Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпкер



Кәсіпкер

· өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға;

· мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға;

· заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға;

· заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға;

· заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;

· еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге;

· шаруашылық қызметтің бағдарламасын өз бетінше жасауға, жеткізушілер мен тұтынушыларды таңдауға, баға мен тарифтерді белгілеуге;

· банк мекемелерінде шоттар ашуға;

· есеп айырысу, несие, касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға; кәсіпкерлік қызметтен алынған, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы (табысты) еркін билеуге;

· мөлшеріне шек қойылмайтын кез келген жеке табыс алуға; мемлекет және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесін белгіленген тәртіппен пайдалануға;

· өзінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген мемлекет және басқа органдардың әрекеті жөнінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;

· заңнамада белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушы болуға;

· заңнамада белгіленген тәртіппен валюта операцияларын жүзеге асыруға құқылы.

 

Өзінің қызметін заңи тұлға құрмай жүзеге асырушы кәсіпкер өзінің осы қызметпен байланысты міндеттемелері бойынша заңнамаға сәйкес өндіріп алуға жатпайтын мүліктен басқа барлық мүлкімен жауап береді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.