|
|||
НЕВРОЛОГИЯСтр 1 из 3Следующая ⇒ НЕВРОЛОГИЯ 1. Үстірт сезімдалдықтың жолының 1 нейроны қайда орналасқан 1) ми бағаны 2) жұлын түйіні + 3) жұлынның артқы мүйізі 4) көру төмпешігі 5) қыртыс асты ядролары 2. Беткей сезімталдықтың екінші нейроны орналасқан: 1) жұлынның артқы мүйізінде + 2) жұлынның алдыңғы мүйізінде 3) жұлын түйінінде 4) Голль шоғырының ядросында 5) артқы орталық ирелеңде
3.Терең сезімділіктің 2 нейрон клеткалары қайда орналасқан 1) теріде 2) жұлын түйінінде 3) жұлынның артқы мүйізінде 4) көру төмпешігінде 5) сопақша мидың ядроларында +
4.Беткей және терең сезімталдықтың үшінші нейроны қайда орналасқан:
1) артқы орталық ирелеңде 2) жұлынның артқы мүйізінде 3) жұлын түйінінде 4) көру төмпешігінің ядросында + 5) Голль шоғырының ядросында
5. Вебер циркулімен қандай сезімталдық бұзылысын анықтайды: 1) дискриминациялық + 2) вибрациялық 3) бұлшық-ет буын сезімі 4) ауырсыну 5) екі- өлшемді кеңістіктік
6. Теріде салынған суретті анықтау қандай сезімге датады: 1) екі- өлшемді кеңістіктік + 2) діріл сезімі 3) буын-бұлшық ет сезімі 4) ауырсыну 5) температуралық сезім
7. Сырқатта «күртеше» сипаттағы сезімталдықтың симметриялы екі жақты диссоциирленген бұзылысы. Зақымдану ошағы қайда орналасқан? 1) ішкі капсуланың артқы тізесінде 2) көру төмпешігінде 3) артқы түбіршікте 4) алдыңғы сұр спайкада + 5) жұлынның артқы бағанында
8. Сырқаттың оң аяғында терең сезімталдық өткізгіштік түрі бойынша бұзылған. Зақымдану ошағы қайда орналасқан? 1)Флексиг шоғыры 2) артқы түбіршік 3) жұлынның артқы мүйізі 4) жұлын-таламустық жол 5) Голль шоғыры +
9.Сырқат көзі жұмылған күйде жүре алмайды. Объективті: беткей сезімталдық сақталған, буын–бұлшық ет сезімі төмендеген, Ромберг сынағында көзі жұмылған қалыпта құлайды. Синдромды атаңыз: 1) жұлындық артқы бағандық синдром + 2) жұлындық алдыңғы бағандық синдром 3) вестибулярлы атаксия 4) мандайлық атаксия 5) мишықтық атаксия
10.Артқы түбіршіктің зақымдану симптомына тән: 1) сезімталдықтың диссоцирленген бұзылысы 2) сезімталдықтың өткізгіштік типі бойынша бұзылысы 3) сезімталдықтың мононевриттік түрі бойынша бұзылуы 4) сезімталдықтың полиневриттік тип бойынша бұзылуы 5) оқ атқандай, белдемелі ауру сезімі, сезімталдықтың барлық түрінің болмауы +
11. Жұлынның қай құрылымының зақымдануы сезімталдықтың сегментарлы бұзылысына алып келеді 1) жұлынның артқы мүйізі мен алдыңғы сұр спайкасы + 2) алдыңғы мүйіз 3) бүйір мүйіз 4) Голль шоғыры 5) Бурдах шоғыры
12.Алмастырушылық гемигипестезия қай бөліктің зақымдануында дамиды? 1) артқы орталық ирелең 2) алдыңғы орталық ирелең 3) көру төмпешігі 4) ми бағаны + 5) жұлынның артқы мүйізі
13. Сезімталдықтың «полиневриттік» тип бойынша бұзылысына тән белгілер? 1.сезімталдықтың сегментарлық типте бұзылуы 2.қол мен аяқтың дистальды бөліктерінде анестезия + 3.қол мен аяқтың проксимальды бөліктерінің анестезиясы 4.сезімталдықтың «диссоциирленген» типтегі бұзылыстары 5.фантомды ауру сезімі
