халық адасты... адам жадынан, есіне айрылды», – деп келетін батыл лекциялары тыңдаушыларға мемлекеттік жүйенің тоқырағандығын, басқару тетіктерінің тозғандығын айқара ақтарып беретіні белгілі. Жалпы, кеңестік жүйенің «химиялық қаруына» айналған алькаголді ішімдік жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың азып-тозуына дейін жеткізгені сібір халықтарының тағдырынан әбден мәлім жайт. Мұндай қыл көпірден қазақтардың аман өтуі дәстүрлі тағамының құрамында ежелден айран, боза, қымыз сынды ашыған сусындардың болуы, яғни ағзаның дайындығынан ғана құдай сақтаса керек.Ерік өзінен озғандарды, суырылып алған шыққан шешенсігендерді өлердей жек көреді, ол студент кезінен бері «мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау үшін жаралғандай» бойын соқыр қызғаныш билеген қараниет, пасық жан. Ғылым-білім, мәдениет-өнер жолындағылардың бәрін еңбексіз күн көретін арамтамақ санап, зиялы атаулыны ата-жауындай көреді. Бір кезде өзінен тым биікте тұрған, ғылым мен білімде қатарластарына дес бермеген аспирант кластасы Тағанның араққа ғана жеңіліп, алқаш атанып, ендігі бір жұтым сыра үшін мұның құлы болуға дайын екендігін көргенде төбесі көкке жеткендей қуануы да сондықтан. Аярлығының шексіздігі сонша - бір ауылда бірге өскен досының бейшаралық кейіпке түсіп, қамқорлыққа мұқтаж күйін көре тұра, атының артына мінгізбестен ауылдан қиян тауға қарай жаяу салпақтатады, ол аздай енді оны өмір бойы құлдықта ұстауды ойлайды.Өзіне қажеттінің барлығын ақшаға сатып алуға болады деген дүлей сенімге келіп, біржола байлықтың түбіне түскен. Бұл мақсатына жету үшін Ерік Алтайдың жомарт табиғаты аямай бертін бар байлықты: жан-жануарын, аң-құсын, қарағай, балын, егер мүмкін болса тауын тас-топырағымен, орман-тоғайын тамыр-жапырағымен қаладан вертолетпен келетін тамыры Прохор деген дәл өзіндей сұмдарға сатып жіберуге дайын. Мұның бойында туған жердің табиғатына жан ашу, елдің қажетін ойлау, жұрттың алға басуына немесе мемлекеттің мүддесіне қызмет ету дейтін сезім-түйсіктің нышаны да жоқ. Тіпті туған анасы мен жарына да жаны ашымайтын, түпкі мағынасын өзі де түсіне бермейтін беймәлім мақсатына ерекше тоңмойын, тасырлықпен ұмтылады. Шығармада шартты түрде біз талдап отырған үш арнаның ішінде зиянды, кері тартқан, регрестік, әділдікке емес зұлымдыққа, қайырымға емес қиянатқа, дамуға емес анархияға апаратын апатты бағыттың уәкілі. Бәлкім, бұған артында қалар ұрпағының да керек еместігі сондықтан.«Атау кере» елімізге нарық заманы енді ғана келе бастаған уақытта жазылғанын ескергенде, автордың Ерік бейнесі арқылы қоғамда «бәрін сатуға, бәрін сатып алуға болады» деген көрсоқыр, аса қатерлі, адамдыққа да жаратылысқа да қайшы көзқарастың жаппай етек алуынан алдын-ала сақтандырғаны хақ. Ал, Еріктің ақырында бүкіл тірлігі баянсыз болып, тіпті адам емес, жәндік-сонаға айналып қорлық, мазақ күйде өлуі заңдылықтай қабылданады. Иә, ол өзі таңдап алған оңай жолдың, жат, арамза тірліктің құрбаны болды. Табиғат ананың омырауын суалғанша сорып, жаратылыс тегін беретін байлықты өзгеден бұрын, өзгелерден тез тартып алу үшін Ерік қолынан келгенін аянбады, тіпті сонау мұхиттың арғы жағындағы тұқымы бөлек, өлермен, тойымсыз