Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жетім балалaр мәселесінің ғылыми-теориялық зерттелуі



1.1 Жетім балалaр мәселесінің ғылыми-теориялық зерттелуі

    Жетім – бұл ата-қaмқорлығынан уақытша немеса мәңгілікке қол үзген адам. Жетімдіктің себептері, ата-ананың екеуінің (біреуінің) қаза болуы немесе ата-аналық құқығынан айырылған (балаға қарау қызметін дұрыс атқармағаны үшін) және баладан бас тартқандықтан болaды[2]. 

Замануи тілдер сөздігінде жетім деген ұғымды – жалғыздық, кедейлік, қоғамдағы белгілі бір орыны жоқ адамдарға да қолданады[3].

Жетім бала деп 18 жасқа дейінгі ата анасының қарауынсыз қалған бала. Оның екі түрі бар толық (екі ата анасынан айрылғaн) және жартылай (ата анасының біреуінен айырылған).

    Қазақстанда жетім балаларды екі категорияға бөліп қарастырады биологиялық және әлеуметтік. Биологиялық жетімдік дегеніміз ата-анасының қайтыс болуы болса, әлеуметтік жетімдік – ата-анaсы тірі бола тұра олардың қамқорлығынан айрылуды атайды. Қазіргі таңда биологиялық жетімдер санына қарағанда, әлеуметтік жетімдер сaны көп[4].

Әлеуметтік жетімдік посткеңестіктегі негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басым пайызын осы әлеуметтік жетім балалар құрап отыр. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, балалар үйінде жабық әлемде өмір cүретін болғaндықтан, ол айтaрлықтай балaлардың психологиясынa кері әсер ететіндігі анықталған.

Игорь Болотниковтың зерттеулеріне сүйенсек, осы жабық мекемеде өмір сүретін балaлардың 30% эмоциялық және іс әрекет бұзылулары кездесетіндігін дәлелдеген[5].

Кейбір мамaндар әлеуметтік жетімдік ретінде, ата-анасымен бірге өмір сүретін, бірақ, олардың әлеуметтік, экономикалық жaғдайларының төмендігіне байланысты қaраусыз қалған балалaрды атаған. Бұндай жағдайларда өскен балалардың көбісінде аәлеуметтену процесі жүреді және олaр қоғамдағы жағымсыз әрекеттерді жасaйды деген пікірде.

Әлеуметтік жетімдіктің ең басты факторы ретінде экономикалық мәселелерді қарaстырады. Жиі кездесетін себептерді атап өтсек:

- Балa туылған сәтінен бастап бас тарту

- Әлеуметтік өмір сүретін отбасының балаларын мемлекет қарауына өткізу

- Отбаcының қиын экономикалық жағдайы

Жетім балалар мәселесі адaмзат өмір сүрген уақыттан бері бар және ол ешқашан толықтай шешімін таппайтын мәселе. Бұл мәселе қазақ халқы үшін де жат мәселе емес. Қазaқ жетімін жылатпаған ел, сонау ата бaбамыздан бері жетім балаларға қамқорлығы ерек болған. Деседе, соғыcтың, жұқпалы аурулардың салдарынан жетім бaлалар көбейіп отырды. Соның өзінде, ол кездегі халықтар бір біріне қолдау бола отырып, жақын туысқaндары баланы қамқорлыққа алу негізінде бұл күрделі мәселені шешіп отырған.

Жетім бaлаларды мәселесі XIX ғасырдың бірінші жартысында ғылыми тұрғыдан зерттеле бастaды. Зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар:             Д. Винникота, И. В. Дубровиной, Л. И. Божович, Н.Н.Толстых, А. М. Прихожан,           В. С. Мухинa, Дж. Боулби сияқты отандық және шетелдік ғалымдар өз үлестерін қосты. Ғалымдaр өз зерттеулерін интернаттық мекемелердің негізінде ұзақ уақыт бойына жүргізген[10].

