Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны – 15.



      2. Математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны – 15.

         Тапсырмалардың үлгісі «Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясында (2020 жыл) берілген.

     А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады.

     В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады (бұрын 10 болды).

     В бөлімі тапсырмаларының тақырыптар бойынша саны мен балдарының үлестірілуі төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Сандар Алгебра Статистика мен ықтималдар теориясы Математикалық модельдеу және анализ
1 тапсырма тапсырма тапсырма тапсырма
20% (2-4 балл) 40% (5-8 балл) 20% (2-4 балл) 20% (5-6 балл)

 

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.

     3. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы өзгеріссіз қалады. 

 

 

 

2020-2021 оқу жылында 11 (12)-сыныптардың білім алушыларын  қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық

  «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылында 11 (12)-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудың нысандары келесідей болып белгіленген:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);

3) Қазақстан тарихынан тестілеу;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

    

1. Қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшінқазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан жазады. Эссе жазу үшін оқушыларға бір тақырыпты таңдау ұсынылады. Эссе көлемі 250 – 350 сөзден тұруы қажет.

Эсенің жалпы балдар саны - 20.

Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

Эссені орындауға 3 астрономиялық сағат беріледі. Эссе екі бағамен бағаланады, орфографика мен грамматиканың бағасы тілдік пәндерге қойылады, мазмұны бойынша баға әдебиетке қойылады.

Таңдауға 10 тақырып беріледі: 5 әдеби және 5 еркін тақырып.

Емтиханға қатысушыларға хрестоматиялар, шығармалардың мәтіндерін, орфографикалық, түсіндірме, энциклопедиялық сөздіктерді, қанатты сөздер кітаптарын қолдануға рұқсат етіледі.

 

2. «Алгебра және анализ бастамалары» бойынша жазбаша емтихан жұмысыматематикалық фактілерді меңгеру, мәнін және тәсілдерін түсіну, қолданбалы және логикалық есептерді шеше білу деңгейін анықтауға бағытталған. «Алгебра және анализ бастамалары» бойынша есептерді шығаруға 5 астрономиялық сағат беріледі.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша екі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 16.

         А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.   

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.Балдарды қою критерилері емтихан материалдарымен бірге беріледі.

 

     3.Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша«Алгебра және анализ бастамалары» жазбаша емтихан жұмысыекі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 15.

         А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 5 тапсырмадан тұрады

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.Балдарды қою критерилері емтихан материалдарымен бірге беріледі.

4. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер бойынша«Алгебра және анализ бастамалары» жазбаша емтихан жұмысыекі бөлімнен тұрады, тапсырмалардың жалпы саны үшін – 16.

         А бөлімі 10 тапсырмадан тұрады. Әрбір тапсырма 1 балмен бағаланады. В бөлімі 6 тапсырмадан тұрады.   

А бөліміндегі жалпы балдар саны – 10.

В бөліміндегі жалпы балдар саны – 20.

Емтихан жұмысының қорытынды балы – 30.Балдарды қою критерилері емтихан материалдарымен бірге беріледі.

 

5. Қазақстан тарихынан тест 18 тест тапсырмасынан тұрады:

- бір дұрыс жауабы бар 10 тест тапсырмасы;

-  бір мәтінге бір дұрыс жауапты таңдау арқылы 5 тест тапсырмасы;

- ашық нысандағы 3 тест тапсырмасы.

Тест нәтижелерін тексеру балдарды қою кестесіне сәйкес жүргізіледі. Тест спецификациясы ҰТО сайтында орналасқан (www.testcenter).

Бір дұрыс жауабы бар 10 тест тапсырмасы және бір мәтінге бір дұрыс жауапты таңдау арқылы 5 тест тапсырмасы бар 10 тест тапсырмасына жалпы балдар саны – 15.

Ашық нысандағы 3 тест тапсырмасының жалпы балдар саны – 15.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.