10 балл | Білімалушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша оқу материалын терең, жан-жақты және жүйелі білетінін көрсетеді, заманауи ғылым теорияларында, оқытылатын пәннің концепциялары мен бағыттарында білімі бар, оларға критикалық баға бере алады, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданады, өз көзқарасын жеңіл білдіре алады. Оқытушының жетектеуші сұрақтарынсыз толық, дұрыс жауаптар береді, негізгі терминдерді жеңіл және саналы қолданады; пререквезиттер мен постреквезиттер материалдары арасындағы логикалық байланысты көрсете алады; оқу-бағдарлама материалын қолдану, түсіну және мазмұндауда шығармашылық қабілеттерін көрсетеді; тәжірибелік дағдыларды қателерсіз орындайды, зерттеу нәтижелерін пайымдайды, сараптайды және дәлелді қорытынды жасайды. |
5 балл | Білімалушы сабақта тақырыбын талқылау барысында сирек қатысады, тақырыптың жалпы мазмұнын біледі, материалды терең түсінбейді, материал жүйесіндеүлкен қиындықтар туындайды, өз ойын логикалық негіздей алмайды, алдыңғы оқыған сабақтарының әлсіз деңгейі бойынша берілген материалды әлсіз деңгейде меңгергенін көрсетеді, тек негізгі әдебиеттерді қолданады, бірақ толық көлемде емес. Жауаптары толық емес, қарапайым қателіктерден тұрады, оның жартысы оқытушының көмегімен түзетіледі.Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын толық көлемде білмейді; орындалған тәжірибелік дағдылардың нәтижесі бойынша өздігінен сараптай және қорытындылай алмайды. |
0 балл | Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау кезінде белсенді емес; сұрақтарға жауап беру кезінде білімалушы тақырып бойынша білімнің толық емес екендігін көрсетті; сабақ тақырыбы бойынша әдебиеттерді білмейді; талдау мен синтездеудің операцияларды, жалпыламаны, қорытындыны жүргізе алмайды ; жауаптан бас тартады. |
Жағдайлық есебті бағалау критерийлері
АБ жағдайлық есебін шешу |
Балл
балл | Білімалушы берген жауабының нақты тұжырымдамасын береді; есептің шешу жолын түсіндіреді; теория мен тәжірибені тығыз байланыстырады; есепті шешу үшін қажетті барлық көрсеткіштерді пайымдайды, жеткіліксіз болған жағдайда мәліметті өздігімен іздейді; талқылау барысында басқа пәндер бойынша ғылыми жетістіктерін қолданады; есепті ресімдеудің нақты құрылымы бар; жоғары дәрежелі қиындықтағы есептерді шешеді. |
балл | Білімалушы сабақта жағдайлық есептердің сұрақтарына дұрыс жауап береді, бірақ оны түсіндіру барысы толық,реттілік жоқ,қателіктермен және әлсіз теоритикалық түсіндірумен;шешу әрекеттерінің реті қалыпты емес; логикалық реттілігі бұзылған;есепті шешу құрылымы сақталмаған;жеңіл дәрежедегі есепті қиындықпен шешеді. |
0 балл | Жағдайлық есепті шешуідұрыс емес, жүйесіз, дөрекі қателіктермен жүргізіледі; есептің орындалу барысын түсіндіре алмайды; есепті рәсімдеу құрылымдалмаған; есепті шешімі сәйкес келмейді немесе мүлдем жоқ. |
АБ тестілеуі - 10 балл (бір нұсқада 10 сұрақ болады).
Модульді бағалау ҚБ формуласы: РРБ-60%; ҚББ-40%; мұнда РРБ- рейтингқа рұқсат баға, ол осылай есептеледі: егер екі блок болса, онда (АБ1)+(АБ2)/2; ҚҚБ-қорытынды бақылау баға-экзаменнің 1 және 2 кезеңдердің орта бағасы: ҚҚБ1 билеттер бойынша ауызша сурау және ҚҚБ2 –Объективті құрылымдық тәжірибелік емтихан (ОҚТЕ) жағдайлық есептерді шешу.
