Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бекітемін». останай облысы әкімдігінің. жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының. басшысы. М. Жұрқабаев. останай облысының жас журналисттер облыстық байқауын өткізу туралы. Е



  «Бекітемін»

Қостанай облысы әкімдігінің

жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының

басшысы

_____________М. Жұрқабаев

«___»_____________2020 жыл

Қостанай облысының жас журналисттер облыстық байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

Жалпы ережелер

Жас журналисттер облыстық байқауы «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениететті қалыпстастыру» әлеуметтік маңызды жобасы шеңберінде өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушылары «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және «Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» ҚҚ.

Байқаудың мақсаты:

- жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысуға тарту, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құндылықтарын ілгерілету;

- сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және пайдалану;

- халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуда жас журналистердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін қалыптастыру;

- кәсібилікті көтермелеу және шығармашылық көзқарасты ынталандыру, жаңадан бастаған және кәсіби журналистердің шеберлігін арттыру.

 

Өткізу мерзімі, тәртібі және талаптары

Қатысушылардың жасы 14-29 жас аралығы.

Байқауға 2020 жылдың 1 қаңтарынын 1 маусым аралығында эфирге шыққан немесе басылым және электрондық БАҚ жарияланған жұмыстар қабылданады.

Жұмыстар электронды түрде www.gakogrin.kz сайтында қабылданады («Жас журналисттер байқауы -2020» баннеріне басу қажет), онлайн-форманы толтыру қажет, сонымен қатар өтінішті grin_kost@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады.

Ең үздік деген жұмыстар байқау өткен соң ұйымдастырушылар сайттарында  жарияланатын болады.

       Байқаудың қазылар алқасына мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері және сарапшылары шақырылған.

       Байқау 3 кезеңнен тұрады.

а) материалдарды жинау (2020 жылдың 1 маусымына дейін)

б) конкурстық комиссияның жұмысы (2020 жылдың 15 маусымына дейін)

в) конкурстық комиссияның қорытынды шығаруы (2020 жылдың маусым айы бойы).

       Байқау финалисттері алғыс хаттармен марапатталады. Байқау жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және қымбат сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау салтанаты мемлекеттік қызметкер күніне орайластырылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.