14. Полиневриттік синдромға сезімталдықтың кандай бұзылыстары тән 1) өткізгіштік 2) түбірлік 3) жұлынды-сегментарлы 4) мононевриттік 5) «шұлғы және қолғап» типі бойынша +
15.Жұлын-таламустық жолдың зақымдануына тән сезімталдықтың бұзылу түрі: 1) шеткі 2) мононевриттік 3) сегментарлық-диссоциирленген 4) өткізгіштік + 5) қыртыстық
16. Жұлынның алдыңғы сұр спайкасының зақымдануы алып келеді: 1) сезімталдықтың біржақты диссоциирленген бұзылысы 2) терең сезімталдықтың екі жақтан да бұзылуы 3) терең және жанасу сезімінің төмендеуі не болмауы 4) екі жақты диссоциирленген бұзылыстар, «күртеше» симптомы + 5) сенситивті атаксия
17. Күрделі сезімталдыққа жатады: 1) қысым мен салмақты сезу 2) дискриминация сезімі + 3) вибрацияны сезу 4) кинестетикалық сезім 5) жанасу сезімі
18. Беткей сезімталдыққа жатады: 1) вибрациялық сезім 2) температуралық сезім + 3) қысым мен салмақты сезу 4) дискриминациялық сезім 5) оқшаулау сезімі
19. Ішкі капсулада сезімтал жолдардың зақымдануы шақырады: 1) ошақ жақта гемианестезия мен гемиатаксия 2) ошақ жақта сенситивті атаксия 3) қарама-қарсы дене бөлігінде гемианестезия мен гемиатаксия + 4) сезімталдықтың диссоциирленген бұзылысы 5) сезімталдықтың полиневриттік түрі бойынша бұзылуы
20. Берілген симптомдардың қайсысы созу симптомына жатады? 1) Ласег симптомы + 2) Лессаж симптомы 3) Белл симптомы 4) Керниг симптомы 5) Оппенгейм симптомы
21. Сырқаттың оң жағында – орталық салдану, өткізгіштік түрі бойынша буын – бұлшық ет сезімі бұзылған, қарама – қарсы жақта - ауру және температура сезімі өткізгіштік түрі бойынша бұзылған. Зақымдану ошағы қайда орналасқан? 1) жұлын түйіні 2) жұлынның толық көлденең зақымдануы 3) жұлынның жартылай көлденең зақымдануы + 4) сопақша ми 5) задний рог спинного мозгажұлынның артқы мүйізі
22.Жұлынның артқы мүйізінің зақымдануына тән белгі: 1) жанасу сезімінің төмендеуі не болмауы 2) күрделі сезімталдықтың төмендеуі не болмауы 3) терең және жанасу сезімінің төмендеуі не болмауы 4) сезімталдықтың диссоциирленген бұзылысы + 5) сезімталдықтың барлық түрінің болмауы
23) Латеральды пирамидалық жол өтеді: 1) жұлынның алдыңғы сұр спайкасында 2) жұлынның бүйір бағанында + 3) жұлынның алдыңғы бағанында 4) жұлынның артқы бағанында 5) жұлынның артқы мүйізінде
24. Шеткі салдану ненің зақымдануы нәтижесінде болады: 1) орталық қозғалтқыш нейронның кез келген бөлімінде 2) алдыңғы орталық ирелең 3) жұлынның артқы мүйізі 4) жұлын таламустық жол 5) иық өрімі +
25. Кортико-спиналды жолдың перифериялық нейроны не: 1.жұлынның артқы мүйізінің клеткалары 2. жұлынның бүйір мүйізінің клеткалары 3. жұлынның алдыңғы мүйізінің клеткалары + 4.паравертебралды тізбек 5.превертебралды ганглий
26. Кортико-нуклеарлы жолдың перифериялық нейроны не: 1. таламустың клеткалары 2. гипоталамустың клеткалары 3.ми бағанының қозғалқыш ядролары + 4.қызыл ядро мен қара субстанция 5.жұлынның алдыңғы мүйізінің клеткалары