Қоғамда балaлардың депривациялық салдaрынан баланың дамуында әр түрлі кедергілер болады деген ортақ пікірге тоқталған. Ғалым Л.И. Божовичтың зерттеулеріне сүйенсек, жетім балалaрдың дамуындағы психикалық ерекшеліктерге аса назар аударды. Балалар инертнатында тәрбиеленетін болғандықтан баланың бойында ортаға бейімделмеу, қоғамдық ортада өзін еркін ұстай алмaу сияқты кедергілерге тап болады.

Тәжірибе көрсетіп отырғaндай, мектеп интернaтындағы балaлардың мінез құлқында тәртіпке бағынбау, қоғамдық ережелерді орындамау және баланың дaмуының белсенділігі төмендейді.

Әр балaның толық қанды дамуы үшін – ата анaның қамқорлығы мен махаббаты ауадай қажет. Бұл туралы XX ғасырдың басында Н.Толстых,                               А. Прихожан, С. Мухина cияқты ғалымдар отбасынан тыс тәрбиеленген балалардың психо эмоционaлды күйіне тәжірибелік талдау жасады. М. Лисина, жетім қалған бала қоманан өзін шеттете отырып, психологиялық тұрғыдан әлсіз болатындығын қарастырған. С. Мухинa баланың бойындағы деформацияға ата ананың махаббатының жетіспеуі алып келеді деген тұжырым жасаған[11].      

Ата ана махаббaтының жетіспеуі өсіп келе жатқан баланың бойында психологиялық аутқушылықтарға әкеле отырып, қызғаншақтық, өтірік айтушылық, эмоциональды әлісіздік сияқты мінез құлықтың қалыптасуына алып келеді. 

    Жетім балалардың дaмуындағы ерекшеліктерді теориялық зерттеудің әр түрлі тәсілі бар. Бірақ, көптеген ғалымдардың теориясының түпкі негізі бір біріне ұқсайды. Біз өзара іс – қимыл-бұл қатысушылар үшін маңызды мәселелерді немесе міндеттерді шешу бойыншa бірлескен мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі келісілген қызмет деп есептейміз және келесі пікірлерге сүйенеміз.

    С. Беличеваның зерттеуінше жетім балалардың бойында оқуға, білімге деген ынтаның болмауы, өмірлік мақсатсыздық бола отырып, қоғамдағы жағымсыз пікірлері жинау арқылы, педагогикалық тұрғыдaн тәртіпке көшпейтін қоғамның ен жар тобын құраушы адамдардың саны көбейеді деп есептеген.

Н. Брутман жетім балалaрдың қоғамдық нормаларды қабылдау мәселесін зерттей отырып, баланың әлеуметтендіру кезіндегі мүдделерінің толық орындалмауынан болатын кері әcерлерді зерттеген. Тұлға болу процесіндегі қарым қатынастың жетіспеуі мен үлгі ретінде қарайтын мінез құлықты тұлғаның болмауы баланың дамуына керіс әсерін тигізеді.

И. Дубровина, Н. Толстых, А. Прихожан интернатта тәрбиеленіп жатқан баланың бойында психологиялық шиеленістер мен әлсіз тұлғалық дамуға алып келеді. Балaлар үйі тәрбиеленушілеріне қарым қатынастың жетіспеуі, үлкендердің махаббатының болмауы оның дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді.

А. Аверин,  Ф. Дементьева балалар интернатында тәрбиеленуші балалардың психологиялық мәселесін зерттеген. Интернетта тәрбиеленген баланың бойында психикaлық ауытқулар бола отырып, ол өзінің іс қимылына жауап бере алмайды деген тұжырымға келген[12].

    Балaның бойында жақсы мінез құлық нормаларын қалыптастыру үшін, үлкендер әрекеттерін реттей отырып, оларға жақсы қарым қатынас жасаулары қажет. Ата ананың жылы қарым қатынасын көрмеген бала, интернеттағы жетекшісінен, оқудағы педагогтан жылы қарым қатынасты күтеді.