3.2 Академиялық адалдық саясаты:Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (2019 ж) бойынша анықталады.
Академиялық адалдық принциптері:
1. адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;
2. автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;
3. ашықтық –айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;
4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;
5. теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Академиялық адалдықты бұзу түрлері.
1. Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыру).
2. Плагиат (басқа бір адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі деп көрсету, сондай-ақ біреудің туындысын өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу).
3. Көшіріп жазу (ағымдық, межелік және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау процесінде бағаланатын жұмыстарды орындағанда пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).
4. Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру, жалған құжаттар, жалған медициналық анықтама ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қол жеткізу; жалған оқу құжаттарын, жалған деректер мен есеп нәтижелерін жасау, электрондық және қағаз транскриптінде жалған бағалар және жалған қол қою, барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттардағы және т. б. құжаттардағы бағаларды түзету).
5. Бағаланатын жұмыстарды орындағанда, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейнежазба немесе аудиожазба.
6. Жасыру (жұмыстың жосықсыз орындалуы туралы немесе осы Кодекстің нормаларын және Университеттің ішкі ережелерін білім беру процесіне қатысушылардың сақтамауы туралы ақпаратты хабарламау немесе дер кезінде жеткізбеу).
7. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және оны тарату – емтихан немесе бақылау жұмыстарының жауаптарын беру; бағалау кезінде қойылатын сұрақтарды білім алушыларға жеткізу, тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстардың жартылай немесе толық материалын тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмалар мен басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдана отырып, заңсыз жолдармен бағаланатын жұмыстың жауаптарын ұрлау.
8. Сабақта және қорытынды бақылауда тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану;
9. Пара беру немесе пара алумен байланысты әрекеттер жасау (сыйлық беру, кез келген түрде сыйақы беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінде делдал болу).
4. Сағаттарды бөлу
№ | Пәннің аталуы/модульге бөлу | Жалпы сағат саны | Аудиториялық сағаттар | СӨЖ | Қортынды бақылаудың түрі | |
Дәріс | Практикалық сабақтар | |||||
Ортопедиялық стоматологиядағы тексеру әдістері | Емтихан: 1. Ауызша билет бойынша 2. (ОКҚЕ) (ситуациялық есептер бойынша) | |||||
Тіс және тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу әдістері |
5. Оқытудың нәтижелері
ОН 1 | Тұрғылықты халық денсаулығын қорғау аясында базалық категориядағы күрделілікте алғы ғылыми және кәсіби білімін көрсетеді |
ОН 2 | Тұрғылықты халық денсаулығын қорғауды қатмамасыз ету үшін тиісті кәсіби сала аясы бойынша жаңа қолданбалы білімді меңгеруге қабілетті |
ОН 3 | Тұрғылықты халық денсаулығын қорғау аясында базалық категория күрделілігі мәселесін түсінеді |
ОН 4 | Базалық категория күрделілігі бар және жинақталған кәсіби ақпаратын сараптайды. Денсаулық сақтау аясындағы сол немесе басқаларды дамыту үшін қажетті ақпараттар көзін анықтайды |
ОН 5 | Денсаулық сақтау аясындағы сол немесе басқаларды дамыту мақсатында мақсаттармен және әдістерді таңдаумен және оның жетістігіне жету құралдарымен қамтамасыз етеді. |
ОН 6 | Тұрғылықты халыққа, маман еместерге және медициналық қызметкерлерге тиімді кәсіби мақсаттарды оырндау үшін шешімдерді, мәселелерді және ақпараттарды хабарлайды. |
ОН 7 | Өзінің кәсіби қызметі аясында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға қабілетті |
ОН 8 | Кәсіби және өзіндік оқуы және жетілуі үшін білімін, емтілігін, дағдыларын қолданады. |
6. Модульдің/пәннің мақсаты -тістің қатты тіндері зақымданған, тіс қатарының ақаулары және пародонт аурулары бар науқастарға көмек көрсету үшін ортопедиялық стоматология негіздері бойынша білім мен тәжірбиелік дағдыларды қалыптастыру.
