|
|||
Байқаудың жұмыстарына қойылатын талаптар ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2 Байқаудың жұмыстарына қойылатын талаптар Байқау жұмыстары келесі номинациялар бойынша қабылданады: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзекті және маңызды оқиғалар туралы үздік фото\ видео репортаж»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблеманы жарықтандыратын басылым және электрондық БАҚ үздік материал». Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау және жүзеге асыруды жарықтандыру,құқықтық мәдениет және қоғамның құқықтық сезімін қалыптастыру бойынша жарияланымдар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес, халықтың осал топтарымен жұмысы арқылы қоғамда «Мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қалыптастыру бойынша материалдар, журналистік тексерулер қабылданады. Газет және журнал материалдары түп нұсқа немесе газет (журнал) бетіндегі көшірмесі түрінде ұсынылады. Міндетті түрде басылымның атауы, нөмірі және жариялану күні көрсетілуі керек. Телевизиялық, видео сюжеттер, бағдарламалар электронды түрде телеарнаны көрсете отырып, бағдарламаның атауымен және эфирге шыққан күнімен электронды тасығыштар арқылы ұсынылады. Автордың фото жұмыстары қара-ақ және түрлі түсті суретте көп дегенде бес түр көлемінде ұсынылады. Байқау жұмыстары қайтарылмайды және рецензиялауға болмайды. Байқау ұйымдастырушылары конкурсқа арналған конкурстық жұмыстарды басылым және электронды өнім түрінде жариялауға құқылы. Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде. Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері: -материалдардың сараптамалық деңгейі және ақпараттық қанықтығы;; - объективтілік және нақтылық, жарияланымда дәлсіздіктер, компетентті емес қорытындылардың болмауы - тақырыпты толық ашу; - автор стиль және тіл мәдениеті; - тақырыпты әзірлеу ерекшелігі; - ұсынылатын ақпараттың жаңалығы мен өзектілігі; - материалды баяндауға қолжетімділігі; - қоғамдық қызығушылықтың болуы (резонанс); - материалдарды жазу, монтаждау және беру сапасы; - материалдың конкурстың тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі. Бірнеше өтініш берген тұлға тек бір номинация бойынша ғана жеңімпаз бола алады. Байқау туралы ереже Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ресми сайтында WWW.zhastar.kostanay.gov.kz www.gakogrin.kz және VKontakte, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады. Ұйымдастыру комитеті: 87142 54 14 69 , Қостанай қ., 1 май көш. 151 («Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» ҚҚ офисі).
|
|||
|