Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқыту мақсаттары. Оқытудың соңғы нәтижелері



3. Оқыту мақсаттары

1. өзінің кәсіпшілік қызметінде қазіргі компьютерлік программаларды қолданып іскерлігін дамыту;

2. медико-биологиялық зерттеуде «Медициналық статистика» программа пакетін қолдану;

3. медико-биологиялық есептерді алгоритмдеуде және бағдарламалауда іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;

4. ҚР «Электрондық үкімет» бағдарламасын қалыптастыруда студенттерді мақсатымен және тапсырмаларымен, мемлекеттік органдарда қазіргі кездегі ақпараттандыруды талдауды, бағдарлама механизмдерімен және негізгі бағыттарымен таныстыру;

5. жергілікті желі және Internet қолданып іскерлігін дамыту.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері

· Студент білуі керек:

1. өз еңбегін ұйымдастыру негіздері;

2. компьютер жайында қажетті мағлұмат;

3. мамандандырылған іс әрекетте мамандарға қажет ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу негіздерінің компьютерлік әдістері;

4. алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері;

5. Жаңа компьютерлік технологиялар;

6. қолданбалы бағдарламада пакетті қолдану мысалдары;

7. ЭЕМ көмегімен медико-биологиялық ақпараттарды өңдеу мысалдары;

8. халық денсаулығын ақпараттық талдау және негізгі жинау әдістері. (регион, өндірістік коллективтер, балалар орны).

· Студент орындай білуі керек:

1. жұмыста компьютерді іске қосу;

2. жаңа технологиялармен жұмыс жасау;

3. медико-биологиялық есептерді шешу үшін қарапайым алгоритмін құру;

4. медико-биологиялық мазмұнды есептерді шешу үшін қарапайым бағдарламаларды жазу;

5. стандартты және қолданбалы бағдарламалармен жұмыс.

·  Студент жетік білуі керек:

1. компьютермен жұмыс, қолданбалы бағдарламаларды қолдану;

2. Internet ресурсын пайдалану;

3. статистикалық әдістерді талдауда қолдану;

4. «Электрондық үкіметтің» электронды қызмет көрсетулерін қолдану;

5. телемедицинаны және басқа коммуникациялық технологияларды қолдану.

5. Реквизитке дейінгі: Пән бойынша білімін тиімді жетілдіру үшін информатика, физика, математика пәндерінің базалық мектеп курсын жетік білуі қажет.

Реквизиттен кейінгі: Көптеген пәндерді оқығанда информатика негізін қолдану, мысалы «Биостатистика», «Жалпы гигиена», «Медицинадағы ақпараттық технология».

 

6. Пәннің қысқаша мазмұны:Информатика ғылым мен технологияның бірлігі ретінде. Қазіргі информатиканың құрылымы. Ақпарат, оныѕ түрлері мен қасиеті. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен операция жасау. Булева алгебрасы. Графалармен тармақтар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: фон Нейман принципі, басқарушы құрылғы, команда жүїйелері мен команда типтері. Енгізу- шығару жəне үзу. Компьютер жады құрылєысы. Енгізу-шығару құрылғысы. Тапсырмаларды шешу жəне шешімдерді іздеу стратегиясы. Алгоритмдердің, алгоритмдерді жүзеге асырудың  ұжырымдамасы мен қасиеттері. Блок-схемалар алгоритмдерді графикалық жүзеге асыру құралы. Соңғы автоматтар. Тьюринг машинасы жəне Пост машинасы. Бағдарламалаудың негізгі конструкциялары. қазіргі қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Ақпаратты іѕдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Дерекқорды басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымша. Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамалары. Желілер жəне телекоммуникация. Web-қосымшаларды əзірлеу технологиясы. Ақпараттық қауіпсіздік жəне оның құрамдас бөліктері. Вирусқа қарсы бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технология. «Электрондық үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-процесстерді құру жəне талдау технологиясы. Техникалық тапсырмаларды əзірлеу қағидаттары. «E-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту əдістері. «E-Learning» негізгі компоненттері. Білімді бағалау əдістемелері. «E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технологиясы.

7. Сабақтардың тақырыптық жоспары(дәріс, мұғалімнің жетекшілігімен өз бетімен* практикалық \ лабораторялық, тақырыптар, өткізу формасы және жалғасы, консультация уақыты, шекаралық және бақылау жұмыстары).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.