№
| Тақырыптың мазмұны
| Тапсыр
малар саны
| Қиындық деңгейі
|
| 1 бөлім. Педагогикалық мамандыққа кіріспе
| | |
| Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы. Білім беру құндылық ретінде.
Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы. Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар. Дүниежүзілік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары.
Білім беру жүйесі туралы түсінік. ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері. ҚР білім беру жүйесінің құрылымы. ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы.
|
| А
В
|
| Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Кәсіп және мамандық туралы түсінік. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде.
Педагогикалық іс-әрекет – әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны. Педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары.
|
| А
В
|
| Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың психологиялық негіздері. «Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тәсіл», «мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі» ұғымдарының мәні. Кәсіби құзыреттілік және педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың шарттары және негізгі психологиялық-педагогикалық алғышарттары.
|
| А
В
|
| Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
«Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты. Үздіксіз білім алу – тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні.
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы ретінде, оның ерекшеліктері. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру, оның құралдары, формалары, әдістері.
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. Өздігінен білім алу – қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нормасы және түрі.
|
| А
В
|
| 2-бөлім. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
|
|
|
| Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. Педагогиканың даму кезеңдері. Педагогиканың нысаны, пәні, қызметтері. Педагогиканың категориялық аппараты. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика ғылымының дамуы мен қалыптасуы. Көне заманнан қазіргі күндерге дейін Қазақстандағы педагогика ғылымының даму тарихы.
|
| А
В
|
| Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Таным теориясы. Басқару теориясы. Тұлға теориясы. Құндылықтар теориясы. Ғылыми-педагогикалық зеттеулер мәні мен мазмұны. Педагогика ғылымының әдістері. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің технологиясы.
|
| А
В
|
| Жеке тұлға тәрбиесінің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторлары
«Тұлға», «адам», «индивид» «даралық» ұғымдары және олардың ара қатынасы. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар. Іс-әрекет пен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыптасуындағы рөлі. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» түсінігі. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті. Білім алушылардың жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама. Акселерация. Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру жолдары.
|
| А
В
|
| 3-бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
1-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістің жүйе құраушы компоненттері
|
|
|
| Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы
Тұтас педагогикалық үдеріс ұғымы (П.Ф.Каптеров, Н.Д. Хмель, В.А. Сластенин және т.б.). Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері. Педагогикалық үдерістің құрылымы мен компоненттері, қызметтері. Қарама-қайшылық – педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі.
|
| В
С
|
| Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Тәрбие мақсаты – нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбие мақсатының – жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі.
|
| А
В
|
| Ғылыми дүниетаным –оқушының интеллектуалды дамуының негізі
Дүниеге көзқарас қалыптастырушы тұлғаның негізі. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру. Көзқарастың маңызы, қызметтері, түрлері, мәні мен құрылымы.
|
| А
|
| 2-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбие
|
|
|
| Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Тәрбие теорияның пәні, міндеттері мен қызметі, Тәрбие үдерісінің мәні мен ерекшеліктері. Қазақстанның тәрбие тұжырымдамасы. Тәрбие түрлері. Тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары туралы түсінік. Тәрбие ұстанымдарына сипаттама. Тәрбие мазмұнының мәселелері. Азаматтық және патриоттық тәрбие, құқықтық және ақыл-ой тәрбиесі, экологиялық және адамгершілік тәрбиесі, Экономикалық және еңбек тәрбиесі.
|
| В
С
|
| Тәрбиенің құралдары мен формалары, әдістері
Тәрбиенің формалары мен құралдары және олардың өзара байланысы. Тәрбие әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдістерін топтап бөлу. Тәрбие технологиясы.
|
| В
|
| Отбасы тәрбиесінің негіздері
Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторлары және белсенді субъектісі. Отбасы тәрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері. Отбасының қызметтері, типтері. Ата-ананың педагогикалық мәдениеті. Отбасы және мектептің ынтымақтастығының формалары. Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі.
|
| В
|
| 3-тарау. Оқыту – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі теориясы.
|
|
|
| Оқыту үдерісінің маңызы
Дидактика - оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың негізгі ұғымдары. Оқыту үдерісінің мәні. Оқыту үдерісінің құрылымы, негізгі кезеңдері. Оқытудың әдіснамалық негізі. Оқытудың заңдары, заңдылықтары және ұстанымдары.
Оқытудың психологиялық негізі. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру және т.б. 12- жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі.
|
| С
|
| Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері
«Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім мазмұнын іріктеу факторлары және көздері. Білім мазмұнын ізгілендіру, этнопедагогикаландыру. Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі. Бейіндік оқытудың мазмұнының ерекшеліктері. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер.
|
| С
|
| Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-нің (Тұтас педагогикалық үрдеріс) қозғаушы механизмі ретінде
Оқыту құралдары туралы түсінік. ТПҮ-тің оқыту құралдары –іс-әрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас) Дидактикадағы дәстүрлі оқыту құралдары және оларға сипаттама. Оқытуды ұйымдастырудың формалары. Сабақ-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ типтері және құрылымы, формалары. Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің рөлі. Сабаққа қойылатын талаптар. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б.
|
| С
|
| Оқытудың әдістері
Әдіс туралы жалпы түсінік. Оқытудың әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері. Оқытудың әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі заманғы дидактикада оқыту әдістерін жіктеудің сан алуан тәсілдері. Оқыту әдістеріне сипаттама. Оқытудың әдістері мен тәсілдері құралдарының өзара байланысы.
|
| С
|
| Оқытудағы диагностика және бақылау
Оқыту сапасын диагностикалау. Үлгерім – оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері. Бақылаудың түрлері, формалары, әдістері. Тест. Тестердің типтері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі. Ұлттық біріңғай тестілеу – ҚР білім беру мекемелерінде білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеру және бақылаудың соңғы кезеңі. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
|
| С
|
| Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендіру
Оқыту – оқушылардың танымдық іс-әрекеті. «Белсенді танымдық іс-әрекет», «түрткі», «ынталандыру» ұғымдары. Оқыту мотивтері. Мотивация және оқытудың табыстылығы. Танымдық қызығушылықтың оқу іс-әрекетіндегі рөлі. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқудың мотивтерін зерттеу және қалыптастырудың тәсілдері. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті. Оқушылардың өз бетімен білім алуы, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігі, функционалдық сауаттылығы – оларадың белсенді танымдық іс-әрекетінің нәтижесі.
|
| С
|
| Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары
Педагогикалық технология туралы түсінік. «Әдістеме», «технология», «оқыту технологиясы» ұғымдарының арақатынасы. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Педагогикалық технологиялардың қызметтері. Педагогикалық технологиялардың түрлері.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы, тұлғаға-бағдарланған, дамыта оқыту, проблемалық оқыту технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, қашықтықтан оқыту технологиясы, оқытудың ойын технологиясы т.б.
|
| С
|
|