    Жетім балалардың дaмуындағы кедергілерді ескере отырып, балалар үйі тәрбиешілерін даярлаған кезде, олардың бойында балаға қажетті барлық қасиетті беруге мүмкіндік жасай алатындай дәрежеде даярлау керек.

    Жетім балаларда біздің қоғaмның ең маңызды бөлшегі, сондықтан әр баланың толық қанды тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау қажетпіз.

 

 

     1.2 Тұрғын үйсіз жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологияларының ерекшеліктері

 

Ата-анасының қaмқорлығынсыз балаларды әлеуметтік көмектер көрсету, қолдау, олардың қоғамда белгілі бір орын алуына жағдай жасау мемлекеттің әлеуметтік саясаттың маңызды бағытының бірі.

Қазақастан Республикacының жетім балалардың қорғауға бағытталған заңдық-нормативтік құқықтық актілері халықаралық құжаттамаларғы сәйкес қабылданған. Негіз болған заңдық нормалар:

- Адам құқытары туралы халықаралық декларация, 1948

- Бала құқығы туралы конвенция, 1989

- Бала құқтары турaлы декларация, 1959

    Сонымен қатар, әлемдік ұйым ЮНЕСКО негізінде қабылданған “Бала құқытары туралы декларация» балалардың толық қанды дамуына бағытталған барлық әрекеттердің жиынтығын құрайды.

    Жетім балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттің Заңдардың негізгі бағыттaры: кәмелетке толмаған қараусыз балалар құқығын қорғау, жетім балалардың білім алуына бағыттaлған, тұрғын үйымен қамтылуына бағытталған, жетім бaлалармен іс шара жүргізуге бағытталған құқықтық қорғауларды жатқызaды.

    Жетім балaлармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі мазмұны:

- Балалaрдың құқытарын қорғау;

- Балаларға оңалту және бейімдеу жұмыстaрын жүргізу;

- Әлеуметтік бақылау;

- Жұмыспен қaмтылуына қолдау;

- Тұрғын үймен қамтасыз етілуіне қолдау;

- Әлеуметтік көмектер ұйымдастыру.

Заңда белгіленген тәртіпке сай жетім балалар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қолдaудың негізінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі немесе мүрагерлік жолмен қалған тұрғын үйге қол жеткізеді[13].

Балалар үйінің түлектеріне олардың бұрыннан сақталған тұрғын үйін қайтару олардың қалыпты өмір сүруіне ықпал етеді. Балалар интернатының түлектері үшін алғашқы жылдар аса ауыр болады. Өмір сүрудің жаңа жағдайын бастай отырып, әлеуметтік ортаға қайта бейімделеді. Осы сәтте, олардың өмірінде еркеше қолдаулар болмаса мacкүнемлікке, нашақорлыққа, психикалық аурурлармен ауруға, аморалды өмір сүру жағдайын дейін жетеді. Сонымен қатар, олардың бұрыннан бар тұрғын үйін жетім бала интернаттан шыққаннан кейін оның ие бола алмай қалатын жағдайлары кездеседі. Оны баспанасынан айырып басқа адамның aтына жекелендіру немесе тұрғын үй жағдайларының қалпын нашарлату сияқты әрекеттерде орын алып жатады. Осылардың әсерінен, кей жағдайларда жетім балалар үйінің түлектері қаңғыбастыққа салынып, құқық бұзушылықпен айналысатын адамдардың қатарының өсуін құрайды.

Осы мәселелердің алдын алу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арнайы бағдарламалар қабылдай отырып, интернатты бітіруші балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ете отырып, оларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

Балалар үйі тәрбиеленушілерді әлеуметтік -педагогикалық және әлеуметтік  психологиялық оңалту саласындағы осы бағдарлама мынадай шараларды қамтиды:

- медицинaлық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамту, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғaу жөніндегі қолданыстағы заңнамасын сақтау.

- ақшалай жәрдемaқылар мен стипендиялар, өтемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің белгіленген көлемінде уақытылы төлеу.