7. Оқытудың соңғы нәтижелері
А. Білу және түсіну: (ӘК1 ); (ӘК 6)
• пародонт ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;
• тістердің аса қажалуының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;
• тіс қатары деформациясының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;
• жақсүйектерінің сынуының, жақсүйектерінің операциядан кейінгі ақауларының, таңдай ақауларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;
• жақ-бет аймағы ақауларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;
• тістердің, тіс қатарының, жақсүйектерінің аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагнсотикасы, ортопедиялық емдеу әдістерін;
• СТЖБ ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістерін;
• соғыс және бейбіт өмір кезінде әскери қызметкерлерге ортопедиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру;
• винирлермен, салмалармен, штифті тістермен, жасанды сауыттармен, көпірлі протездермен, жартылай алынбалы пластиналы, доғалы протездермен ортопедиялық емдеу кезіндегі қателіктер мен асқынулар, оларды жою және емдеу әдістері;
• тіс протездерінің материалдары мен протездер конструкцияларының организм мен шайнау аппаратына әсер ету механизмі, олардың диагностикасы, емдеу әдістері;
• имплантацияға көрсеткіштер және кейінгі ортопедиялық емдеу әдістемелері;
• тіс- жақсүйек жүйесінің аралас патологиясы, ортопедиялық емдеу әдістері;
· ҚР, әлеуметтік ғылым және қоғамдық денсаулық сақтау жүйелер ұйымының заңнама негіздерін білу;
· Кәсіби және жеке өсуге талпыну.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу: (ӘК3 ); (КК 3) ; (КК 5) ; (КК 6)
• науқасты тексерудің негізгі жаңа клиникалық-зертханалық және аспаптық әдістерін таңдау;
• науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа да медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнату;
• топта жұмыс істеу;
· Ауыр асқынуларды немесе өлім (жүйке, иммундық, жүрек-қантамырлары, эндокриндік, тыныс алу, асқорыту, несеп-жыныс жүйелері мен қан ауруларының ерекшеліктері) тудыруға қабілетті нозологиялық формалардың белгілі бір тобының емделушілері арасында стоматологиялық аурулар кезінде негізгі емдеу іс-шараларын орындау қабілеті мен дайындығына ие болу; ағзалар мен жүйелердің өмірге қауіпті бұзылуларын уақытылы анықтау, оларды дереу жою әдістерін пайдалану, шокқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
· Стоматологиялық науқастарға қойылған диагнозға сәйкес адекватты ем тағаындау қабілеті мен дайындығына ие болу, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен ауратын науқастарға бейінді стоматологиялық науқастар ретінде медикаментозды және медикаментозды емес терапияны таңдау алгоритмін жүзеге асыру, жүктілікті жүргізу, босануды қабылдау;
· Денсаулық сақтауда қабылданған нормативтік құжаттаманы, сондай-ақ жалпы практика стоматологиясы бойынша медициналық ұйымдар жұмысының сапасы мен тиімділігін бағалау үшін құжаттаманы пайдалану қабілеті мен дайындығына ие болу;
· Стоматологиялық қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы, медициналық көмек көрсету бойынша әртүрлі үлгідегі медициналық ұйымдардың басқарушылық және экономикалық қызметі, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (стоматологиялық қабинет, стоматологиялық бөлімше, стоматологиялық емхана) жұмыс көрсеткіштерін талдау,стоматологиялық аурулармен ауратын науқастарға медициналық қызмет көрсету кезінде қазіргі заманғы медициналық – ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық технологиялардың тиімділігін бағалауды жүргізу қабілеті мен дайындығына ие болу;
· Халықтың денсаулығын жақсарту және сақтау жөніндегі ғылыми шараларды әзірлеу мақсатында медициналық ұйымдардың әртүрлі бөлімшелері деңгейінде халықтың ( ересек халық пен жасөспірімдер) денсаулық көрсеткіштері туралы ақпаратты жинау мен медициналық – статистикалық талдаудың қазіргі заманғы гигиеналық әдістемесін қолдану қабілеті мен дайындығына ие болу;
· Стоматологиялық ауруларды дамытуда табиғи және медициналық-әлеуметтік факторларды бағалау әдістерін қолдана білу, оларды түзету, инфекциялық, паразиттік және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, гигиеналық мәселелер бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
С. Пікірін білдіру: (ӘК2 )
• медициналық құжаттарды толтыру;
• әртүрлі ортопедиялық құрылымдармен одонтопрепарирлеу;
• әртүрлі қалыптық материалдармен қалып алу.
