Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пайдаланылған әдебиеттер



Қорытынды

Рөлдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рөлдерді оңтайландыру - тұлғаның қандай да бір жағдайды қиын қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және жеке басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғанатын тәсілдердің бірі. Оңтайландыру рөлдік қақтығыс шындығын көңіл қалағанымен қол жетпейтін рөлдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқылы жасырады.

Рөлдерді бөлу рөлдік шиеленісті рөлдердің бірін өмірден уақытша алып тастау және оны жеке адамның санасынан ажырату, бірақ сол рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауап ретінде әрекет етуін сақтап қалу жолымен төмендетеді.

Рөлдерді реттеу - формальді рәсім, оның көмегімен индивид қандай да бір рөлді орындау салдары үшін жеке жауапкершіліктен босатылады. Бұл ұйым мен қоғамдық ассоциациялардың теріс қабылданатын немесе әлеуметтік жағынан мақұлданбайтын рөлдер үшін жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойындарына алатынын білдіреді. Тәжірибеде бұл индивидтің белгілі бір жолмен әрекет етуіне ұйымның ықпалы болғанына сілтеме жасағаны сияқты көрінеді .

Адам өзінің мәртебесіне және тиісті рөлдеріне өзін әр түрлі деңгейде теңестіреді. Рөлімен ең көп үйлесуін рөлдік сәйкестендіру, ал орташа немесе ең аз үйлесуін - рөлден алшақтау деп атайды. Қоғам қандай да бір мәртебені қаншалықты жоғары бағаласа, сәйкестену дәрежесі де соншалықты күшті болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.М.Тажиннің ред.Социология. Т 1-2, Астана, 2004.

2. Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009.

3. А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.