27.Пирамида талшықтарының ішкі капсула деңгейінде зақымдануына тән белгі: 1) ошак жақта бет нервінің шеткі салдануы 2) орталық гемиплегия ошақ жақта 3) перифериялық гемипарез ошаққа қарама-қарсы жақта 4) ошаққа қарама-қарсы жақта орталық гемиплегия, бет нервінің орталық салдануы + 5) орталық спастикалық тетрапарез
28. Қандай құрылым зақымданғанда қозғалтқыш сегментарлы бұзылыстар дамиды: 1) ішкі капсула зақымданғанда 2) алдыңғы мүйіз бен алдыңғы түбіршік + 3) ми бағаны деңгейінде зақымданғанда 4) шеткі нерв зақымданғанда 5) көптеген шеткі нервтер зақымданғанда
29. Орталық салданудың негізгі белгілері: 1) гипертонус, гиперрефлексия және патологиялық рефлекстер + 2) бұлшық ет гипотониясы, гипорефлексия 3) бұлшық ет атрофиясы 4) нервтердің дегенерация реакциясы 5) фасцикуляциялар
30. Қандай құрылымның зақымдануы шеткі салдануға алып келеді? 1) алдыңғы орталық ирелең 2) артқы орталық ирелең 3) жұлынның алдыңғы мүйізі + 4) ми бағаны, ретикулярлы формация 5) жұлынның артқы мүйізі
31. Мойын буылтығы деңгейінде (Cv-Th1) жұлынның көлденең зақымдануына тән симптом: 1) қолдардың перифериялық салдануы, аяқтардың орталық салдануы + 2) қолдардың спастикалық салдануы, аяқтардың шеткі салдануы 3) қол-аяқтың орталық салдануы 4) спастикалық тетрапарез 5) перифериялық тетрапарез
32. Перифериялық нейрон қай деңгейде зақымданғанда фибриллярлы дірілдер пайда болады: 1.жұлынның алдыңғы мүйізі, ми бағанының қозғалқыш ядролары + 2.алдыңғы түбіршік 3.перифериялық нерв 4.жұлынның артқы мүйізі 5.артқы түбіршік
33.Орталық қозғалтқыш нейрон орналасқан: 1) жұлынның алдыңғы мүйізінде 2) сопақша мидың ядроларында 3) алдыңгы орталық ирелеңде + 4) артқы орталық ирелеңде 5) жұлынның артқы мүйізінде
34.Вернике — Манна кейпінде патологиялық ошақ қайда орналасқан? 1) ішкі капсула + 2) жұлынның алдыңғы мүйізі 3) жұлынның артқы мүйізі 4) жұлынның артқы бағаны 5) жұлынның алдыңғы сұр спайкасында
35. Ми бағанында пирамида шоғырының зақымдануына тән: 1) спастикалық гемипарез зақымданған ошақ жақта 2) спастикалық тетрапарез 3) зақымданған ошаққа қарама - қарсы жақта перифериялық гемипарез 4) ошақ жақта орталық гемиплегия 5) ошаққа қарама - қарсы жақта орталық гемиплегия +
36. Сегментарлы аппарат зақымданғанда келесі аймақтардың қызметі бұзылады: 1) тек зақымданған сегменттер аймағында + 2) зақымданған сегменттен төменгі аймақта 3) зақымданған сегменттен жоғарғы аймақта 4) зақымданған сегментке қарама-қарсы аймақта 5) зақымданған сегменттен жоғары және төмен аймақтарда
37. Орталық салданудың негізгі белгілері: 1) гипертонус, гиперрефлексия, патологиялық рефлекстер + 2) бұлшық ет гипотониясы, гипорефлесия, гипотрофия 3) бұлшық ет атрофиясы 4) нервтердің дегенерация реакциясы 5) фасцикуляциялар, фибриляциялар
38.Экстензорлық патологиялық рефлекстерге жатады: 1) Россолимо 2) Бехтерев 3) Жуковский 4) Бабинский + 5) Ласег
39.Флексорлық патологиялық рефлекстерге жатады: 1) Россолимо + 2) Оппенгейм 3) Гордон 4) Бабинский 5) Шефер
40.Ауруханаға екі аяғында орталықтан салдану белгісімен сырқат жеткізілді. Қандай рефлекстерді анықтау қажет?