D. Коммуникативтік қабілеттілігі: (ӘК2 ); (ӘК3 )
· Пән аралық топтарда жұмыс істей білу;
· Өзінің зерттеулерін және әдебиеттергі ізденісінің нәтижесін мамандарға және де басқа адамдарға жеткізе білу;
· Мамандар ортасында, сонымен қатар халық арасында дәл демографиялық, статистикалық, ғылыми және ұйымдастырушылық сұрақтарды тиімді таныстыру;
· Адеватты және адекватты емес, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас компоненттерін ажырата білу;
· Медициналық жұмысшының кәсіби компетенциясының негізгі психологиялық аспектілерін анықтай білу;
· Науқастармен, оның жанұясымен және достарымен серіктестік қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау, науқаспен қалыпты қарым-қатынас деңгейінде қатынасты орнату қабілетіне ие болу;
· Өзара түсіністікке қол жеткізу және серіктестерге әсер ету үшін ауызша және жазбаша, стилистикалық және басқа құралдарды қолдана білу (коммуникабельділік).
Е. Оқуға қабілеттілігі: (ӘК5 ); (ӘК4 );
• Жаңа ғылыми мәселелерді өз бетімен зерттей білу;
• Шет тілінде өтетін конкурстарға қатысу арқылы шет тілдерін жетік меңгеруге, яғни шетел ЖОО-ларында және зерттеу орталықтарында кредиттерді таңу және алмасу бағдарламалары бойынша шетелде оқу.
• Ашылған жаңалықтардан және әдістерден хабардар болу мүмкіндігін пайдалану, сонымен қатар оларды қолдану туралы кәсіпті түрде кеңес бере білу;
Жоғарғы дәрежеде автономды түрде жұмыс істей білу және тіпті проектілерді жоспарлау кезінде жауапкершілікті өз мойынына ала білу;
· Жаңа технологиялар мен ем-шараларды зерттеу, есте сақтау және қолдану;
· Мәселені шешу және шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпаратты іздеуді жүзеге асыру;
· Әртүрлі көзқарастармен жағдайды талдау, фактілерді тексеру және кеңес алу;
· Жұмыстағы барлық техникалық аспектілерде сәйкес білім, дағды және ем-шараларды қолдану;
· Әртүрлі ақпарат көздерінен мәліметтерді табу және талдау;
· Медициналық негіздерді пайдалана отырып, пациенттерде стоматологиялық аурулардың негізгі патологиялық симптомдары мен синдромдарын анықтау қабілеті мен дайындығына ие болу – ағза, жүйелер және жалпы ағза бойынша патология ағымының заңдарын ескере отырып, биологиялық және клиникалық пәндерді оқыту, стоматологиялық аурулар мен патологиялық үдерістер кезінде ағзалар мен жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын талдау, аурулардың халықаралық статистикалық жіктелуін және денсаулыққа байланысты проблемаларды ескере отырып диагноз қою алгоритмін (негізгі, ілеспелі асқынулар) пайдалану, тіс-жақ патологиясы кезінде шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларды анықтау бойынша негізгі диагностикалық іс- шараларды жүргізу.
