Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БЕКІТЕМІН». останай облысы әкімдігінің. ішкі саясат басқармасы» ММ. оғамдық келісім» КММ  басшысы. Н. Сандыбаева. Алғыс айту күніне арналған үздік логотип» байқауының ережесі. Жалпы ережеле



    «БЕКІТЕМІН»

«Қостанай облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасы» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ  басшысы

Қ.Н. Сандыбаева

                                                                _________________________

   2021 ж. «___»_____________

«Алғыс айту күніне арналған үздік логотип» байқауының ережесі

Ұйымдастырушы: Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы, «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі істер басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ, мекенжайы: Қостанай қ., Алтынсарин көш., 115

1. Жалпы ережелер

Бұл ереже Алғыс айту күніне арналған  үздік логотип  жасауға бағытталған байқаудың мақсаттарын, міндеттерін, байқауға ұсынылатын материалдарды іріктеу жолдарын, байқау талаптарын және оның өткізілу тәртібін, байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау тәртібін айқындайды.

«Алғыс айту күніне арналған үздік логотип (эмблема-символ)» байқауы Алғыс айту күні мерекесінің аясында өткізіледі.

Логотип – толық немесе қысқартылған атауды таңбалау үшін пайдаланылатын ерекше белгі.

Эмблема – белгілі бір идеяның шартты немесе символикалық суреті.

Символ – танымдық белгі.

2. Байқаудың мақсаты:

-Алғыс айту күнінің негізгі мақсаттарын, міндеттерін айқындап көрсететін және болашақта символика ретінде қолданылатын логотип (эмблема-символ) жасау;

- барлық этностар мен қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, ұлтаралық келісім мен достықты нығайту;

- өскелең ұрпақты толеранттылық мәдениетке тәрбиелеу, өзара құрмет пен достық сезімдерін ояту;

- Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту.

3. Байқаудың міндеттері:

-жастарды Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жұмысымен таныстыру, тарту;  

- Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау;

- Қазақстанға қоныстанған сан түрлі этностардың шығу тарихын насихаттау, ортақ құндылықтарды белгілеу, өзара құрмет  сезімін қалыптастыру.

 

4. Қатысушылар:байқауға Қостанай облысындағы мектептердің               5-11 сынып оқушылары қатыса алады.

5. Байқаудың өткізілетін мерзімі:  

- байқау 2021 жылдың 20 қаңтары-20 ақпаны аралығында өткізіледі.

- байқау жұмыстары 2021 жылдың 20 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетіне ұсынылуы тиіс. 20 ақпаннан кейін ұсынылған жұмыстар қабылданбайды.

- 2021 жылдың 23 ақпанында байқау жұмыстары қарастырылып, жеңімпазлар анықталады.

 

6. Байқау жұмыстарының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар:

- логотип «Алғыс айту күні»тақырыбын ашуы қажет;

- байқау жұмысы графикалық және сипаттамалық бөлімдерден тұруы тиіс;

- байқау жұмысының графикалық бөлімі логотипті бағалау өлшемдеріне сай болуы тиіс және А4 форматты (кемінде) қағаз тасымалдағышта (түрлі-түсті нұсқада) сызба, эскиз, сурет, графикалық макет, 3D-рендер түрінде және электронды түрде (jpeg форматында) ұсынылуы мүмкін. Файл көлемі 10 Мб асатын болса, қатысушы файлдарды жүктеу сілтемесін қамтитын ақпаратты domdrujby@mail.ru электрондық поштасына жолдауы тиіс;

- байқау жұмысының сипаттамалық бөлімі ұсынылған логотиптің тұжырымдамасымен таныстыруы керек (көлемі А4 форматындағы 2 беттен аспауы керек);

- байқау комиссиясы әрбір қатысушыдан бір байқау жұмысын ғана қабылдайды;

- қолданыстағы логотиптердің авторлық элементтері, мемлекеттік рәміздердің символдары пайдаланылған жұмыстар қабылданбайды, логотиптің эскизін жасауда оның болашақта сан түрлі материалдарға бейнелену мүмкіндігін ескеру керек. 

- бұрын ғаламторда жарияланған материалдарды жіберуге тыйым салынады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.