Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пән: «Балалар аурулары», балалар жұқпалы аурулар *2*162*3 5 страница



* α- аминокапрон қышқылы мен сорбенттер

* гепатопротекторлар, физиологиялық сұйықтықтар

* дезинтоксикация

 

# 1710

*! Бала 3 жаста. Ауырғанына 3 күн болған. Дене қызуы көтерілуімен, әлсіздік, жөтелу, мұрынның бітелуі, конъюктивитпен ауруы басталған. 4-ші күні симптомдары күшейген, дене қызуы 39 С көтерілген, бетінде дақты –папулезді бөртпелер пайда болған, 5-ші күні кеудесіне, келесі күні аяқ-қолдарға жайылған. 10 күн бұрын жөтелі және «аллергиялық бөртпесі» бар туысқанымен қатынаста болған .

Болуы ықтимал болжам диагноз:

 

*+ қызылша

* жәншау

* герпетикалық баспа

* листериоз

* желшешек

 

 

# 1711

*! 5 жасар бала учаскелік дәрігерге дене қызуының жоғарылауына 38,3° ке дейін, жөтелге, ентігуге шағымданып келді. Терісінде қоңыр түстес пигментация, кебек тәрізді қабыршақтану бар. Өкпесінде тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар бар. Бала мазасызданғанда ентігуі күшейеді, ауыз мұрын үшбұрышының цианозы пайда болады. Анасының айтуынша 8 күн алдын Аденовирусты инфекция, аллергиялық бөртпе деген диагнозбен емделген.

Болуы ықтимал болжам диагноз:

 

*+қызылша, пневмонияға асқынған

* қызамық, пневмонияға асқынған

* жәншау, токсикалық түрі

* қызылша, миокардитке асқынған

* аденовирусты инфекция, пневмонияға асқынған

 

# 1712

*! 4 жасар қы балада ауруының екінші күні дене қызуы 37,8. Жөтеледі, мұрнынан бөліністері бар, жарықтан қорқады. Терісі таза, бозарған. Конъюктивасы қызарған, ауыз қуысының шырышты қабаттары қызарған, ісінген, борпылдақ, жұмсақ таңдайда энантемалар, ұртында ұсақ ақ түсті нүктелер анықталады.

Болуы ықтимал болжам диагноз:

 

*+ қызылша, продромалды кезең

* қызылша, жеңіл түрі

* қызамық, атипті түрі

* кызамық, продромалды кезең

* қызылша, атиптітүрі

 

# 1713

*!Инфекционисттің кеңесіне 5 жасар бала жіберілді. Баланы ортопедиялық опреацияға дайындау барысындағы қанның биохимиялық анализінде АлАТ- 6,5 ммоль/л, АсАТ-3,7 ммоль/л екендігі анықталды. Маркерлік диагностикада - анти HАV IgМ табылды. Баланың ешқандай шағымдары жоқ.

Сіздің клиникалық диагнозыңыз

* ВГА, жеңіл түрі

*ВГА, сарғаюсыз түрі

* +ВГА, субклиникалық түрі

* ВГА, көмескі түрі

* ВГА, абортивті түрі

 

#1714

*! 7 жасар қыз бала сальмонеллез диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға түскеннен кейін 5 –ші күні көзі мен терісі аздап сарғайды, зәрінің түсі қарайды, үлкен дәреті түссізденді. Қанның биохимиялық анализінде билирубин 60 мкмоль/л, тікелей фракциясы- 40 мкмоль/л, АлАТ- 3,5 ммоль/л, АсАТ-2,7 ммоль/л.

Сәйкес келетін болжам диагноз

*Вирустыгепатит, ауыр түрі

*Вирусты гепатит, орташа ауыр түрі

* +ВГА, жеңіл түрі

* ВГА, көмескі түрі

* ВГА, абортивті түрі

 

#1715

*! Бала 5 жаста, 3 ай бұрын гемотрасфузия жасалған, ауыр жағдайда түсті, дене қызыуының 39 С көтерілуінен басталып, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, ішінің ауруына шағымданады. Ауруының 7-ші күні 6 рет құсу пайда болған, анорексия анықталды. Бауыры +5,0 см және көкбауыры +2,0 см ұлғайған. Қанның ИФА анализінде: маркерлар анықталды HBsAg, анти НDVIgM, анти HBcorIgM.