1) оромандибулярлы 2) жұтыну, таңдай 3) конъюнктивальды, корнеальды 4) табанның патологиялық рефлекстері + 5) қабақ үсті, жақ
41. Алдыңғы орталық ирелеңнің тітіркенуіне тән симптом: 1) ошаққа қарама-қарсы жақтағы дененің парестезия ұстамалары 2) ошаққа қарама-қарсы жақтағы дененің құрыспалы ұстамасы + 3) ошаққа қарама қарсы жақтағы дененің орталық гемипарезі 4) ошақ жақта дененің құрыспалы ұстамасы 5) ошаққа қарама-қарсы жақтағы дененің сезімталдығының болмауы
42. Жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейде зақымдануына тән белгі: 1) бұлшық ет атрофиясы, гипотония 2) бұлшық ет атрофиясы жоқ, гипертонус 3) қолда шеткі салдану, аяқта орталық салдану 4) гипорефлексия, қорғаныс рефлекстері жоқ 5) спастикалық тетрапарез +
43. Төменгі сiреспелi параплегияға тән симптом: 1) аяқта гипотрофия 2) аяқ бұлшық еттерінің күші төмен, терең рефлекстер шақырылмайды 3) бұлшық ет тонусы жоғары, тізе мен ахилл рефлексі жоғары + 4) аяқтың бұлшық еттерінің күші төмен, ахилл мен тізе рефлекстері төмен 5) аяқ бұлшық еттерінде фасцикулярлы дірілдер
44. Орталық салдануға тән симптом: 1) бұлшық ет атрофиясы 2) гиперрефлексия + 3) бұлшық ет гипотониясы 4) гипорефлексия 5) бұлшық еттің фасцикулярлы дірілі
45.Шеткі салдану белгісі: 1) бұлшық ет тонусының төмендеуі + 2) бұлшық ет тонусының жоғарылауы 3) рефлекстердің жоғарылауы 4) табанның патологиялық белгілері 5) табан клонусы
46. Көптеген перифериялық нервтердің зақымдануында дамиды 1.қол мен аяқтың проксималды бөліктерінің гипестезиясы 2.қол басы мен табанның перифериялық салдануы + 3. қол басы мен табанның орталық салдануы 4. Бабинский патологиялық рефлексы 5.сезімталдықтың диссоциирленген бұзылысы
47. Сырқаттың аяғында қимыл жоқ. Объективті: атония, арефлексия, аяқ бұлшық еттерінің атрофиясы, шап аймағынан барлық сезімталдық бұзылған Зақымдану ошағы қайда орналасқан? 1) жұлынның мойын буылтығынан жоғарғы деңгей 2) мойын буылтығы 3) жұлынның кеуде бөлімі 4) бел буылтығы + 5) ат құйрығы талшығы
48.Жұлынның кеуде бөлімінде көлденең зақымдануында байқалады: 1) төменгі спастикалық параплегия + 2) төменгі перифериялық парапарез 3) орталық тетрапарез 4) жоғарғы перифериялық парапарез,төменгі спастикалық парапарез 5) перифериялық тетрапарез
49. Жұлынның бүйір бағанының бұзылысы кезінде байқалады: 1) зақымдану ошағынан төмен қарама-қарсы жақта орталық паралич 2) зақымдану ошағынан төмен жақта перифериялық паралич 3) зақымдану ошақ жағында орталық паралич + 4) диссоциирленген сезімталдық бұзылысы 5) төменгі шеткі парапарез
50. Ауруханаға жеткiзiлген сырқатта тетрапарез анықталды. Қол бұлшық еттерінің семуі, гипотония, гипорефлексия, ал аяғында рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер анықталады. Құрсақ рефлекстері шақырылмайды. Зақымдану деңгейін анықтаңыз 1) жұлынның бел буылтығы зақымдануы 2) жұлынның кеуде бөлімінің зақымдануы 3) жұлынның мойын буылтығы зақымдануы + 4) жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде зақымдануы 5) жұлынның алдынғы мүйізі