8. Пререквизиттер Стоматологиядағы фантомды курс, Стоматология аурулардың алдың алу, Тістің қатты тіндерінің тісжегі және тісжегі емес зақымдалуы.
9. Постреквизиттер Балалар жасындағы стоматология, Терапиялық стоматология, Хирургиялық стоматология, Ортопедиялық стоматология, Ортодонтия.
10. Тақырыптық жоспар
10.1 Дәрістің тақырыптық жоспары
№ |
Дәрістің тақырыбы
Модульдің 1 компоненті Ортопедиялық стоматологиядағы тексеру әдістері
Дәріс мультимедиялық деректер базасын, компьютерлік үлгілер мен бағдарламаларды және «кері байланысты» - лектордың сұрақтары және студенттердің жауаптарын қолдана отырып өткізілетін шолу тақырыптық дәрістер.
Модульдің 2 компоненті Тіс және тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу әдістері
Дәріс мультимедиялық деректер базасын, компьютерлік үлгілер мен бағдарламаларды және «кері байланысты» - лектордың сұрақтары және студенттердің жауаптарын қолдана отырып өткізілетін шолу тақырыптық дәрістер. пән аралық интеграцияленген дәріс.
Дәріс мультимедиялық деректер базасын, компьютерлік үлгілер мен бағдарламаларды және «кері байланысты» - лектордың сұрақтары және студенттердің жауаптарын қолдана отырып өткізілетін шолу тақырыптық дәрістер.
10.2 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары:
№ | Практикалық сабақтың тақырыптары | Тақырыптың негізгі сұрақтары |
Өткізу түрі | Сағат | |
Модульдің 1 компоненті Ортопедиялық стоматологиядағы тексеру әдістері | |||||
Ортопедиялық стоматология кабинетін ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматологияда медициналық мақсаттағы бұйымдарды залалсыздандыру және дезинфекциялау. | 1. Стоматологиялық емхананың құрылымы. 2. Ортопедиялық бөлім: дәрігерлік кабинеттер мен тіс техникалық зертхана. 3. Клиникада және зертханада қолданылатын техникалық қауіпсіздік. 4. Ортопедиялық кабинеттің жұмыс тәртібі. 5. Қазіргі заманғы құрылымдар мен олардың жабдықталуы. 6. Тіс дәрігерінің кабинеті мен тіс техникалық зертханаға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. 7. Клиникада және зертханада қолданылатын залалсыздандыру жүйесі. 8. Медициналық материалдар, аспаптар, қондырғылар | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Дәрігердің жұмыс орнындағы этика, деонтология, эргономика, медициналық құжаттама. | 1. Ортопедиялық науқастарды тексерудің маңызы мен мақсаты. 2. Анамнез – науқасты тексерудің алғашқы кезеңі, оның маңызы. 3. Тексерудің негізгі әдістері. 4. Тексерудің субъективті әдістері. 5. Тексерудің объективті әдістері. 6. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы этика мен деонтология. 7. Эргономика, оның маңызы. Стоматолог-дәрігердің ауыз қуысын қараудағы орналасу позициясы. 8. Медициналық құжаттар, олардың маңызы (стоматологиялық науқастың амбулаториялық картасы, науқастарды қабылдауды күнделікті тіркеу парағы, есеп-қисап құжаттары, олардың маңызы). | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Науқасты тексерудің клиникалық әдістері. Диагноз және оның негіздемесі. Тіс қатарының ақауларын жіктеу. Науқасты тексерудің қосымша әдістері. | 1. Тістердің, самай-төменгі жақ буынының анатомиялық құрылысының ерекшеліктері. 2. Тістерді, тіс қатарларын, жақтарды тексеру әдістері. 3. Самай-төменгі жақ буындарын тексеру әдістері. 4. Тістердің, тіс қатарларының жағдайын бағалау. 5. Инструментальдық тексеру әдістері (перкуссия, зондпен тексеру, сипап қарау). 