Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ауызша сұрауды бағалау критерийлері



 

 

                                                      

 

Силлабус

 

 

Модуль  «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»  

 

Мамандық 5B130200 «Стоматология»

                                     

Дәрістер 10 сағат

 

Практикалық сабақтар  65 сағат

 

БӨЖ 75 сағат    

 

Барлығы 5 кредит / 150 сағат

 

Курс 4

 

 

 

 

Нур-Султан 2019 ж.

1.Оқытушылар туралы мәлімет:

 

Аты-жөні дәрежесі/ лауазымы Телефоны, электронді адрес
Алдабергенова Тауржан Калибековна доцент, медицина ғылымдарының кандидаты Телефон: 444-206; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz
Койшыманов Адильбек Бейсенович ассистент Телефон: 444-206; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz
Адильбеков Абилькасым Адильбекович ассистент Телефон: 444-206; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz
Жилкибаева Жанна Бопановна ассистент Телефон: 444-206; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz
  Пшембаева Роза Кенжебаевна  ассистент Телефон: 444-206; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz
Мусин Бауржан Аяшевич ассистент Телефон: 444-206; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz
Айтжанова Асель Жанбулатовна ассистент Телефон: 444-206; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz
       
       

2. Байланыс ақпараты:кафедра «Астана медицина университеті» КеАҚ Нур-Султан қаласы., Сары-арқа көшесі., 33 үйде орналасқан 3-4 қабаттарындағы 419, 423 кабинеттерде орналасқан. телефоны: +7 (7172) 44-42-06; электрондық адресі: kaf.ort.stom@amu.kz

3. Модуль/пән саясаты:

«Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы» пәнін оқу барысында оқушы барлық дәрістерге және тәжірибелік сабақтарға қатысуға, барлық СӨЖ тапсырмаларын орындауға міндетті.

Білімалушы дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға кешікпей келуге міндетті.

Бірінші рет 15 минутқа дейін кешіккен жағдайдаескерту жасалып сабаққа жіберіледі. Қайтадан кешіккен жағдайда тағы да ескерту жасалады. Үшінші рет кешіккен жағдайда журналға «жок» деп белгіленіп, кейіннен ол тек қана себепсіз жағдайдағы рұқсат қағазы болған кезде ғана сабақ қайта өтеледі.

15 минуттан көп уақытқа кешіккендер сабаққа жіберіледі, бірақ журналға «жоқ» қойылып, кейіннен ол тек қана себепсіз жағдайдағы рұқсат қағазы болған кезде ғана сабақ қайта өтеледі.

 

Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім ұсынған негізгі және қосымша әдебиеттерге сүйене отырып дайындалу керек. Түсініксіз сұрақтар болған жағдайда оны сабақтың басында талқылау қажет.

Сабақ кезінде оқу тәртібін, университеттің оқу корпусында өзін ұстау ережелерін қатаң сақтау керек. Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттен (сыныптық, емдік) шығуға тыйым салынады. Сұранусыз кетіп қалған жағдайда мұғалімнің журналға «жоқ» қоюға құқығы бар.

Емдік бөлмеде жұмыс жасау кезінде асептика және антисептика, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Стоматологиялық науқасты қабылдау мұғалімнің бақылауымен жүргізілуі керек. Стоматологиялық науқасты қабылдау кезінде зергерлік бұйымдарды шешіп, қолғаппен жұмыс жасау керек.

Мұғалімдермен қарым-қатынас кезінде, бөлмедегі медицинкалық қызметкермен, науқаспен, сонымен қатар оқушытер өзарасында субординацияны, этика және деонтология ережелерін сақтау керек.

Білімалушы науқасты қабылдап болған соң өзінің жұмыс орнын жинастырып кету керек.(мейірбикеге қолданылған инструменттерді стерилизациялау үшін беру керек, түкіргішті жинау, стоматологиялық қондарғыны, ұштықтарды, дәрігер-стоматологтың жұмыс үстелін дезинфекциялық ертіндімен сүрту, стоматологиялық материалдар мен аппараттарды орнына қою.)

Себепті немесе себепсіз жағдайлармен сабақтарды өткізіп алған жағдайда оқушы сабақты қайта өтеуге рұқсат сұрап, өтеу міндетті.

Себепті жағдаймен өткізіліп алынған дәрістер өтеу кестесі бойынша өтеледі. Өткізіліп алынған дәрістер тақырыбы бойынша сонғы 5 жылда шыққан кем дегенде 5 әдебиет көзі көрсетілген 5-10 беттік реферат (презентация 15-20 слайд)дайындалып, мұғалімнің графигі бойынша қорғалады және жұмыс қағазға шығарылған түрде және электронды түрде тапсырылады.

Себепсіз жіберілген дәрістер міндетті түрде өтеу қажет. Сепебсіз қатыспаған дәрістерді өтеуге болады, бірақ педагогикалық және электронды журналға «жоқ» белгісі өзгертілмейді, өтелген дәрістер өтем сабақ журналына жазылады. Қорытынды бақылау (емтихан) алдында есептелінетін жалпы жіберу рейтинг бағасыавтоматты түрде өтелмей жіберілген дәрістер санына пропорционалды төмендетіледі. 

Себепсіз жағдаймен өткізіліп алынған дәріс есебінен (1 сағат дәріс) ОРД-дан пән бойынша 1 балл алынып тасталынады. Мысалы: оқушыте ОРД -90 балл болса, бірақ себепсіз жағдаймен 12 сағат дәріс өткізіліп алынса, онда нәтижесінде ОРД (90-12=78 балл).

Себепті жағдаймен өткізіліп алынған әрбір тәжірибелік сабақ блок ішінде деканаттан рұқсат қағазы болған жағдайда қайта өтеледі.