Сіздің клиникалық диагнозыңыз

*ВГА+ВГС

*+ВГВ+ВГД

* ВГЕ+ВГА

* ВГВ+ВГС

* ВГЕ+ВГВ

 

# 1716

*! Науқас 11 жаста. Шағымы жоқ. Тексеру кезінде гепатомегалия анықталды. Сарғыштық жоқ. ИФА қан анализінде анықталды: анти НСVIgM биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин 18 мкмоль/л, АЛТ-1,25, АСТ-0,9.

Сіздің клиникалық диагнозыңыз

*+ ВГС, сарғаюсыз түрі

* ВГС, көмескі түрі

* ВГС, жеңіл түрі

* ВГС, абортивті түрі

* ВГС, орташа ауыр түрі

 

# 1717

*! Қабылдау бөлімшесіне 12 жасар бала тәбетінің төмендеуіне, арықтауға, шаршағыштыққа, жүрек айну, аяғының ісуіне, қызыл иек пен мұрыннан қан кетуіне шағымданып түсті. Анасының айтуы бойынша: бала 5 жасында вирусты гепатитпен ауырған. Жиі «ЖРВИ. Гастрит. Өт жолдарының дискинезиясы. Нефрит» себебімен стационарлы ем қабылдайды. Қарау кезінде: жағдайы нашар. Бала арық, салмағы-28 кг. Тері қабаттары бозғылт, бет, мойын терсінде телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Екі аяқтың ісінуі байқалады. Іштің тері қабатында тамырлары айқын. Іші ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан +1,0,+1,5,+1,5 см., тығыз консистенциялы, беті кедір-бұдыр, шеттері өткір, пальпация кезінде ауырсынусыз. Көкбауыр қабырға доғасынан +3,0 см., тығыз консистенциялы.

Ең сәйкес келетін болжам диагноз

*+ созылмалы вирусты гепатит бауыр циррозымен

* Гастрит, бауыр циррозымен асқынған

* Жедел вирусты гепатит бауыр циррозымен

* созылмалы вирусты гепатит гастрит және панкреатитпен асқынумен

* созылмалы холецистит бауыр циррозымен

 

#1718

*! Шымкент қаласының областық ауруханасына 14 жастағы бала жеткізілді, қыр даладан әкесімен аңшылықтан қайтып келгеннен кейін ауырды. Әлсіздік, селқостық, бас ауру пайда болды. Объективті: Оң жақ қолтықасты аймақта өткір ауру сезімді 4х6 см анық емес контурлі түйіншек пальпацияныланады, түйіншек үстіндегі тері көгілдір реңді гиперемияланған. Қан анализі: эр. – 4,0 х 1012/л, гемоглобин – 124 г/л, лейкоциттер 10,0 х 109/л, п 24%, с 64%, л 8%, э 2%, СОЭ 32 мм/сағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін

 

*+ обаның бубонды формасы

* обаның терілік формасы

* обаның біріншілік-септикалық формасы

* обаның біріншілік өкпелік формасы

* обаның ішектік формасы

 

#1719

*!  Виктория, 10 айлық.Ауырғанына 5ші күн. Жедел ауырды. Ауруының бірінші күнінен құрғақ, жабысқақ жөтел, мұрынынан аздаған шырышты бөліністер. 2-ші күні жөтелі өткір , дөрекі, жарықтан қорқу, конъюктиваның қызаруы пайда болды. Ауруының 4 –ші күні бетінде майда бөртпе пайда болды. Ауруының 7-ші күні қараған кезде бетінде және денесінде көп емес бөртпе,  аяқтарында бөртпе жоқ. Бозғылт пигментация . Эпидемиологиялық анамнезінен белгілі , бөртпесі бар науқаспен қарым қатынаста болған. 

Ең ықтимал келетін болжам диагноз:

* +Қызылша, абортивті түрі

* Қызылша, митигирленген түрі

* Қызылша, типті түрі

* Қызылша, жеңіл түрі

* Қызылша, орташа ауыр түрі

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.