51. Сырқат бел аймағында (L3-L4) жарақат алды, онда қандай рефлекс анықталмайды 1) тізе + 2) ахилл 3) кремастерлік 4) табан 5) құрсақ
52. Салдануды анықтау үшін қандай сынақ қолданады 1) Ромберг 2) Барре + 3) Сорби 4) Пуссеп 5) Квеккенштедт
53. Экстрапирамидті жүйенің морфологиялық құрылымдарына жатады: 1) мишық, мишық аяқшалары, мишық ядролары 2) ми қыртысы 3) жұлынның алдыңғы және артқы мүйізі 4) ми аяқшалары, варолий көпірі 5) құйрықты ядро мен жасымық тәрізді ядро, қара зат +
54. Паллидарлық жүйенің зақымдану белгілері: 1) гипертоно-гипокинетикалық синдром, брадимимия, брадилалия + 2) гиперкинездер, атетоз, хореоатетоз, гемибализм 3) адиадохокинез, дисметрия 4) атония, арефлексия, атрофия 5) гиперрефлексия, гипертонус, патологиялық рефлекстер
55. Паркинсонизм синдромының негізгі белгісі: 1) интенциялық діріл 2) гиперкинездер 3) бұлшық ет регидтілігі + 4) гипотония 5) атаксия
56. Палидарлық жүйе зақымдануында жүрiс қалай өзгереді? 1) хореялық 2) атаксиялық 3) «степпаж» 4) үйрек жүріс 5) қуыршақ +
57. Сырқаттың беті «маска» тәрізді, гипомимия, брадикинезия, брадипсихия, брадилалия анықталды. Қандай жүйе зақымданған: 1) стриарлық 2) ми қыртысы- нуклеарлық 3) ми қыртысы - жұлындық 4) мишық 5) паллидарлы +
58.Статикалық атаксияны анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады? 1) «кері ұрғылау» феномені 2) Ромберг кейпі + 3) саусақ-мұрын сынамасы 4) өкше-тізе сынамасы 5) бір сызықтың бойымен жүру
59.Интенционды дірілді анықтауға арналған сынама: 1) саусақ-мұрын, өкше-тізе + 2) жоғарғы және төменгі Барре 3) күрделі Ромберг 4) Бабинский асинергиясы 5) Стюарт-Холмс симптом
60. Паллидо-нигральды жүйенiң зақымдануына тән сөйлеудiң бұзылыстары? 1) брадилалия, тыныш, монотонды, өшіп бара жатқан дыбыс + 2) эмоцинальды, қатты дауыспен 3) дизартрия, назолалия, гипофония 4) гиперкинетикалық дизартрия 5) буын- буынға бөліп сөйлеу
61. Паллидарлық жүйенің зақымдануына тән феномен: 1) «көз- тіл» 2) Стюарт - Холмс 3) «бүктелген бәкі» 4) Бабинский асинергиясы 5) «тісті дөңгелек» +
62. Сырқатты тексеру нәтижесiнде физиологиялық синкенезияның болмауы, бұлшық еттiң сiресуi, брадикинезия, бір орында тұрып қалу анықталды. Қандай жүйе зақымданған: 1) паллидо-нигралдық + 2) стриарлық 3) ми қыртысы-нуклеарлық 4) ми қыртысы-жұлындық 5) мишық
63. Сырқатты тексеру нәтижесiнде физиологиялық синкенезияның болмауы, бұлшық еттiң сiресуi, брадикинезия, бір орында тұрып қалу анықталды. Қандай жүйе зақымданған: 1) стриарлық 2) ми қыртысы- нуклеарлық 3) палидо – нигральдық + 4) ми қыртысы - жұлындық 5) мишық
64. Палидарлық жүйе зақымдануында жүрiс қалай өзгереді? 1) хореялық 2) атаксиялық 3) «степпаж» 4) үйрек жүріс 5) баяу, қадамдары тар, қуыршақ +
65. Стриарлық жүйенің зақымдануына тән синдромдар: 1) гипотоно- гиперкинездік синдром 2) акинетико- ригидті синдром 3) алмасушылық синдром
|
|||
|