Білімалушы өткізіліп алынған сабақты қайта өтеу үшін тақырып бойынша дайындалуы керек, мұғалімге ауызша немесе жазбаша түрде жауап беріп, сабақтың тәжірибелік бөлімін орындау керек. Егер оң баға алса («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттандырарлық») сабақ қайта өтелді деп танылады. Егер сабақ себепті жағдаймен өткізіліп алынған болып, кейіннен қайта өтелетін болса, онда журналдағы «жоқ» дөңгелектелініп, қайта өтелгеннін бағасы қойылады. Егер сабақ себепсіз жағдаймен өткізіліп алынған болып, кейіннен қайта өтелетін болса, онда журналдағы «жоқ» дөңгелектелініп, сабақ үшін «0» қойылады, егер қайта өтелмесе қорытынды бақылауға жіберілмейді.

Толық медициналық форма міндетті түрде болуы керек. (халат, бас киім, екінші аяқкиім)

Сабаққа сай емес түрде қатысқаны үшін (жиналмаған шаш, арнайы киімнің, екінші аяқкиімнің жоқтығы, өшірілмеген ұялы телефон ж.т.б.) мұғалім сабақ бағасын 5 тен 10 баллға дейін кемітуге құқығы бар.

БӨЖ сағаты оқу жоспары бойынша жеке оқу кезінен тыс өтеледі. Кафедра бекіткен формада, күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша өткізіледі.

Аралық бақылауға (коллоквиумға) тәжірибелік сабақтан қалмаған жағдайда жіберіледі. Аралық бақылаудан «қанағаттандырарлықсыз» баға алған жағдайда, қайта тапсыруға жіберілмейді.

Күздік және көктемдік семестрдің циклдік сабақ соңында ОРД есептеледі, ол дәріске және тәжірибелік сабақтарға қатысуы, БӨЖ тапсырмасы, сабақ кезінде, аралық бақылау, БӨЖ бойынша алған бағалар қосылып есептеледі. Өткізіліп алынған, қайта өтелмеген дәрістер болған жағдайда рейтингтен 3% әрбір қайта өтелмеген дәріс үшін алынып тасталады. Өткізіліп алынған, қайта өтелмеген дәрістер 50%-дан асып кетсе, рейтинг саналмайды және қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Егер білімалушының модулі бойынша, жіберу рейтинг бағасы 50 баллдан жоғары болса, бірақ себепті және себепсіз салдарынан жіберілген сабақтары (дәрістері, тәжірибелік сабақтары, БӨЖ), өтелген болса, ол қорытынды бақылауға жіберіледі. Білімалушы, модуль бойынша ЖРП (ОРД) 50 баллдан жоғары, бірақ себепті және себепсіз салдарынан жіберілген сабақтары (дәрістері, тәжірибелік сабақтары, БӨЖ) өтелмеген жағдайда ол қорытынды бақылауға жіберілмейді.

Жіберілген дәрістер мен тәжірбиелік сабақтан өтілмеген «ж/б» бар студент аралық бақылау мен қорытынды бақылауға жіберілмейді.

ЖРП санндарды дөңгелектеу ережесі бойынша дөңгелектенеді: егер бөлшек саны 5-ке тең немесе одан артық болса, алдыңғы сан 1 санға артады, ал егер 5-тен кем болса өзгеріссіз қалады.

Қорытынды бақылаудың бағасы «қанағаттанырарлықсыз» болған жағдайда біріншілік қайта тапсырудысессия біткен соң 1(бір) жұманың (5 жұмыс күні) ішінде ақылы түрде тапсыруға рұқсат(қосымша 9).

Егер білім алушының қорытынды бақылауды біріншілік қайта тапсыру кезінде бағасы «қанағаттанырарлықсыз» болса, ол келесі оқу жылына 1 жұма қалғанға дейін ақылы түрдеекінші рет қайта тапсыруға құқылы.

Қорытынды бақылаудың 2 қайта тапсыруын қабылдау үшін комиссия құрылады.

ЖРП 0-ден 24-ке дейін ұпай алған білім алушылар пәнді қайта оқуға қақысыз оқу орнынан шығарылады.

ЖРП 25-тен 49-ға дейін ұпай алған білім алушылар тәжірибелік сабақтарды қайта өтеуге қақылы.

Пәннің емтиханының үш сұрағынан оқушы «0» балл алған жағдайда, емтихан қабылдаушы қосымша сұрақ қоймайды.

Үш рет «жоқ» болса, мәліметтер деканатқа жіберіледі.

Бағалау бөлім (блок) бойынша жүргізіледі.

Формативті бағалау.Бұл тәжірибелік сабақтың нәтижесі бойынша құрылымдық кері байланыс; студенттің дағдыларын тура бақылау, кіші топта жұмыс істеу; жағдайлық есептерді шешу, өткен материалды қайта қарап шығу; сұхбат; сауалнама жүргізу және т.б.

Жиынтық бағалау(немесе аралық бағалау) – бөлім бойынша қойылатын жалпы баға. Ол бөлімнің тақырыптарын меңгеруді: билет бойынша ауызша сұрап бақылау, жағдайлық есепті шешу, тестілеу, білім алушының өзіндік жұмысы. БӨЖ сұрақтары ауызша сұрақтарға, жағдайлық есептерге және тестілерге қосылады. Жалпы 100 балл. АС-50 балл; ЖЕШ-30 балл; Т-20 балл, мұнда АС – ауызша сұрау, ЖЕШ – жағдайлық есепті шешу, Т– тестілеу, БӨЖ – білім алушының өзіндік жұмысы. Жиынтық баға электронды журналға қойылады.

 

Ауызша сұрауды бағалау критерийлері

 

 

АБ ауызша сұрау


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.