шетелдік еркек араларды алдырып, олардың жергілікті «жеңілтек» аналықтармен будандасуынан түрі бөтен, түсі суық қауіпті бір ұрпақ пайда болды. Бұлар қылшығы бұзылмаған, жайқалып, тұнып тұрған майшелпек, әрі бөтен аймаққа келісімен айналадағы өсімдік атаулының шырынын таусып біткенше тыным таппайды. Өзі де «будан» тұқымға жататын ұлының қанағатсыз тірлігін жақтырмаған шешесі Нүрке кемпірдің: «жат жұрттық ешқашан жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады...» - деген ескертулері еленбей, ақырында кемпірдің ажалы да сол шетелдік аралардан келген.Жоғарыда айтып өткеніміздей, туындыдағы тұғырлы үш арнаның бірі – сұлулық пен әдемілік, жастық шақтың қас-қағымдай жарқын сәттерінің белгісі, ізгілік пен қайырымдылық, сезім мен махаббат қуаты Айна образы арқылы бейнеленеді. Онсыз өмірдің мәні, демек шығарманың да сәулесі болмас еді. Айна Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі үлкен-кішілі ауыл, қалалардан орта мектепті аяқтай сала Алматыға аттанатын мыңдаған албырт жастардың өкілі. Ауылдың, әке-шешенің тәрбиесін көріп өскен бұйығы қыздың мінез-құлығынан мін табу қиын, ал сыртқы сұлулығы қапысыз. Тілерсегіне түскен қалың қара шашын қақ тарап, маңдайы жарқырап жүрген жас студент қыз талай жігіттің көз құртына айналып, меселін қайтарған. Тіпті, институттың мұғалімдеріне дейін, әсіресе география пәнінің оқытушысы бурыл шашты ағайының пиғылы бөтен. Ақыры, қыр соңынан қалмаған «ұстазының» қысымына шыдамаған Айна оқуын тастап АХБК-ға жұмысқа тұрады. Азиялық бет-әлпетіне көк көздері ерекше жарасатын сымбатты Ерікпен сонда жүргенде тіл табысып, кейін оған тұрмысқа шығады.Айна - құдай қосқан қосағына жан-тәнімен, ақырына дейін берілетін қазақ әйелдерінің дәстүрлі типінің жарқын өкілі, айнасы. Ол күйеуінің артынан еріп, айдаладағы тау арасына барып бірге тұрып, табиғаты қатал ортада жан бағудың барлық қиыншылықтарын қайыспай көтерісіп, сал болып қалған ауру енесін қабақ шытпай бағып-қағады. Арада жылдар жылыстап өткенде барып, жастай қосылған күйеуінің кейін ауылдан, адамдар ортасынан безініп, бұған түсініксіз болып бара жатқан күйкі тірлігі, тоңмойын мінезі, тіпті өзіне әйел ретінде қарауды қойған мейірімсіздігі, қыл аяғы жар қызығына да зар болып, жастық, қызулық ғұмырының қараң тартып бара жатқаны, Еріктің анау ауылдан итше ертіп келген, өзін бір жерден көргендей, досына деген қатыгездігіне әбден көзі жеткенде ғана көп-көп ойларға беріліп, көкірегі қарс айырылады. Иә, Айнаның Тағанды аспирант кезінде көргені рас-ты. «Студенттік өмірінің ішінде, әсіресе есінде қалғаны – үнеміo бір ой үстінде жүретін қара бура шашты, кірпіктері қолмен қондырғандай үлкен қара көзін қоршап тұрған аспирант еді. Жалғыз-ақ рет көрсе де өмір бойы есінде қалған. Кей кезде түсінде көріп, қиялында қалған аспирантты шақырып жатып оянатын мезеттері де болған».Мінеки, шығарманың шап-шағын құрамдағы кейіпкерлерінің қуатты типтері, ең алдымен олардың ішкі әлемі барынша кең ауқымды қамти тұра, қат-қабат тағдыр айдап бүгінгі тіршіліктері тар кеңістікте тоғысқандықтан да, оқиғалардың өрбу, шарықтау барысы қас-қағымда өтеді 22. Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің бейнесін талдап жазыңыз
|
|||
|