Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





оқу жылында 9 (10)-сыныптардың білім алушыларын  қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық



 

 

2020-2021 оқу жылында 9 (10)-сыныптардың білім алушыларын  қорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулық

 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылында 9 (10)-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттаудың нысандары келесідей болып белгіленген:

1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы);

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан (тестілеу) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау).  

Емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – Білім басқармалары), республикалық мектептердің 9(10)-сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды.

Емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) қорытынды аттестаттау спецификациясы талаптарын негізге алып, сонымен бірге 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі негізде дайындау ұсынылады.

1. Қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша емтихан (мақала, әңгіме, эссе) жұмысының сипаттамасында көрсетілгеніндей, өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда көрсетілгендей, 400-450 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды (бұрын спецификация бойынша сөздер саны 250-300 құраған, осы көрсетілген сөздер санын 100-150 дейін қысқарту қажет).

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің оқушылары үшін өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда көрсетілгендей, 450-500 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде 150-200 сөзден тұратын жазба жұмысының біреуін (мақала, эссе, әңгіме және т.б.) орындайды (бұрын спецификация бойынша сөздер саны 250-300 құраған, осы көрсетілген сөздер санын 150-200 дейін қысқарту қажет).

     Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі, бағалар сипаттамасы, балл қою кестесі спецификацияда берілген.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.