6. Тіс-жақ жүйесін қосымша тексеру әдістері. 7. Рентгенологиялық тексеру әдістері, түрлері, тағайындалуы,тәсілдері. 8. Аппараттық тексеру әдістері (термометрия, электрометрия). 9. Диагностикалық тестілер (беттің төменгі бөлігінің антропометриясы, өлшеу әдістері). 10. Функционалдық шайнау сынамалары. 11. Шайнайтын бұлшықеттердің қызметін зерттеу. | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Тісті егеу кезінде ауырсынуды басуға арналған көрсетілімдер. жансыздандыру, асқынулардың алдын алу. | 1. Тіс егеу кезіндегі жансыздандыру көрсеткіштері. 2. Соматикалық аурулар болғанда қолданылатын жансыздандыратын дәрілердің түрлері. 3. Тісті егеу кезіндегі жалпы жансыздандыру көрсеткіштері. 4. Жоғарғы жақ фронталды тістерді егеу кезінде жансыздандыру тәсілдері, оның түрлері. 5. Жоғарғы жақ шайнау тістерді егеу кезінде жансыздандыру тәсілдері, оның түрлері. 6. Төменгі жақ алдыңғы тістерді егеу кезінде жансыздандыру тәсілдері, оның түрлері. 7. Төменгі жақ шайнау тістерді егеу кезінде жансыздандыру тәсілдері, оның түрлері. 8. Жоғарғы жақ эәне төменгі жақ тістерді жансыздандырғанда болуы мүмкін жергілікті асқынулар және олардың алдын алу. 9. Асқынуларды алдын алу. | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Ауыз қуысын протездеуге дайындау. Аралық бақылау | 1. Ортопедиялық емдеудің жоспары мен міндеттері. 2. Пациентті протездеуге психологиялық дайындау. 3. Ауыз қуысын протездеуге терапевтік дайындау. 4. Ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындау. 5. Ауыз қуысын протездеуге ортодонттық дайындау. 6. Ауыз қуысын протездеуге ортопедиялық дайындау. | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. TBL топтық бағытталған оқыту әдісі. | |||
Барлық сағат: | |||||
Модульдің 2 компоненті Тіс және тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу әдістері | |||||
Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуы, клиникасы, диагностикасы, емі. Науқастарды тексеру ерекшеліктері. | 1. Тістің қатты тіндерінің ультрақұрылымы, олардың минералдану үрдісі. 2. Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуының этиологиясы, патогенезі. 3. Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуының клиникасы және диагностикасы. 4. В.Ю. Миликевич бойынша ТОББИ (ИРОПЗ), оны анықтау әдістері, тіс сауытының бұзылысын қалпына келтіретін құрылымын таңдау кезіндегі мәні. 5. Д.Н.Цитрин, Я.О.Шапиро, Блек бойынша салма үшін клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуының жіктелуі. 6. Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуы кезіндегі негізгі және қосымша зерттеу әдістері, оларды жүргізу әдістемесі. 7. Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуында салмамен ортопедиялық емдеу. 8. Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуында сауыттармен ортопедиялық емдеу. 9. Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуында осы заманғы ортопедиялық құрылымдармен емдеу. 10. Клиникалық тіс сауытының жартылай бұзылуында ем жүргізу барысында қолданылатын осы заманғы қалып алатын заттар. | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Тістің қатты тіндерінің патологиясын салмалармен емдеу және тісті егеу әдісі. Клиникалық кезеңдердің ерекшеліктері | 1. Тістер және тіс қатарлары, тіс аралық түйісу пунктері: олардың бұзылыстарын қалпына келтіру әдістері. Аболмасов А.А. Клюев Б.