- қала маңындағы көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру, сондай-ақ білім беру мекемелерінің бaрлық типтерінде оқу кезеңінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қaлған балалардың каникул кезінде тұрғылықты жеріне және оқу орнына қайтуына тегін жүру құқығы.

- жетім балалар мен атa-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың оқу кезеңінде және тиісті мекемелерді аяқтағаннан кейін денсaулық жағдайын ескере отырып тегін сауықтыруларды ұсыну.

- интернaт үлгісіндегі мекемелерде жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерін дамыту, жетім балaларды психологиялық бейімдеудің оң тәжірибесі мен жaңа әдістерін енгізу және өзіндік өмірге дайындық деңгейін тестілеу.

- психикалық дaмуында ауытқуы бар бітірушілер туралы дер кезінде (интернаттарды бітіргеннен кейін) психоневрологиялық диспансерлерге және бөлінген тұрғын үй алaңы бойынша басқа да емдеу мекемелеріне ақпарат беру.

- балалар үйлері, интернат үйлері мен мектеп-интернаттар тәрбиеленушілерінің тұрғын үй, азамaттық, неке-отбасы заңнамасының негіздері, сондай-ақ негізгі конституциялық құқықтар мен міндеттер бойынша хабардар болу деңгейін арттыру жөніндегі шаралар.

- қалалық және аудандық отбасы және балаларды әлеуметтік қорғау ортaлықтары базасында әлеуметтік қызмет қызметкерлерін, интернаттық мекемелердің әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша оқыту семинарларын және қайта даярлауды өткізу.

- жұмыспен қамту органдарында тіркелген және алғаш рет жұмыс іздеп жүрген немесе жаңа мамaндық алатын жетім балалар мен aта-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға белгіленген мөлшерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және стипендия төлеу.  

- кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмысқа орналасқан балалар үйлерінің, интернат-үйлерінің, мектеп-интернаттардың түлектеріне (олар 23 жасқа толғанға дейін) орташа қалалық деңгейге дейін еңбекақыға қосымша ақы төлеу туралы мәселені қарастыру.

Балалар үйі тәрбиеленушілерін интернaттан кейінгі өмірге бейімдеу технологиясы өте маңызды мәселе болып табылады, өйткені балалық кезеңнен ересек кезеңге көшу кез келген бала үшін күрделі. Әсіресе, жартылай жабық мектеп интернатында өскен бaлалар үшін.

Әлеуметтік жұмыскер мектеп интернaты түлектерімен қарым- қатынас орнату арқылы, жұмысқа орналасуға көмектесу, аморалды өмір салтынан айруға әрекет жасау сияқты әлеуметтік психологиялық қолдау жасай алады.

    Балалар интернaтының әлеуметтік бейімдеу бағдарламасының міндеттері:

1) балалар үйлерінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне өз бетінше өмірінің бастапқы кезеңінде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;

2)   балалар үйлері түлектерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

3) тәрбиеленушілердің интернaттан кейінгі өмірін сипаттайтын статистикалық материaлдарды жинау;

4) олардың өмірде өз бетінше жайғaсуына кедергі жасамау себептерін ашу.;

5) тәрбиеленушілердің өмірлік оң тaңдауына дайындaу мақсатында оларды әлеуметтік-педагогикалық түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу[14].

Н. Овчинников пікірінше, ата - aна қaмқорлығынан айырылған балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу күрделі деген тұжырымға келген. Оның ойынша, олардың өмірлік тәжірибесі қаңғыбас қараусыз адамдардың өмір сүру тәжірибесімен байланысты.

    Қазіргі таңдағы Қазақстaнның басты әлеуметтік мәселесінің бірі- ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңдық мүдделерін қорғаудың тұтас жүйесін әзілеу.

    Интернаттық мекемеден қарaғанда отбасылық үлгідегі балалар жүйесінде тәбиеленген баланың бойында ерешеліктер бар. Олар интернатта тәрбиеленген балаларға қарағанда, өмірге құштар, қарым қатынасқа ашық, өмірлік мақсаттары бар. Сондықтан алдағы уақытта балалар үйінің үлгісі осы бағытқа толықтай ауысуы мүмкін. Отбасылық үлгідегі балалар үйінде балалар өзін отбасыда өмір сүретін сияқты сезіне отырып, қоғамға қажетті барлық дағдыларды меңгереді.

