Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пререквизиттер мен постреквизиттер



2. Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер   Қазақстан тарихы (мектеп бағдарламасы)          
Постреквизиттер   Ғылым философиясы және тарихы

3. Қысқаша сипаттамасы

Жаңартылған жалпы білім беру пәнінің «Философия» мазмұны студенттердің бойында сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға және дамытуға бағытталған.

Философияның қазіргі заманғы маман дайындау жүйесіндегі рөлі оның зерттеу объектісі - адам және оның табиғат пен қоғаммен арақатынасы - аркылы анықталады. Философия адамның көзқарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын қалыптастырады.

 

4. Мақсаты мен міндеттері

  «Философия» пәнін окытудың мақсаты: студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.

  «Философия» пәнін оқытудың міндеттері:

- қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;

- студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;

- ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.