С бойынша тістердің қауіпсіздік аймақтары. 2. Тістің қатты тіндерінің патологиясын салмамен емдеуге көрсеткіштер. Блек бойынша тісжегі куыстарының жіктелулері. 3. Салма үшін тісжегі қуыстарын егеп дайындаудың негізгі принциптері. 4. Салма үшін тісті егеп дайындаудың әдістері (1, 2, 3, 4, 5 класс тісжегі куыстарын дайындау) 5. Әртүрлі технология бойынша салмаларды дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері. | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Винирлерді дайындаудың тура және жанама әдістері, егеу және бекіту ерекшеліктері. | 1. Тістің сауыт бөлігі ақауының жіктемесі, этиологиясы, топографиясы, бұзылу сатысы. 2. Тістің қатты тіндерінің патологиясын винирлермен емдеуге көрсеткіштер, қазіргі заманғы винирлерге арналған материалдар. 3. Винирлерлі конструкция таңдағанда жүргізілетін негізгі зертеу әдістері. 4. Винирлерлі конструкция таңдағанда жүргізілетін қосымша зертеу әдістері. 5. Адгезивті керамикалық винирлер, тіс егеу әдістері. 6. Винирлерге арналған Targis бойынша негізгі қаңқасы жоқ сауыттар. 7. «VENEER» технологиясымен жасалған шыныкерамикалық жапсырма. 8. «Голливудті винирлер», олардың дәстүрлі винирлерден айырмашылықтары 9. «VITA» түс түрлерінің үйлесімі бойынша винирдің түсін анықтау әдістері. 10. Винирлерді әртүрлі технология жасау бойынша клиника-зертханалық кезеңдері (Cerec системасы). | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Тіс сауытының толық болмауы. Штифті құрылымдар. Клиникалық кезеңдердің ерекшеліктері. Ортопедиялық стоматологияда CAD/CAM технологияларының көмегімен тіс протездерін дайындау. | 1. Тістің қатты тіндерінің патологиясын штифтті тістермен емдеуге көрсеткіштер, штифтті тістердің түрлері. Штифтерге арнап түбір өзектерін егеу әдісі. 2. Копейкин В.Н. бойынша штифтті тісті дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері. 3. Ричмонд бойынша штифтті тісті дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері. 4. Ильина-Маркосян И. бойынша штифтті тісті дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері. 5. Логан бойынша штифті фарфорлы сауытты дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері. 6. CAD/CAM технологиясын сипаттау. 7. CAD/CAM жүйелерінің түрлері. 8. CAD/CAM технологиясы арқылы тіс протездерін жасау кезеңдері. 9. CAD / CAM технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері. 10. CAD/CAM технологиясы арқылы тіс протездерін жасау үшін қолданылатын материалдар. 11. Металсыз жүйені протездеуге көрсеткіштер. 12. Тістерді металлсыз конструкцияға одонтопрепарирлеу. 13. E max технологиясы (дайындау кезеңдері). 14. E max металлсыз жүйесінің артықшылықтары 15. Targis-Vectris жүйесі (дайындау кезеңдері). 16. IPS Impress (дайындау кезеңдері). | ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, дискуссиялар, шағын топтарда жұмыс және презентациялар, тест тапсырмаларын шешу, іскерлік ойындар, пациенттердің клиникалық жағдайлары талдап, қабылдау. | |||
Тіс сауытының ақауларын жасанды сауытпен протездеу (металл, пластмасса, металдыкерамикалық). Клиникалық кезеңдердің ерекшеліктері. | 1. Штампталған металл сауытына көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, В.Ю.Миликевич бойынша ТОББИ (ИРОПЗ).
2. Штампталған сауыттарға арналған металл құймалары.
3. Штампталған металл, пластмасса, металдыкерамикалық сауытына арнап тіс сауыт бөлігін егеу әдісі.
4. Кли
|
||||
|