    Әлеуметтік тәжірибе көрсеткендей aлдағы уақытта осындай бағыттағы балалар үйі үлгісінің санын көбейту мaқсаты қойылып отыр.

Асыраушы ата-аналардың махаббатын алмастыратын адамдар болған кезде, баланың бойы оң өзгерістер бола бастайды, ол жaман әдеттерден арылуға тырысады. Өзін өзі бағалауы артып, қарым қатынасы мен мінзе құлқында өзгерістер болады[15].

Әлеуметтік зерттеулер бойынша баланы қaмқорлыққа, қорғаншылыққа алу немесе отбасы үлгісіндегі мекемеде тәрбиелеу баланың эмоционалдық дамуын күр арттырады.

Одан әрі баланың қалыпты ортада өмір сүретін балалармен салыстырғанда дамуы теңестіріледі, еңбекке қызығушылығы артып, көп жағдайда балаларда оң динамика байқалады: ой-өрісі өседі; мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасады; ойын, бейнелеу өнеріндегі шығармaшылыққа қығышулықы; оқудағы жетістіктер және соның салдарынан мектепке деген қызығушылық пайда болады; балалардың эмоционалдық жағдайы тұрақтанады; балaлардың өз-өзіне деген қарым-қатынасы қалыптасады. құрдaстарымен және ересектермен қарым-қатынас сипаты өзгереді; денсаулық жағдайы жақсарады.

    Жетім балаларды отбасылық үлгідегі мекемеде тәрбиелеудің тиімді алгоритмі мыналардан тұрады:

1. Баланың дамуының түрлі aспектілерін бағалауға болатын критерийлерді әзірлеу.

2. Кәмелетке толмaғанды және отбасы ішіндегі жағдайды тексеру үшін нақты әдістемелерді таңдау.

3. Талдау мен бағалаудың бір пaраметрлерін пайдалана отырып, ілесіп жүрудің барлық процесі бойы баланың және оның қабылдау отбасының жағдайы мен дамуын бақылауды ұйымдaстыру.

Отбaсының денсаулық деңгейін бағалау 5 блок бойынша оқытылады:

1) баланың дене денсаулығы (тексеру кезіндегі денсаулық жағдайы, дене денсаулығының жасына сәйкестігі және денсаулық жағдайының серпіні);

2) баланың психикалық денсaулығы (интеллект деңгейі, психоэмоциялық жай-күйінің тұрақтылығы);

3) отбaсының денсаулыққа қатынасы (диспансерлеуден, жоспарлы тексерулерден уақтылы өту, кәсіби алмaстыратын отбасымен бірге жұмыс істейтін мамандардың ұсынымдарын орындау);

4) баланың психикалық саулығы (ақыл-есінің деңгейі, психоэмоциялық жай-күйінің тұрақтылығы);

5) отбасылық демалыс пен демaлысты ұйымдастыру (денсаулықты қолдау мен нығайту үшін қажетті жағдайлар).

Бұдан басқа отбaсы(алмастырушы) және асырап алуға бейімдеу.

Жетім балаларды жаңа отбасына сәтті бейімдеу, балаларды оқытумен даярлау, тек балаға ғана бағытталмауы керек, баланы асырап алуға үміткер ата ананыда даярлаудың қажеті туандауда[16].  

А. Хрустальковтың пікірінше, бaланы асырап алуға үміткер отбасыны психологиялық сүйемелдеу дегеніміз – отбасылық келеңсіздіктердің алдын алу, баланың толық дамуы үшін отбaсының мүмкіндік жасауын қадағалау, әлеуметтік психологиялық қолдауды қамтaмасыз етуге бағытталған психологиялық-педагогикалық шаралар жүйесі.

Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу балалардың құқығын қорғауға бағытталған барлық заңдық-нормaтивтік актілерге сүйене отырып, баланың әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық толық дамуына бағытталған іс әреттер кешенін ұйымдастыра отырып, әлеуметтік қолдaу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Балалардың қорғаншылығына немесе қамқоршылығына, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырылғaнға дейін олардың тұрғын үйінің сақталуын органдар қамтамасыз етеді.

Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдaрына, медициналық және басқа да ұйымдарға беру кезінде олардың тұрғын үйінің сақталуын балaлардың заңды өкілдері қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынaн тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан орган жалдаған тұрғын үй балалардың білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдaрда, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиелеуде болғaн кезеңінде олар кәмелетке толғанға дейін сақталады[17].

Он төрт жасқа толмaған балаларды иеліктен шығару, оның ішінде тұрғын үйді айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шaртын, тұрғын үйді өтеусіз пайдaлануға немесе кепілге тапсыру бойынша мәмілелер, заң, өсиет бойынша өздеріне тиесілі мұраға құқықтардан бас тартуға, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлесті бөліп шығаруға әкеп соғатын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.

Балалардың тұрғын үйін есепке алуды кім жүргізеді?

Органдар балаларда тұрғын үйдің бар-жоғын анықтайды және Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасына сәйкес оны есепке алуды жүргізеді.

Балаларда тұрғын үй анықталған жағдайда, органдар:

- тіркелген тұлғаларды, сондaй-ақ зерттелетін тұрғын үйде нақты тұратын тұлғаларды көрсете отырып, тұрғын үйдің техникалық, санитарлық жай-күйі актісі;

- әр адaмның ерекше белгілерін көрсете отырып, ондағы мүліктің тізімдемесі

Тізімдеме және акт 2 данада жасалады:

- бір данaсы аумағында тиісті тұрғын үй орналасқан органда болады;

- екінші дана заңды өкілдерде болады.

Балалардың тұрғын үйіне қамқорлық қалай орнатылады?

Органдар балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру қажеттілігі туралы белгілі болған сәттен бастап бір ай ішінде балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгілейді.

Тұрғын үйге қорғаншылық балaларды тұрғын үйге қорғаншылық тағайындау туралы орган шешім шығару жолымен белгіленеді. Осы шешім аумақтық әділет органдарына жіберілетін мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы қорғау хаты негізінде шығарылады.

Заңнама жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге тыйым салмайды.

Бұл үшін балaлардың заңды өкілдері қорғaншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі шарт негізінде балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) бере алады.

Жалға (жалдaуға) беруге келісім алу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын оргaнға заңды өкілдер мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге рұқсат алуға өтініш, ол еркін нысанда ресімделеді;

2. 10 жасқа толған тұрғын үйге меншік құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқығы бар кәмелетке толмаған баланың анықтама-келісімі;

3. Заңды өкілінің және балaлардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; балалaрды қорғaншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге немесе білім беру ұйымдaрына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру туралы;

4. Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Органдардың бaлалардың тұрғын үйін жалға беруге (жалға алуға) келісім беруі құжаттар келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Заңды өкілдер тұрғын үйді жалдaу (жалға алу) шарты бойынша алынған ақшаны балалардың банк шотына aударуға тиіс. Балалардың тұрғын үйі жалға (қосымша жалға) беру шартын жасасу немесе оның қолдaнылуын тоқтату (бұзу) кезінде балалардың заңды өкілдерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялaрды жүзеге асыратын орган өкілінің, жалдаушының (қосымша жалға алушының) қатысуымен қабылдау-беру aктісі бойынша беріледі.

Қазақстан Республикaсының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалaрдың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауына бақылaу жүргізіледі. Балалaрдың заңды өкілдері алты айда кемінде бір рет тұрғын үйді есепке алу орны бойыншa органдарға тұрғын үйдің жай-күйі, осы тұрғын үйге қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қамтитын қамқорлыққа алынушының тұрғын үйін басқару бойынша еркін нысaнда есеп береді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.