|
|||
Байқаудың ұйымдастырушылық комитеті7. Байқаудың ұйымдастырушылық комитеті 7.1. Байқауға ұсынылған жұмыстардың ішінен үздіктерін анықтау үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады, ол Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 115-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Ұйымдастыру комитеті байқау ережесіне өзгерістер енгізуге құқылы. 7.2. Байқау әділқазылары - байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалайды, үздік жұмыстар мен жеңімпаздарды анықтайды. 7.3. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша хаттама толтырылады және ол қайта қарастырылмайды. Комиссия өз шешімі бойынша түсініктеме бермеуге құқылы.
8. Байқау жұмыстарының ұсынылу тәртібі: - Өтінімдер мен байқау жұмыстары Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 115-үй мекенжайы бойынша қабылданады, сондай-ақ, «Алғыс айту күніне арналған үздік логотип байқауы» деп domdrujby@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады. - Байқауға ұсынылған жұмыстар сын-пікірді талап етпейді және кері қайтарылмайды. - Толық толтырылмаған немесе байланысушы тұлғаға қатысты мәліметтер мен кері байланыс орнатуға қажетті деректер көрсетілмеген өтінімдер қабылданбайды. - Өтінімдер тегін тіркеледі. - Байқауға қатыса отырып, сіз, өзіңіз жіберген материалдардың жарияланатындағы үшін материалдық шағым түсірмеу жөніндегі талаппен келісесіз. Барлық байқау жұмыстары «меншікке» айналады және болашақта біздің жарияланымдарымызда пайдаланылуы мүмкін.
9. Байқау жұмыстарының бағалану критерийлері Ұйымдастыру комитеті үздік логотипті анықтау үшін келесі критерийлерді басшылыққа алады: - әмбебаптылық, - бірегейлік, - ассоциативтілік, - бейнелілік, - функционалдылық, - айқындылық, - ықшамдылық.
10. Жеңімпаздарды марапаттау Байқау жеңімпазына диплом және сыйлық ұсынылатын болады.
Қосымша
|
|||
|